Туризм ұғымы және түсінігі туралы қазақша реферат
Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту, жаңа жерлерді жаулап алу және игеру, ресурстарды іздеу мақсатымен пайда болды.
Саяхат- адамдардың жылжу мақсатына байланыссыз кеңістіктегі қозғалысы. Саяхаттың бір түрі туризм болып саналады.
Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңда берілген анықтама бойынша : «Туризм-жеке тұлғалардың ұзақтығы жиырма төрт сағаттан бір жылға дейін, не жиырма төрт сағаттан аз, бірақ уақытша болған елде (жерде) ақы төлейтін қызметпен байланысты емес мақсатта түнеп өтетін саяхаты».
Туризм (француз сөзі tourisme, tour- серуен, сапар)- бір жағынан, тек қана Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көпшілікке тараған, салыстырмалы түрде жас, екінші жағынан саяхат ерте заманнан белгілі құбылыс. Туризм тарихын төрт кезеңге бөледі:
1) XIX ғ. дейін — элитарлық туризм, туристік өнім өндіретін арнайы кәсіпорындардың тууындауы.
2) XIX ғ.- бірінші дүниежүзілік соғыс — көлік дамуындағы дүрбелең өзгерістер, бірінші саяхат бюроларының ашылуы.
3) екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы кезең – көпшілікті туризмның дамуы.
4) екінші дүниежүзілік соғыстан кейін – қазіргі кезең – көпшілікті туризм, туристік индустрияның туризмға арналған тауар және қызмет өндіретін салааралық кешен түрінде құрылуы.
Бірінші кезең туризмның тарихи алғышарты ретінде анықталады. Антикалық заманда саяхаттың негізгі себебі сауда, білім, зиярат ету, емделу болды.Ежелгі Грекияда спорттық сапарлар туындады, өйткені Олимпиадалық ойындарға бүкіл елдердің тұрғындары жиылатын. Финикиялықтар Жерорта теңізі арқылы, қазіргі Сирия және Ливанға сапар шегетін.
Ортағасырларда саяхат діни сипат алды. Діни сенім адамдарды әулие жерлерге зиярат етуге жетеледі: мұсылмандарды – Меккеге, христиандарды – Иерусалим және Римге. Саяхатшыларды қабылдау орны шіркеулер болды.
Ренессанс және Ағарту дәуірі дінисебепті әлсіретіп, сапарлардың жеке тұлғалық және біліми бағытта дамуын күшейтті. Мысалы, ағылшындар, өз сапарларын Лондонда бастап, одан Францияға (Парижда бірнеше күн аялдайды), кейін — Италияға баратын. Қайтар жолдары Швейцария, Германия, Нидерланд арқылы өтетін.
XIX ғ. ортасына дейін саяхаттар мақсатты емес, тек өзіндік шараны (сауда, зиярат ету) жүзеге асыру шарты ғана болатын.
Екінші кезең көліктің дамуындағы дүрбелең өзгерістермен сипатталады. Параход, паровоздың ойлап табылуы жылжудың сенімділігімен, жылдамдығымен әрі саяхатқа шығынның азаюымен ерекшеленді. Осының нәтижесінде саяхатшылар саны көбейді. Осыған байланысты уақытша келушілерді күтетін кәсіпорындар (қонақ үйлер) пайда болды. XIX ғ. Ортасында демалыс индустриясы өз қызмет ететін аясын кеңейтті. Ең бірінші, туристік сапарды ұйымдастыру және оны тұтынушыларға саьуға міндеттенген саяхат бюролары ашылды. Бұған классикалық мысал, 1941 жылы ағылшын Томас Куктың демалуға ұйымдастырған топтық туры. Қызметтер кешенінде темір жолмен жиырма мильдық сапар, пойызда шай мен тоқаш-нан, оркестр болды. Томас Кук бірінші саяхат бюросын ашты (алдымен Лестерде, кейін Лонданда). Соның үлгісімен 1854 жылы К.Ризель берлинде бірінші неміс саяхат бюросын ашты. XIX ғ. екінші жартысында туристік бюролар көптеген елдерде ашылды. 1862 жылдан бастап ең алғаш туристік сапарларға арналып шығарылған каталогтар жарық көрді.
Бірінші дүниежүзілік соғыс, 30 — жылдардағы Ұлы күйреу және Екінші дүниежүзілік соғыс та туризм дамуына негативті ықпал етті . Осыған қарамастан осы соғыстар аралығында көпшілікті туризм ( үшінші кезең)тууындады, оның гүлденуі соғыстан кейінгі онжылдыққа келеді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан соң туризм нағыз көпшілікті ( төртінші кезең) сипат алды. Ол дамыған елдер халқы үшін байлықтан қажеттілікке айналды. Өзіндік институты , өнімі, өндіріс циклы, ұйымдастыру және басқару әдісі бар туристік индустрия құрылды. Бұл кезең саяхатшылар , туристік кәсіпорындар санының және өндіріс көлемінің ұлғаюымен, орналастыру құралдарының салынуымен, туристік инфрақұрылым объектілерінің күрт өсуімен ерекшелінеді. Қазіргі заман туризмының ерекшелігі кең ауқымды халықаралық айырбас болуында.
Осындай ұзақ тарихы бар туризм, әлі күнге дейін біржақты анықтама алған жоқ. Ресейлік ғалым В. Г. Сапрунов айтқандай , әлі күнге дейін туризм ұғымын және түсінігін анықтайтын ортақ келісілген көзқарастың жоқтың қасы.
Туризм анықтамасын үш топқа топтастыруға болады. Бірінші топқа , туризмды рекреация түрі, бос уақытты өткізуде, сапар және адамның денсаулығын нығайту, әрі оның мәдениетін және білім деңгейін жоғарлатуды үйлестіргенқызмет көрсету саласын қолдану (адамның физиологиялық, интеллектуалдық және эмоционалдық күшін қалпына келтіру) ретінде сипаттайтын анықтамалар жатады.
Туризм анықтамасының екінші тобы, оны халық миграциясының бір түрі ретінде қарастырады, қозғалу актісімен, саяхатпен , кеңістікті жеңумен туризм статистикасының құралы ретінде сипатталады.
Анықтаманың үшінші тобы, туризмді күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде сипаттайды, оның әртүрлі қасиеттер мен қатынастарының бірлігін көрсетеді, ішкі мәнін ашады .
Статистикада туризм, мекен-жайды немесе жұмысты ауыстырумен байланысты емес, халық миграциясының бір формасы ретінде қарастырылады. Туризм басында адамдардың өз тұрақты жекен-жайынан басқа жерде қозғалысы және уақытша болуы. Бірақ тарихи даму процесінде бұл ұғымның мазмұны мен мәні өзгеріске ұшырады және толықтырулар енгізілді. БҰҰ 1954 жылы қабылданған анықтамасы бойынша, туризм — бұл денсаулықты нығайтуға, адамның денесін шынықтыруға әсер ететін, тұрақты жекен-жайдан тыс жерлерге барумен байланысты активті демалыс. Бұл ұғымның кең сипаттамасын Монте-Карлодағы туризм Академиясы берді: туризм – адамдардың өз тұрғылықты жерлерінен емделу мақсатында, бос уақытта танымдық қызығушылығын қанағаттандыру үшін немесе кәсіби-іскери мақсатта уақытша келген жерінде ақылы жұмыспен байланысты емес ?жалпы түсінік.
1993 жылы БҰҰ Статистика коммисиясы Бүкіләлемдік Туристік Ұйым (БТҰ) мақұлдаған анықтама қабылдады. Соған сәйкес туризм бір жылдан аспайтын мерзімде, дем алу, іскери және басқа да мақсаттарда, тұрғылықты ортадан тыс жатқан жерлерде саяхаттаушы адамдардың қызметін қамтиды .
Осы анықтамаға сәйкес туризмға тән негізгі сипаттамалар төмендегідей:
-тұрғылықты ортадан тысқары шығу;
-қозғалудың уақытша сипаты;
-сапардың мақсаттылығы;
Тұрғылықты ортадан тысқары шығу – туризмнің маңызды сипаттамасы. Белгілі бір жеке тұлғаның тұрғылықты ортасына, оның өмір сүретін мекен-жайы және ол жиі баратын белгілі бір аудан жатады.
БТҰ ұсынысы бойынша тұрғылықты орта параметрі екі көрсеткішпен сипатталады: объектіге бару жиілігі мен оның қашықтығы. Адамдар жиі баратын орындар, арақашықтығы алыс болғанмен де, тұрғылықты орта элементіне жатады . Оған мысал, шекара маңында тұратын адамдардың көрші мемлекетте қызмет атқаруы, олар турист қатарына жатқызылмайды.
Екінші көрсеткіш – арақашықтық. Мекен – жайға қашық орналасқан орындар, оған бару жиілігіне қарамастан тұрғылықты ортаға жатады.
Сапар мақсаты туризмға жататын қызметтер түрін дәл анықтайтын маңызды сипаттама. Саяхаттың басқа түрінен туризмді бөлетін критерии, бұл барған жерінде ақылы қызмет атқару мақсат болмауы тиіс. Сапар мақсаты, оның себебіне жатады. Адамның мінез-құлық әрекеті әрқашан себепті болады. Туристік себеп адамның қажеттіліктерін анықтайды.