Халықаралық туризм жекелеген елдердің өмірінде әлеуметтік-экономикалық қатынастарды сипаттамасы және бір уақытта халықаралық қатынастардың құрамдас бөлігі бола отырып мемлекет сияқты, халықаралық деңгей шегінде де туристтік-экскурсиялық қызметтің барлық кешенін ұйымдастыруда және басқаруда қажетті алғы шарттар болып табылады. Мұндай алғы шарттар, көбінесе, туристтік ұйымдарды құру кезінде жүзеге асырылады.
Туристтік ұйымдарды келесі белгілер бойынша жіктеуге болады:
— Ұлттық-аймақтық белгі бойынша: халықаралық, аумақтық және ұлттық ұйымдар. Олардың қызметі бүкіл әлемдік, аумақтық және ұлттық сипатқа ие.
— Қоғамдық-мемлекеттік бойынша: өкіметтік, қоғамдық, жеке меншіктік.
— Қызмет түрі бойынша: реттеуші, жабдықтаушылар, нарық агенттері, өңдеушілер, кеңес берушілер, жобалық ұйымдар, оқытушы ұйымдар, баспашылар, кәсіптік ассоциациялар, саудалық және тұтынушылық ұйымдар.
— Қызмет сферасы бойынша: көліктік (авиациялық, автобустық, темір жол, автомобиль және круиздік), туристтік агенттер, туроператорлар, жергілікті (локальді) кәсіби одақтар.
Халықаралық туристтік айырбасты тұрақты түрде кеңеюі оның халықаралық-құқықтық регламентациясына; әртүрлі құқықытық институттарды өңдеуге және мамандандырылған халықаралық туристтік ұйымдарды құруға қажеттілікті тудырды.
Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ)
Бүгінгі күнде дүниежүзілік туристік ұйым – туристік әлемде ең атақты және танылған. Дүниежүзілік туристік ұйым өкіметтік емес ресми туристік ұйымдардың халықаралық одағының (РТҰХО) Біріккен Ұлттар Ұйым патронажындағы өкіметаралық ұйымға ауысуы жолымен 1975 жылы 2 қаңтарда негізі қаланды. Қазір оның мүшелілігіне 105 мемлекет, бірнеше ассоциацияланған және 150 астам қосылған мүшелер (туристтік фирмалар, авиакомпаниялар, халықаралық ұйымдар) кіреді.
ДТҰ-ның жарғысы 1975 жылы 27 қыркүйекте қабылданды. 1980 жылдан бастап бүл күн «Дүниежүзілік туризм күні» деп есептелінеді. Жыл сайын дүниежүзілік туризм күні белгілі-бір ұранмен жүргізіледі. 4 жыл сайын ДТҰ Бас ассамблея сессиясын ұйымдастырады, олардың арасында ДТҰ Бас ассамблеясының атқарушы комитеті жұмыс істейді.
ДТҰ-ның штаб-пәтері Мадрид қаласында (Испания) орналасқан.
ДТҰ келесі мақсаттарды көздейді:
— Туризмнің дүние жүзінде тыныштыққа, өзара түсунушілікке, адамдардың денсаулығына және гүлденуіне әсерін жылдамдату және кеңейту;
— Саяхат уақытытнда білім алуға және мәдениетке адамдардың қол жетуіне көмектесу;
— Шетел туризмі үшін қажетті материалдық-техникалық базасын қамтамасыз етуде көмек арқылы әлемнің аздап дамыған аудандарында тұру және кему стандарттарын жақсарту және бұл аудандарды байланыстыратын көлік жолдарын дамыту;
— Туристтерді қабылдайтын елдердің мүмкіншіліктерін кеңейту және осыменен олардың экономикасына үлес қосу;
— Мемлекет арасында бағдарлау және ыңтымақтастық бойынша халықаралық агенттік ролін атқару;
— Туризм саласында ұлттық ұйымдардың кеңесі үшін ең маңызды деген мүшелеріне қызмет көрсету;
— Пленум және отырыстардың тақырыптарын анықтау, сондай-ақ қатысушы-мемлекеттің туристтік мүдделерін бағдарлау (ұлттық туристтік ұйымдар сияқты, саяхаттанушылардың мүдделерін білдіретін кәсіптік секторлар және ұйымдар);
— Туроператорлардың әртүрлі бірлестіктері арасындағы тұрақты өзара байланысты орнату;
— Барлық жоғарыда аталған шараларды ең оңай жолымен жүзеге асыру.
ДТҰ-ның қызметі негізінен туризмнің ақпараттық жылжуына, оның маңыздылығы мен артықшылықтары кеңейтуге, сондай-ақ жаңа материалдық-техникалық базаны құруға шоғырланады. Ұйым халықаралық туризм саласында белгілі-бір қағидаларды өңдеу және еңгізу жолымен туризмдегі әртүрлі ұлттардың іс-әрекетін тәртіптендіруге ұмтылады.
ДТҰ Бірікке Ұлттар Ұйымындағы туризмнің негізгі өкілдігі болып табылады және әлемдік туризмнің ең авторитетті органы ретінде әрекет етеді. Одан басқа ДТҰ халықаралық құжаттарды (актілерді) өңдейді және олардың орындалуын бақылайды.
ДТҰ қызметінің басқа аспектілері өзіне туризмге әсер ететін мемлекеттер арасындағы сұрақтарға қатысты ынтымақтастықты ұйымдастыру және ынталандыруда мемлекет дамуына көмектесуді қосады.
ДТҰ-ның маңызды міндеттерінің бірі – халықаралық туризм бойынша статистиканы зерттеу, жаңа өлшеу әдістерін жасау, болжау, өңдеу және маркетинг сияқтыларды қосатын зерттеулер. Мұның бәрін туристтік ұйымдар өзінің қызметінде қолдануы мүмкін. Зерттеуші қызметі статистика әдістерінің артуына әкеледі.
ДТҰ әлемдік туризмнің жағдайы туралы тұрақты есеп беріп тұрады, онда туристтік индустрияның әрі қарай дамуының жетістіктері сияқты, кедергілерді ескереді. ДТҰ халықаралық туризмге өкіметтік араласуын болдырмау немесе шектеу арқылы әлемдік туризмге әрекет етуге талпынады. ДТҰ мемлекеттер дамуын, әсіресе БҰҰ – мүше елдеріне техникалық қолдауды қамтамасыз етеді.
ДТҰ қызметіндегі ең атақты оқиға – 1980 жылы 27 қыркүйекте Манилада (Филлипины) болған туризм бойынша дүниежүзілік конференцияның өткізілуі. Туризм бойынша дүниежүзілік конференцияға шақыру туралы шешімді ДТҰ-ның 2-ші сессиясының Бас ассамблеясы (мамыр 1977ж.) Қабылдады. Конференцияда туризмнің дамуына мемлекеттердің жауапкершілігінің сұрақтары (әлеуметтік-экономикалық шарттар, мақсаттары және міндеттері, факторлар) және адам — өзінің демалысын ұйымдастырушысы; сұраныс пен ұсынысты реттеу; туризм саласында ғылыми-техникалық ыңтымақтастық, туризм индустриясына кадрларды дайындау сияқты өзекті мәселелерді қарастырады. Қорытынды құжатта талқылау барысында бірлесе өңделген ұсыныстар сипат алған. Бұл құжат әлемдік туризм бойынша Манильдік декларация деп аталды. Конференцияға 100 астам мемлекеттің өкілдері қатысты.
Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы (ӘКХА)
Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы – 1919 жылы негізі қаланған және 1945 жылы ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін қайта құрылған барлық халықаралық авиа-тасымалдаушылардың дүниежүзілік ұйымы. ӘКХА – халықаралық рейстерді жүзеге асыратын авиациялық компаниялардың кәсіби ассоциациясы болып табылады. Оның басты қызметі – халықаралық коммерциялық авиациялық хабарларды реттеу, барлық мүшелеріне біртұтас ерержелер пен процедураларды еңгізу және халықаралық маршруттарға жолаушылар авиатасымалдарына келісімді тарифтерін орнату.
ӘКХА –ның жоғарғы органы – жыл сайыңғы Бас ассамблея, оған президент және атқарушы орган сүйенеді.
ӘКХА мақсаты – азаматтық авиация халықаралық ұйымдарының саясатын жүзеге асыру.
ӘКХА – бұл әуе тораптар маршруттарының әртүрлі комбинацияларын пайдалана отырып бір елден басқа елге адамдарды, пошталарды және жүктерді жеткізуге әрекеттесу. ӘКХА көліктік конференциясында қабылданған резолюциялар тек билеттерге ғана емес, сондай-ақ жол қағаздарына, жүк құжаттарына да қатысты.
Тарифтерді орнату — ӘКХА жұмысының маңызды құрамдас бөлігінің бірі. Барлық авиакомпаниялар арасында тарифтерді белгілеу қажеттілігі – бұл бір уақытта саясат, тәжіребие болып табылады, өйткені халықаралық авиакомпаниялары иелерінің – мемлекет өкіметімен бақыланады. Әрбір ел — өзінің кеңістігінің иесі, ол өзінің территориясына кіруге тыйым салу немесе рұқсат беруі мүмкін және өзіне ыңғайлы шарттарды қоюына болады.
ӘКХА – ның мүшелеріне — халықаралық әуе сапарларын жасайтын 259 авиакомпаниялар кіреді. Бұл авиакомпанияларының үлесіне халықаралық тұрақты хабарламалардың 95 %-не жуығы келеді.
ӘКХА – ның мүшесі және конференция қатысушысы болуы үшін авиакомпанияларының өкімет беретін, халықаралық азаматтық авиация ұйымына да келетін, тұрақты тасымалдауды растайтын сертификаты болуы керек.
ӘКХА бүкіл жер шарының аумағын 3 үлкен аймаққа бөледі:
- Солтүстік және Онтүстік Америка және халықаралық линиядан шығысқа қарай тынық мухиттық аймақ бөлігі;
- Еуропа, Африка және Таяу Шығыс;
- Азия, Австралия және халықаралық линиядан бастықа қарай Тынық Мухиттық аймақ бөлігі.
Туристтік агенттіктер ӘКХА – ның қызметіне оның арнайы бөлімшесі – авиакомпаниялар агенттіктерінің халықаралық ұйымы арқылы қатысады. Аккредитация процедурасынан өткен және тиісті белгілі-бір талаптарға сәйкес келетін әрбір турагенттікке – визиттық карточканың бір түрі ретінде номер беріледі және ол авиакомпаниямен және басқа салаларының қатысушыларымен есеп айырысуды жүзеге асырғанда пайдаланылады.
Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы (ААХҰ)
Азаматтық авиацияның халықаралық ұйымы 1944 жылы Чикаго конвенциясымен белгіленді. Бірікке Ұлттар Ұйымының эгидасымен жұмыс істейді. ААХҰ қызметі әуе көлігі индустриясының қызметіне қатысты ұлттар тепе-теңдігіне негізделеді.
ААХҰ басты міндеті – халықаралық стандартқа және нормаларға сәйкес авиатасымалының қауіпсіз, мамандандырылған және экономикалы тиімді халықаралық нарықтарын дамыту және қамтамасыз ету болып табылады.
Ұйым келесі мақсаттарды көздейді:
— бүкіл әлемде халықаралық азаматтық авиациясының өсуін және дамуын басқару және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
— сыртқы ортаны қорғау есебінен әуе құралдарын құру және пайдалану процестерін қолдау және көтермелеу;
— әуежайларды, халықаралық авиация қажеттілігінің шарттарын құруды қолдау және көтермелеу;
— авиакөлікке адамдардың негізгі талаптарын тиісті жақсы орындау; қауіпсіздік, қызмет көрсету сапасы, сапарларды реттеу, үнемділігі;
— әртүрлі елдердің авиакомпаниялары арасындағы негізсіз қақтығыстарды болдырмау бойынша экономикалық шараларды көтермелеу;
— ААХҰ мемлекет- қатысушыларының құқықтары толығымен сақталатынына қол жеткізу және әрбір елдің халықаралық авиакомпанияны иемденуге және басқаруға нақты мүмкіншілігі бар екендігіне қол жеткізу;
— ААХҰ мемлекет-қатысушылары арасындағы дискриминацияны болдырмау.
ААХҰ мүшеліліге 183 мемлекет кіреді. ААХҰ келесі ұйымдармен тығыз қатынаста жұмыс істейді:
— Халықаралық ақпараттық одақ;
— Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым;
— Электр хабарларының (коммуникация) халықаралық одағы;
— Дүниежүзілік пошталық одақ;
— Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы;
— Халықаралық теңіз ұйымы.
Аймақтық ұйымдар
Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы (ЭЫДҰ)
Экономикалық ынтымақтастық және дамыту ұйымы Парижде бекітілген 1960 жылы 14 желтоқсандағы қаулы бойынша құрылды. Қаулыға сәйкес бұл ұйым келесі мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылды:
— қаржылық тұрақтылықты бақылау жолымен ЭЫДҰ мүше-елдердің үзіліссіз экономикалық дамуы және өсуінің, сондвй-ақ тұрғындардың жұмыспен қамтамасыз етуінің, өмір деңгейін көтерудің жоғарғы қарқынына жету және осының салдарынан – әлемдік экономика дамуына үлес қосу;
— ЭЫДҰ –на кіретін және кірмейтін елдердің экономикалық дамуына жағымды әсер ету.
— халықаралық міндеттемелерге сәйкес көпжақтық, дискриминацияланбаған негізде әлемдік сауданы дамыту.
ЭЫДҰ мүшелілігіне: Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Греция, Исландия, Ирландия, Италия, Япония, Люксембург, Нидерланды, Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Испания, Швеция, Швейцария, Туркия, Ұлыбритания, АҚШ.
ЭЫДҰ туристтік комитет туризм мәселесін зерттеу жолымен ұйым мүшелерінің және Югославияның туризмін дамытуға әрекеттеседі. Туристтік комитет статистика және жыл сайынғы есеп беруді құрастыру әдістерін және стандартты анықтамалардың сақталуына белсенді ат салысады.
Азиаттық-Тынық мұхит туристік ассоциациясы (АТМТА)
Ассоциация 1951 жылы азиаттық-тынық мухиттық бағыттарды алға жылжыту және әрекеттесуді дамыту үшін құрылды. Бұл ассоциацияға Азиаттық-Тынық мухит аймақтағы 34 ел кіреді. Олар бір мақсатқа жету үшін бірікті: бұл үлкен аймақты туризм және саяхатты дамытуда жетістіктерге жету. Бұл ұйыммымен жүргізілетін жұмыстар, зерттеулер, даму, білім, және маркетинг бағдарламалары арқылы туризмді жылжытуға бағытталған. АТМТА ұқсас халықаралық ұйымдар арасында ең жақсы орындаушы репутациясына жетті.
Ұйым мүшелері идеялармен алмасады, мәселелерді шешу жолдарын іздейді, Азиаттық және Тынық мухит аймақтарында туризм болашағының жұмысына қатысады. Ассоциациядағы мүшелер саны 2 мыңға жуық. Құралғаннан бастап Ассоциация туризммен байланысты маркетинг, зерттеу, өңдеу, білім беру және басқа қызмет түрлері саласынан өзінің мүшелері үшін нақтылы және уақытылы ақпараттың маңызды бір көзі болып табылды.
АТМТА қызметі және оның ұзақ мерзімді жоспарлары жыл сайынғы Ассоциация конференциясында тексеріледі және бағаланады.
Менеджмент, маркетинг, өңдеу және зерттеу бойынша ұйымдасқан комитеттер Ассоциациялық бағдарламаларын жүзеге асырады. Баспа бөлімі көптеген есеп берулерді, зерттеу материалдарын және кезекті басылымдарды жариялайды. Негізгі басылым – «Тынық мухиттық туристтік жаңалықтар» — 58 мың дана тиражымен шығатын 3 аймақтық басылымдары бар ай сайын шығатын журнал. Баспа материалдарының арасында 80 % аналитикалық цифрлі мәліметтер және фотосүреттер құрайды.
АТМТА Секретариаты Сан-Францискода (Калифорния) орналасқан. Қызмет көрсетудің негізгі кеңселері Азиаттық аймақтың – Сингапурде; Тынық мухиттық аймақтың – Сиднейде; Америка – Еуропалық бөлікте – Сан-Францискода.