Туризмнің экономикалық сала ретінде курстық жұмыс

ЖОСПАР

КІРІСПЕ…….3

І-Тарау. Туризмнің Тарихы және Экономикалық мәні
1.1. Туризм саласының шығу тегі және дамуы……..5
1.2 Туризмнің экономикалық сала ретіндегі мәні…..10
1.3 Қазақстандағы туризмнің дамуындағы негізгі мәселелері…..16

ІІ-Тарау. Туризмнің дамуының әсер етуші факторлары
2.1. Туризмнің дамуына әсер етуші факторлар……….18
2.2. Туризмнің ұлттық экономиканың дамуына әсері….20

ІІІ- Тарау.Қазіргі кездегі Қазақстаның Республикасындағы туризмнің дамуынындағы пробемалары
3.1 Қазақстандағы қазіргі замандағы туризм мәселелері…….24
3.2 Қазаіргі кездегі туризм – қаржының негізгі көзі ретінде…..26

ҚОРЫТЫНДЫ……..30

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………31

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан тәуелсіздік алғалы ҚР заңдарын жетекшілікке алып, туристік қызметтің басқарылуына және халықтың тарихи, мәдени мұрасының қайта оралуына негіз қаланды. Сонымен қатар қабылданған заңдар, бұйрықтар мен ережелер халыққа шынымен де қызмет етуі тиіс. «ҚР туризм туралы» заңының көптеген пунктері түбірімен дұрыстауды талап етеді, өйткені, ол туристік қызметті барлық жағынан қамтымайды. Тек қана қаржылық жағдайларды, лицензияланған қарым-қатынасты, туристердің міндеттері мен негізгі құқықтарын ғана ашып бере алады. Біздің көзқарасымыз бойынша, мықты туризм индустриясын құру үшін туристік қызметтің заң шығару — нормативті базасын қатайту.

Қазақстанда туризмді дамыту үшін нормативтік – құқықтық база жасалады, 2001 жылы 13 маусымда «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» жаңа заң қабылданды. Ол туристік қызметтің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін Қазақстан Республикасының экономика салаларының бірі ретінде анықтайды.

Бүгінгі таңда Қазақстанда туризмнің бет алысы көңіл көншітерлік емес. Республикада 700-ге тарта туристік кәсіпорындар іс-әрекет жасап жатса да, бұл саланың экономикамызға сүбелі кіріс түсіргенін сезініп тұрмаған сыңайлымыз. Мұндай жайттың орын алуының себептері сан-алуан. Бірақ тәуелсіздігімізді алып, дербес ел ретінде дамуымыздың барысында бірқатар туризмге тікелей қатысы бар «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңы» және басқа қаулылар қабылданған болатын. Осының бәрі туризмді өркендету жолында жасалған оң қадамдар деп есептеуіміз қажет. Дегенмен туристік қызметтің келеңсіз жақтарын айқын ұғыну үшін туризмнін даму үрдісіне егжей-тегжей талдау жасап, оған бағалау жүргізу қажеттігі туындап отыр.

Осы атап өтілген заңға сәйкес Қазақстандағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі  міндеттері мынадай:

  • туризмді экономикалық сала ретінде қарастыру;
  • туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайды жағдай жасау;
  • туристік қызметтің басым бағыттарын анықтау және қолдау;
  • Қазақстан Республикасындағы туралы туризм үшін қолайлы ел ретінде түсінік қалыптастыру;
  • Туризмнің және Қазақстан Республикасының туристтік ұйымдары мен олардың бірлестіктерінің қауіпсізідігін, құқықтарын қор мүдделерімен мүліктерін қорғау.

Туристтік қызметтің  мемлекеттік және құқықтық жағдайларының  негізгі мақсаттары:

v туристтік қызмет саласында азаматтардың думалуға, еркіне қозғалуға құқықтарын қамтамасыз ету;

v қоршаған ортаны қорғау;

v туризмді тәрбиелеуге, білімін арттыруға және сауықтыруға бағытталған қызмет үшін жағдайлар жасау;

v саясаттау кезінде азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;

v жаңа жұмыс орындарын құру, туристтік индустрия есебінен мемлекет пен Қазақстан Республикасының азаматтарының табысын ұлғайту;

v халықаралық туристтік қатынастарды дамыту.

 Курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

  Курстық жұмыс / 31 бет