Туризм саласындағы мамандарды даярлау курстық жұмыс

Жоспар:

І. Кіріспе
1. Туристік кадрларды даярлаудың алғышарттары

ІІ. Негізгі бөлім
2. Қазақстандағы мамандарды даярлайтын оқу орындары
3. «Тұран» университетіндегі туризм факультеінде мамандарды даярлау
4. «Қазақтың Спорт және Туризм Академиясындағы» туризм факультетіндегі мамандарды даярлау
5. Туризм саласы үшін мамандар даярлаумен айналысатын жоғары оқу орындары мен орта кәсіптік оқу орындарының саны
6. Туризм саласы үшін жоғары білім бар мамандар даярлау
7. Туризм саласы үшін орта кәсіптік білімі бар мамандар даярлау

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі

 Кіріспе

Туристік кадрларды даярлау Қазақстанда әскери уақытқа дейін де жүргізілген. Негізінен туризм ұйымдастырушыларды, нұсқаушыларды және әр түрлі туризм түріне байланысты нұсқаушыларды, экскурсоводтарды даярлайтын. Бұл жұмыс Дүние жүзілік соғыстан кейін қолға алынды. Ол кезде 1949 жылы туризмді Бір бүкілодақтық спорттық КСРО классификациясына енгізген. Санатты-спортсмендерді, туризм саласы бойынша спорт шеберлерді даярлау басталды.

Адамдардың көбісі саяхаттарға шыға бастады, туристік базаға келе бастады. Туризм саласында нұсқаушылар керек болды. Сөйтіп, Қазақстанда көптеген нұсқаушылар курсы, дәрістер және мектептер жұмыс істей бастады.

1966-1967 оқу жылында туризм бойынша Алматы облысының кеңесі тау туризмінің нұсқаушыларын даярлайтын мектепті ұйымдастырды. Оқу талабы өте қатал болды. Сондықтан оқуды 30 оқушы бастайтын болса, олардың тек 5 оқушысы туристік базада сынақтан өткен соң туризм нұсқаушысы деген куәлігіне ие болған. \2\

1968 жылдан 1990 жылға дейін әр жаз сайын Республикалық тау туризмінің нұсқаушысы атты мектебі жұмыс істейтін. Ол 1973 жылға дейін «Горельник» туристік базасымен базаланған. «Горельник» базасы Кіші Алматы шатқалында орналасқан. Көп жылдар бойы мектеп жетекшісі Қазақстандық туризм және альпинизм энтузиасты, спорт шебері В.М. Зимин болды. Ол республикада туристік кадрларды даярлауға көптеген үлесін қосты. 1974 жылдан бастап мектеп «Горный садовод» ауылының қасындағы Қотырбұлақ шатқалындағы «Алматау» турбазасымен базаланды. 1968 жылдары туризм саласы бойынша орталық Кеңес «Подготовка общественных туристких кадров» атты құрамасын шығарды. Бұл құрамада туризм бойынша кадрлардың жағдайы, сонымен қатар оқу жоспарлары, нұсқаушыларды даярлау, туристік ұйымдастырушыларды даярлаудың бағдарламалары, кіші туризм нұсқаушыларын даярлау, нұсқаушы-оқытушыларды даярлау, үлкен нұсқаушыларды даярлау, туризм түрі бойынша оқытушыларды даярлау, туристік саяхаттардың нұсқаушыларын даярлау және де жарыстық төрелерді даярлау бағдарламалары басылған. \2\

1968 жылдан бастап бүкіл КСРО-да және Қазақстанда бір жүйе бойынша жүзеге асты.

Бағыттаушылардың басым бөлігі, орта нұсқаушыларды даярлау бағдарламасымен даярланды. Бұл бағдарлама 2 негізгі туризм түрлері бойынша бөлімінен тұрады:

1) массалық туризм жұмысшының негізгі бағыты

2) тәрбие-оқу дайындық

Теориялық және практикалық жүйеде оқу жүргізілді. Практикалық сабақтың көбісі 12-14 күндік күндізгі саяхат болды, ол 3 санатты қиындық дәреже көрсеткіші.

Қазақстанда Республикалық мектепте келесі көрсеткіштер бойынша нұсқаушылар даярланған:

1982 жыл – 20 адам;

1983 жыл – 30 адам;

1984 жыл – 29 адам;

1985 жыл – 19 адам;

1988 жыл – 20 адам;

1990 жыл – 28 адам; \1\

22 жылдың ішінде мектеп 1000-нан астам тау, су, шайтанарба нұсқаушыларын даярлады. Сонымен қатар туризмнің барлық саласы бойынша Қазақстанда Алматы облыстық және қалалық дәрістер туризм нұсқаушыларын даярлады. Сөйтіп, 1985 жылы жоғарғы нұсқаушы дайындықты 5 қазақстандық «Шахимардан» бүкілодақтық дәрістен өтті. Сол жылы сол жерде 4 қазақстандық дайындықтан өтіп жатты. 1985 жылы Алматы облысының туризм және экскурсия кеңесінде 96 оқушы тау туризмінде даярланып жатты, ал Шығыс-Қазақстан облысында  — 172 адам тау туризмінде даярланып жатты. \1\

 курстық жұмыс / 17 бет