Тұрғын үй көмегі осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) беріледі. Тұрғын үй көмегі қызметтерді жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша:
ü жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға;
ü тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді тұтынуға;
ü байланыс саласындағы заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының ұлғаюы бөлігінде байланыс қызметтеріне;
ü жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысына ақы төлеуге көрсетіледі.
Тұрғын үй көмегі телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге және (немесе) күрделі жөндеуге қаражат жинақтауға арналған жарналарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат (отбасы) тұрғылықты жері бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына (бөліміне) өтініш береді және тиісті құжаттарды ұсынады.
Назар аударыңыз! Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін жергілікті өкілді органдар айқындайды. Сондықтан тұрғын үй көмегін алу үшін қажетті толық құжаттар тізбесі жергілікті өкілді органдардың шешімімен айқындалады.
Мұны білгеніңіз жөн (оқып шығыңыз):
1) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi № 94 Заңы (97-бап);
2)«Тұрғын үймен қамтамасыз ету Ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысы.
Пайдалы сілтеме:
www.e.gov.kz – «Электронды Үкімет» порталы («Әлеуметтік көмек. Сақтандыру және әлеуметтік төлемдер» бөлімі, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» тақырыбы).
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «тұрғын үй көмегі», «тұрғын үй көмегін алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.