Экономикалық көзқарастан, шетелде жұмыс орның тапқан тұғалар тауарлар мен қызметті өндірушілер, яғни шет мемлекеттің жалпы ұлттық өнімін өндірушілер болып табылады. Еңбектері үшін олар отанына аударатын сыйақы – белгілі көлемдегі ақша соммасын алады. Сондықтан қаржы қатынастарына шетел азаматтарының ақы төленетін қызметі олардың уақытша тұрғылықты елінен валютаның кетуімен (шығындар) және олардың тұрақты тұрғылықты еліне пайда түсуімен (кірістер) көрсетіледі.
Саяхаттаушы тұлғалар санаты ретіндегі материалды игіліктер мен қызметтерді өндірушілерден айырмашылығы келіп – кетушілер өнімі тұтынушылар болып табылады. Туристер мен экскурсанттар жолсапарға жұмсайтын ақша құралдарымен тұтынушы болады.
Саяхатқа жұмсалатын шығындар жайлы ақпараттар өте аз. Бірақ Ұлыбританияда олардың ағылшынның орташа жылдық отбасылық бюджеттің 19% құрап, тамақ пен тұрғын үйге кететін шығындардан кейінгі орында тұратыны белгілі. Германияда бұл көрсеткіш 16%-ға тең, Франция мен АҚШ – та 12%. Сондықтан америкалық отбасы саяхақа 1 жылда 4 мыңға жуық долларын жұмсайды. Дәл осы сомманы олар медицинаға немесе тамақ, сусын, темекіге құртады, киімге жұмсалатын шығындары бұдан екі есе аз болады.
Шекарадан тыс жерлердегі келіп – кетушілердің тұтынушылық сипаты әлемдік шаруашылықтағы ақша ағымының белгілі бағыттылығын білдіреді. Туристер мен экскусанттар тұрғылықты елінен қабылдаушы елге ақша жиының тасымалдайды. Ләззат үшін, іскерлік, емдік, және мәдени тағы басқа мақсат та саяхаттаушы азаматтар қабылдаушы елге валюта алып келеді және тең дәрежеде ол елдің бюджетіне пайда түсіреді. Сондықтан олардың келіп – кетушілердің санатына біріктірілуі экономикалық жағыннан аталған.
Туризм инфрақұрылымын, ең алдымен орналастыру базасын дамытудың болашағын анықтау үшін саяхаттаушы тұлғалардың ішінен келіп – кетушілерді мынадай түрде бөліп алу маңызды: түнеуші келіп – кетушілер яғни туристер және бір күндік келіп – кетушілер, яғни экскурсанттар (2-сурет).
Сонымен «турист» ұғымына келіп – кетушінің жеке жағдайы ретінде күнделікті ортасынан тыс жерге шығып, келген жерінде уақытша болған рекциондық, іскерлік және тағы басқа да туристік мақсаттармен саяхаттайтын тұлғалар жатқызылады. Тек осы белгілердің барлығының болуын саяхаттаушы тұлғаның турист ретінде қарастырылуына мүмкіндік береді.
Туризмнің мәндік анықтамасы. Туризм мәселелері жайындағы ғылыми әдебиеттерде оның толыққанды анықтамасы жоқ. Бірақ, анықтамалардың түрлілігіне қарамастан барлық авторлар туризм ұғымына туристік мұқтаждық пен себептерді, туристер мінез – құлқының ерекшеліктерін, олардың тұрақты орындарынан тыс жерлерде болуын, туристер және тауарлар мен қызметтерді өндірушілер арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды, сферасының қоршған табиғат, экономикалық және басқа да макроорталармен өзара қарым – қатынастарын енгізеді. Мамандар арасында кең таралған туризмнің міндік анықтамасы туризм облысындағы ғылыми сарапшылардың Халықаралық ассциациясында ұсынылған болатын. Ол бойынша:
Туризм – бұл адамдардың тұрақты тұрғын орны мен жұмыс орындарынан басқа жерлерде болған кездеріндегі пайда болатын қатынастырының жиынтығы.
Туристік қызметті кеңейту жаңа рекреационды территориялар салу,курортық кешен құрылыстары үлкен капиталдық салымдарды қажет етеді. Үлкен жобалар, әдетте, әртүрлі көздерден қаржыландырады. Оларды жүзеге асыруға үлестік негізде мемлекеттік құрылымдар, жеке қаржы мекемелері (ұлттық, шетелдік), халықаралық ұйымдар және тағы басқалар қатысады.
Ақша құралдарын туристік нысандардың жаңа құрылысымен бастан – аяқ қайта жабдықталуына бөле отырып, мемлекет және басқа да инвесторлар беруден пайда алуға тырысады. Олар белгіленген мерзімде салынған капитал мен оның пайыздарын қайтары алуға күш салады. Инвесторлар материалдық көзқарастан шыға отырып, несие берудің ең жақсы шарттарын іздеуге мәжбүр. Осындай мақсатта олар капитал экспортшылары бола отырып, шетелдік туризм нарықтарға шығады.
Қазіргі заманғы туризм түрлерінің ең толық жіктелуін беру үшін туризм түрлерінің анық сипаттайтын өздеріне тән белгілеріне қарай топтастыру керек ондай белгілерді атап айтатын болсақ, туризмнің ұлттық белгілері; туристік саяхат қанағаттандырамын негізгі қажеттілік;топ құрамы;ұйымдастырушылық формасы;туристік өнім бағасы қалыптасуының негізгі қағидасы және тағы басқа. Осы белгілері бойынша туризм түрлерін ажыратайық:
І Тризмнің ең басты түрлері – бұл халықаралық жеке және ішкі туризм.
Халықаралық туризм саяхаттаушы тұлғалардың туристік мақсаттармен тұрақты тұрғылықты елінен шетелге шығу жоспарын қамтиды.
Мемлекеттік шекараны кесіп өту олар үшін белгілі ресми істермен байланысты: шетелдік төлқұжат пен виза ресімдеу, кедендік үрдістерден өту, валюталық және медициналық тексерулер. Бұл ережелерді мемлекет заңсыз көшіп – қону, халықаралық терроршылдық, есірткі саудасы, жезөкшелікке қарсы күрес мақасатын белгілейді және бұл тәртіпті елден шыққанда және кіргенде орнатады. Арнайы қызметкерлер саяхаттаушы тұлғалардың төлқұжаты – визалық тәртіпті, жұқпалы ауруларға қарсы егілгендігі жайлы талаптарды, шекарадан жүк, тауар, валюта алып өтудің ережелері мен шарттарын және валюта айырбастау операцияларын жүргізу тәртіптерін сақтауын қатаң қадағалайды.
Ресмилікті жеңілдету (қатаңдандыру) адамдардың қозғалысын оңайлату (немесе керісінше, қиындату) арқылы халықаралық туристік ағынға тікелей әсер етеді. Туристік саяхаттың өсуіне кедергі келтіретіндер: шығу құжаттарының күрделі және созыңқылы процедуралары, оларды қарап шығудың белгіленген мерзімінің бұзылуы немесе өз бетінше ауытқуы, шектен тыс жоғары алымдар; валюталық тексеру сферасында – туристердің тауарлар мен қызметтерді тұтыну деңгейі туралы валюта айырбастауға қатаң шектеулер енгізілуі. Сонымен бірге кедендік декларациялар мен тексерулер де туристік сапарларды тежеуші бастау болуы және олардың қысқатуына әкелуі мүмкін.
Ұлттық туристік әкімшіліктер мен көптеген халықаралық ұйымдар ресмилілікті жеңілдетуді өздерінің басты мәселелерінің біріне айналдырды. Алғашқылардың бірі болып бұл мәселелерге 1944 жылы Чикаго конференциясының өзінде – ақ шетел төлқұжаттарын бірегейлендіруді ұсынған Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ААХҰ) көңіл аударған. Кейінірек, өткен ғасырдың 50-90 жылдары шекаралық, кедендік, медициналық тексерулер мәселесі Кедендік ынтымақтастық кеңесінің, Халықаралық теңіз ұйымының, Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының , Халықаралық еңбек ұйымының маңызды құжаттарында көрініс тапты.
Туристік ресмиліліктің жеңілдетілудің ерекше маңыз бере отырып, Бүкіләлемдік Туристік Ұйым мынадай кепілдеме пакетін жасап шығарып, қабылдады:
— төлқұжаттық ресмиліліктерде: төлқұжаттық қызметтердің орталықтандырылмауы; шетелдік төлқұжатты ресімдеу мерзімін қысқсрту; орынды алып енгізу; төлқұжаттың жарамдық мерзімін 5 жылдан кем етпеу және сапарлар санының шектелмеуі; иесінің шетелдік төлқұжатын өзінде сақтауы; оны тәртіп құқығы болмауы; төлқұжатты компьютерлік жүйелер көмегімен мүмкіндік беретін ААХҰ стандарттарына сәйкес жасау;
— визалық ресмиліліктерде:3 айға дейінгі мерзімге визасыз шығу;визалық жарамдылық мерзімін 12 айға созып, туристер үшін ашық барлық пунктердің бағыттарға кез – келген көлік түрімен бір немесе бірнеше рет бра алу; визаны көршілес мемлекеттердің өзара мойындауы; туристің азаматтығына байланыссыз жалпыға бірдей консулдық алымдар орнату;
— валюталық ресмиліліктерде: кедендік дикларацияларда көрсетілген көлемде валютаны әкетуге рұқсат ету; әлеуетті келіп – кетушілер мен туристерді валюта айырбасы жайлы ақпаратпен қатамасыз ету; туристерге шығу кезінде өз еліне қайтаруда қажеттіұлттық бірліктерінің жеткілікті сомасын өзімен әкетуге құқық беру;
— кедендік ресмиліліктерде: туристерге тауарлардың әрбір жеке түріне және олардың белгілі көлеміне кедендік салық пен қосымша құңға салынатын салықтан басқа салықтарды шығу – кіру кезінде салу; кейбір алым – салық түрлерін келіп – кетушілерден тікелей жинаудыың орнына оларды жаанама салық салуды, мысалы, билеттің, жолдаманың, турлардың құнына;
— медициналық ресмиліліктер мен туристерге медициналық қызмет көсетуде: ұлттық туристік әкімшіліктердің денсаулық сақтау бөлімдерінің ыңтымақтастықтарын кеңейту; туристерге медициналық көмек көрсету және мелициналық сақтандыру жөнінде екі немесе оданда көп жақты мемлекеттік көмек көрсету,туристерге шұғыл медициналық көмек көрсету; қатты науқастанған немесе қайтыс болған жағдайларда елшілік пен туыстарына жедел хабардар ету; денені еліне қайтару немесе жерлеу; қажетті құжаттарды жылдам ресімдеу.
Бұл кепілдемелер Будапешт конвенциясында құралып, туризм жайлы Гаага декларациясында көрініс тапқан туристік ресмилілікткрді жеңілдетудің негізгі салушы қағидаттардан алынған.
Халықаралық туризмнің келесі ерекшелігі экономикалық сипатта және ол халықаралық туризмнің елдің төлем тепе – теңдігіне көрсететін ашып, Шетелдік туристер тауарлар мен қызметтерге ақы төлей отырып, қабылдаушы елдің бюдетіне табыс түсіреді жіне сол арқылы оның тепе – теңдігін белсенді күйге келтіреді. Сондықтан шетел туристерінің келуі белсенді туризм, ал керісінше елден туристердің шығуы сол ел үшін енжар туризм деп аталады. Туризмнің бұл екі түрі туристік қызметтің қаржылық нәтижелері төмен тепе – теңдігіне көрініс табатындықтан тек халықаралық туризмге тән, ішкі туризмге таралмайды.
Ішкі туризм. Халықаралық туризмнен айырмашылығы мемлекеттік шекараны кесіп өтумен байланыссыз болғандықтан мұнда туристік ресмилілікті сақтау қажеті жоқ. Ішкі туризм – бұл елдің тұрақты тұрғындарының ел шегінде туристік туристік мақсаттармен көшіп – қону ағымы. Ақы төлеуде төлеуде күнделікті қолданыстағы ұсыныс ақша бірлігі бұрынғысынша қала береді, ал байланыс құралы – туристің өз ана тілі. Халықаралық туризммен салыстырғанда мұндай саяхаттарды ұйымдастыру оңай.Кейбір бағалауларға қарағанда, ішкі туризмнің үлесіне барлық туристік сапарлардың 80-90%-ы тиесілі екен, ішкі туризмге жұмсалатын туристік шығындарды халықаралық сапардан 5-10 есеге көп екен.
Осындай айырмашылықтарына қарамастан туризмнің халықаралық және ішкі түрлері бір – бірімен тығыз байланысты. Ішкі туризм бір есептен халықаралық турихмнің катализаторы ретінде көрінеді. Ол жаңа рекреационды ресурстар мен аймақтарды игеруге, негізгі туристік инфрақұрылым құруға, мамандар даярлауға мүмкідік береді және сол арқылы интеграциялық үрдістер мен біртұтас әлемдік туристік кеңістік құруға себепші болады.
ІІ Туристік саяхаттың мәнің ашатын қажеттіліктерге байланысты туризмнің мынандай түрлері бар:
1) емдік (медициналық) туризм. Туризмнің бұл түрінің негізінде әр түрлі аурулардан емделу қажеттілігі жатыр. Адам ағзасына табиғат құралдарының құбылысын сипаттайтын емдік туризмнің бірнеше түрлері болады: климаттық ем қабылдау, балшықпен ем қабылдау, теңіздік ем қабылдау, сүтпен ем қабылдау және тағы басқа;
2) рекреациялық туризм. Мұнын негізінде адамның физикалық және рухани күштерін қалпына келтіру мұқтаждығы жатыр. Рекреациялық туризмге бағдарламалар кіреді:
а) көріністі – ойын сауық (театр және кино, жәрменкелер мен би кештері, қала күндері мен фестивальдар тағы басқа);
ә) өз қызығушылығымен айналысу (аңшылық және балық аулау, көркем және музыкалық шығармашылық, коллекционерлер үшін турлар жуне тағы басқа);
б) үйретуші (сопрт түрлері, өнер, кәсіп тағы басқа);
в) «этникалық» және тұрмыстық (ұлттық мәдениетті және дәстүрлі емес тұрмысты зерттеумен байланысты);
г) туристік – сауықтырушылық ( суға шомылу, тау шаңғысы тағы басқа);
3) спорттық туризм. Екі түрі бар:белсенді және енжар. Бенлсенді түрінің негізінде адамның спорттың белгілі бір түрімен айналысу қажеттілігі, ал енжар туризм спорттың әйтеуір бір түріне қызығушылық, яғни жарыстар немесе спорттық ойындарды тамашалау мақсатында саяхаттау жатыр;
4) танымдық туризм. Мұның түп негізінде білімін әр түрлі бағыттарда жетілдіру мақсаты бар. Экологиялық туризм осыған жатқызылады;
5) іскерлік мақсаттағы туризм. Бұған әр түрлі серіктестермен іскерлік байланыстар орнату немесе дамыту мақсатындағы сапарлар жатады;
6) табынушылық (діни) туризм. Екі түрі бар;
а) табыну орындарына діни мейрамдарға бару;
ә) қасиетті орындарға күнәсінен арылу мақсатында бару;
7) ностальгиялық туризм. Бұл адамдардың тарихи орындарға бару қажеттілігіне негізделген.
8) транзиттік туризм. Мұның негізі екінші бір елге бару үшін бір елдің территориясын кесіп өту.
9) көркемөнерпаздық туризм. Мұнда белсенді демалуды ұнататындар, шаңғы, тау, су туризмдерімен айналысатындар бірігеді. Ерекшелігі сонда, турларды туристік фирмалар емес, туристердің өздері ұйымдастырады.
ІІ Қозғалыс құралдарына қарай:
1) автомобиль туризмі. ХХғ. ІІ жартысынан бері қарқынды дамуда;
2) темір жол туризмі. ХІХғ. 40-жылдарынан бастап дамуда;
3) әуе туризмі. Мұның даму болашағы зор, өйткені туристерді жеткізуде уақыт үнемделеді;
4) су туризмі;
5) автобустық туризм;
6) велосипед туризмі;
7) жаяу туризм;
III туристерді орналастыру құралдарына қарай:
1) қонақ үйлердегі туризм;
2) мотельдердегі туризм;
3) пансиондағы туризм;
4) кемпингтік туризм;
5) туристік ауылдағы туризм, туристік базадағы туризм.
Қонақ үйлер, әдетте, не қала орталығында, не әуежайға немесе темір жол
бекетіне жақын орналасады.
Мотельдер не автомобиль жол бойында, не қала шетінде орналасады. Мотельде тұрған уақыттарында туристердің автокөліктеріне барлық қызметтер көсетілуі тиіс (автотұрақтар, жанар – жағармай құю стансалары, автосервис тағы басқа).
Қонақ үй типтестуристік пансиондарда бір басқару, жеке ас үй түрінде көрсетіледі.
Кемпингтер, туристік базалар – бұл қаладан тыс жерде орналасқан, автотуристермен қатар басқа да туристерді орналастыруға бағыттаоған тұрғын жай.
Туристік ауылдар – туристердің демалуы мен түнеп шығуына арналған, өзіндік түнеу жабдықтары жоқ, қоршауланған тұрғын үй.
V Саяхаттың мезгіліне қарай: маусымдық және маусымдық емес.
VI Саяхат ұзақтылығына қарай: ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді (5-7күн)
VII Топ құрамына қарай:
1) топтық туризм (туристердің топ құрамында саяхаттауы);
2) жеке туризм;
3) отбасылық туризм, яғни отбасы мүшелерімен бірге саяхаттауы;
4) жастар (студенттік) туризм;
5) туризмі. Жастар және балалар тиризмі шеңберінде саяхаттаушылар қызметтерге жеңілдіктер алуға құқылы.
VIII Туристік өнім бағасының қалыптасуын анықтаушы қағидатқа қарай: әлеуметтік (дотациялық) және комерциялық туризм.
Әлеуметтік туризмде өз демалыстарын ұйымдастыруға қажеттілікті ақша қаражаты жоқ халықтың өз қамтылған бөлігіне (зейнеткерлер, студенттер) туристік шаралар ұйымдастыру үшін әр түрлі формадағы белгілі дотацияларды мемлекеттік ұйымдармен қатар, қоғамдық ұйымдардан да алу көзделеді.