МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ …..3
1 ТУРИЗМДЕГІ МАРКЕТИНГТІК БАСҚАРУ
1.1 Туризмде маркетингтік басқару түсінігі, функциялары мен рөлі…5
1.2 Туристік кәсіпорындарда маркетингттік басқару концепциясын жүзеге асыру технологиясы…..9
1.3 Туризмде маркетингтік басқаруды қолданудың ерекшеліктері….19
2 «ПЕГАС» ЖШС-ГІ ҚЫЗМЕТІН МАРКЕТИНГТІК ПРИНЦИПТЕР НЕГІЗІНДЕ ЗЕРТТЕУ
2.1 «ПЕГАС» туристік компаниясының жалпы сипатамасы және қаржылық көрсеткіштерін талдау….23
2.2 «ПЕГАС» ЖШС-сінің туристік қызметіндегі маркетинг элементтерін талдау…..29
3 ТУРИСТІК НАРЫҚТАҒЫ МАРКЕТИНГТІК ЗЕРТТЕУ
3.1 Туристік ұйымдардың қызметтерін алға жылжыту стратегиясы….. 36
ҚОРЫТЫНДЫ …..46
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …..48
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде туризм индустиясы халықаралық қызмет саласының бірі. Оның кеңеюі мен дамуының маңызы саланың басқа экспорттық салалардан артықшылығымен күшейеді.
Туризм, бәрінен бұрын, қалпына келмейтін ресурстарды шетелге шығарумен байланысты емес, ал белсенді туризмнің дамуы шетел валютасының құйылуын және төлем балансын жақсартады. Қазіргі туризм-бұл әлемдік экономиканың құлдырауды білмейтін саласы. Шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17.5 доллар жұмсайды. Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту — ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ [1].
Туристік бизнесте капиталдың тез айналымы байқалады және де ең маңыздысы, туризм қосымша салалардың дамуына әсерін тигізеді.
Соңғы жиырма жылда әлемдегі шетел туристерінің келу санының орташа жылдық өсу қарқыны 5.1%, ал валютаның келуі 14%-ды құрады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның мәліметтері бойынша әлемде 714.6 млн туристік келулер тіркеліп, халықаралық туризмнен түсім 481 млрд долларға жеткен. Жалпы алғанда туризмнен валюталық түсім көлемі 1960 — 2008 жылдар аралығында 174 пайызға өскен.
Мамандардың болжамы бойынша халықаралық туризмнің дамуы әрі қарай жалғасын табады. Егер осы қарқын тұрақты болса 2010 жылы халықаралық саяхаттар саны 937 млн адамды құрайды [2].
Қазақстанда, ТМД ның басқа мемлекеттеріндегідей, туризм жеке сала ретінде пайда болғанына көп уақыт болған жоқ. Еліміздің нарықтық экономикаға көшуімен байланысты пайда болған саяси және әлеумметік өзгерістер туризмнің дамуына әсерін тигізді. Туристік әрекеттің стратегиясы мен тактикасы түбірімен өзгерді, туризм түрлері мен формасының жаңартылуы саланың алдына қойған мақсаттарының өзгеруіне әкелді. Осы аспектілердің барлығы Ұлттық экономикаға үлкен әсерін тигізеді.
Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңызды міндет. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде Қазақстан халқына жолдауында атап өткен. «Бірінші кезекте 2010 жылы өзінің мүмкіндіктері мен бәсеке қабілеттілік тұрғысынан перспективті салаларды дамыту керек. Олар ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын — үй құрылысы және инфрақұрылымы» [3].
Сонымен, туризм Қазақстанда халық шаруашылығының маңызды салаларының ішінен мемлекет басшылығы үміт артып отырған сала ретінде бөліп көрсетілген.
Дегенмен, елімізде туризм саласы әлі де болса төмен деңгейде қалып отыр. Сондықтан туризм саласының барлық аспектілерін, оның ішінде маркетингті де, көп көңіл бөлу болашықта жоғары пайда әкеледі. Дәл осы фактор зерттеліп отырған проблеманың маңыздылығын анықтап, курстық жұмыс тақырыбын таңдаудың есебі болып отыр.
Қазіргі кезде мемлекеттік кәсіпорындардың орнына жаңа меншік туристік фирмалары көптеп пайда бола бастады. Нарықтық жағдайдайлармен бетпе-бет кездескен кезде оларға көптеген дамыған елдерде сыналған ғылыми әдістерді зерттеп, практикада қолдану осы экономикада тұрақты орын алуға көмектеседі.
Маркетинг мәселелері кәсіпорын менеджментінде ең маңызды болып табылады. Оны кешенді қолдану – фирма сәттілігінің кепілі.
Маркетинг әдістерін қолданар алдында, оның барлық кешенін зерттеп алу керек, тек содан кейін ғана белгілі жағдайларда оның қай аспектілеріне көп көңіл бөлу керек екенін анықтау керек.
Қазақтанда нарық инфрақұрылымы өте тез қалыптасты: нарықтар қалыптасып оның шаруашылық әрекетінің әр түрлі салаларында нарық көшбасшылары анықталды. Соңғы жылдары экономика саларының барлығында өндіріс қарқыны өсіп, кәсіпорындар саны артып келеді.
Бәсекелестіктің күшеюіне байланысты, сонымен қатар тұтынушылар сұранысының жаңа нысанға ие болуы маркетингтік құралдарды қолдану маңыздылығын арттырып отыр.
Осы курстық жұмыста туристік қызметтер маркетингін жетілдіру тақырыбы қарастырылған және алынған ақпарат негізінде зерттеліп отырған «ПЕГАС» ЖШС-нің маркетингін жетілдіру жолдары ұсынылған.
Жұмыстың мақсаты кәсіпорын әрекетін маркетингтік принциптер негізінде алынған ақпаратқа сүйене отырып кәсіпорынды дамыту шешімін қабылдауға қажетті әрекеттер тізімін анықтау.
Жұмыс мақсатына сәйкес келесі міндеттерді шешу көзделген:
— туристік қызметтер маркетингінің теориялық негізін баяндау;
— кәсіпорынның экономикалық әрекетін талдау;
— баға құрудың тиімділігін бағалау;
— өткізуді ынталандыру әдістерін бағалау.
Аталған тақырыпта жүргізілген зерттеу жұмысының жаңалығы. ҚР туристік нарығын маркетингтік зерттеу, қызметтер жүйесін жетілдіру жолдарын «Пегас» ЖШС-де қолдану түрғысынан зерттеу жүргізу.
Туризмнің дамуы барлық жақтан қарап келгенде де тек оң әсерін тигізеді. Мысалға, мұнай өнеркәсібі қоршаған ортаны қатты ластайды, жергілікті тіршілікке үлкен зиянын тигізеді. Ал, туризм саласы, керісінше табиғаттың тазаруы мен күтілімін талап етеді, осыдан туристік кәсіпорындар қызметі тек жалпы экономикаға емес, сонымен қатар, қоршаған ортаға да өз пайдасын тигізеді. Қазақстанның туризм потенциалы өте жоғары деңгейде және оны қолданып дамыту үшін, бұл салаға кәсіпқой менеджмент пен маркетинг ендірілуі қажет.
Курстық жұмыс / 48 бет