Туризм тарихын зерттеудің тәсілдері

Туризм тарихын зерттеуде тарихи ғылымда қолданылатын дәстүрлік тәсілдер қолданылды. Олардың арасында тарихи-генетикалық, тарихи-салыстырмалы, тарихи-ретроспективті, тарихи-типологиялық және басқа да тәсілдерді айтуға болады.

Тарихи-генетикалық тәсіл оқып зерттелетін жағдайдың сапалы тұрақтылығының шегін белгілеумен болатын құбылыстардың қозғалысын және өзгерістерді көрсетуді біріктіреді. Ол дамуды талдауға бағытталған және ол жалпы және ерекше сипаттамаларды құрамына енгізуі тиіс, бірақ суреттеуге тартады, әзірленген логикасы мен ұғымдық аппараты болмайды. Оның әдістемесі белгісіз әрі айқынсыз.

Бұл тәсілді тарихи-салыстырмалы тәсілмен біріктіруге болады. Бұ тәсіл әртүрлі құбылыстардағы сипаттардың ұқсастықтарын ашады және қоғамның тарихи дамуының қайталанғыш және ішкі шартталған сипатының болатынына негізделеді.

Тарихи-ретроспективті тәсіл қайта құру тәсілі ретінде қарастырылады және қазіргіден өткенге, салдарынан себебіне бағытталған. Бұл тәсіл үрдістердің әртүрлі стадияларын түсінуге және зерттелетін оқиғаның мәніне тереңірек кіруге мүмкіндік береді.

Тарихи-типологиялық тәсіл қарастырылатын құбылыстар мен объектілерге тән жалпы белгілер негізінде объектілер мен құбылстар жиынтығын сапалы түрдегі белгілі бір топтарға жүйелі түрде бөлуді мақсат етеді.

Тарихи-жүйелік тәсіл әртүрлі деңгейдегі тарихи жүйелердің қызмет етуін тек қана себепті шартталған ғана емес, сонымен бірге функционалды байланысқан жекелеген оқиғалардың, фактілердің, құбылыстардың мен тарихи үрдістердің түрі ретінде қарастырады.

Тарихи-мәдени тәсіл жеке адам тұлғасының, оның ұмтылыстарымен, сенім-нанымдарымен, қызметімен бірге әлеуметтік-психологиялық зерттеуге назар аударады. Бұнда белгілі бір мақсаттарды көздеген атақты тұлғалардың да, қатардағы адамдардың да  қызметін, олардың қоршаған әлемге қатынасын зерттейді. Бұл тәсіл тарихи үрдіске тартылған адамдардың биографиясын зерттеуді қамтиды. Тарихшы М.Блок былай деп айтқан: «нағыз тарихшы ертегідегі адам жегішке ұқсас. Қай жерде адамзаттың иісі шығатын болса, сол жерде оны олжа күтіп тұратынын білген.» Өткендегі туристердің биографиясын зерттеу туризм тенденцияларын талдауға мүмкіндік береді, бұл дамудың мүмкін болатын болашақтағы бағыттарын анықтауға мүмкіндік ашады.