Дәріс мақсаты: Топырақтың құрамы, құрылымы мен қасиеттері туралы, оларды анықтау тәсілдері туралы түсінік беру.
1.Топырақтың ұйымдастырылу деңгейі және оның сипаттамалары туралы түсінік
2.Топырақтың гранулометриялық құрамы туралы түсінік
3.Топырақтың минералдық құрамы туралы түсінік
4.Топырақ ылғалы туралы түсінік
5.Топырақ ауасы туралы, грануломентриялық және механикалық құрамын анықтау туралы түсінік
6.Агрегаттық құрамы, құрылым және құрылымдылық
Топырақтың түзілуіне жоғарыда сипатталған топырақтүзуші факторлармен қатар, оның түзілуіне тікелей қатысы бар материалдық негіздердің рөлі ерекше. Топырақ түзуші материалдық негіздерге: аналық тау жынысы, осы қабаттағы ауа құрамы мен ылғал, мекендентін бүкіл жоғары және төменгі сатылы организмдер қосындылары жатады.
Биосферадағы әртүрлі табиғат денелерінің химиялық құрамын сипаттағанда, оның құрамындағы әр түрлі элементтердің орта есеппен алатын орнын, үлесін пайызбен шығарады. Жер қабатындағы элементтердін орташа құрамын 1924 жылы алғаш есептеп шыққан американдық ғалым Ф.У.Кларк еді. Сондықтан мұны Кларк көрсеткішідеп атайды. Кейінірекжана қосылған мәліметтерге байланысты бұл кларк көрсеткіштері бірнеше рет толықтырылды (А.Е.Ферсман, 1934- 1939, А.П.Виноградов, 1962). Сонымен қатар ауа құрамындағы, судағы және тірі заттардағы элементтер кларкы да есептелінетін болды.
Тау жыныстарының орташа химиялық құрамы. Тау жыныстарындағы химиялық элементтердің кларк үлестеріне байланысты олар үш топқа бөлінеді:
- Мол элементтгер, кларк көрсеткіштері — n10-n10-2
- Аз элементтер, кларк көрсеткіштері – n10-2-n10-.3
Өте аз элементтер, кларк көрсеткіштері — n10-3-n10-5
Сонымен, тау жыныстарындағы негізгіүлестерді О, Si, Al құрайды, олар 84.05% алады. Оларға тағы Fe, Са, Na, К, мен Мg-ді қоссақк, сегіз элементтердің үлесіне тау жыныстарының 98,87% тиеді. Ал енді оларға қалған 10 элементті қоссақ барлығының мөлшері 99,82 % құрады. Бұл элеметтердің барлығының (18) мол элементтер аттарына ие болғандарымен, тау жыныстары құрамындағы үлестерінің алшақтығын көрсетеді. А аз элементтср мен өте аз элементтерден (78) тау жыныстарының үлесіне бар болғаны 0,18% қана тиесілі.
Топырақтар түзілу құбылыстары нәтижесінде жалпы тау жыныстарының құрамын сақтай отырып, оған көптеген элементтердің кларктары жөнінде өзгерістер енгізсді. Мәселен, топырақтағы оттегі мөлшері тау жыныстарындағы 47% орнына 55%, сутегі 0,15% орнына 5%. Көміртегі 0,023% орнына -0,1%, фосфор 0,1% орнына 0,5% т.б.
Өзін-өзі қадағалау сұрақтары:
1. Топырақтың гранулометриялық құрамы туралы айтып бер.
2. Топырақтың минералдық құрамы туралы түсінік
3. Топырақ ылғалы туралы түсінік
7.Топырақ ауасы туралы, грануломентриялық және механикалық құрамын анықтау туралы түсінік
8.Агрегаттық құрамы, құрылым және құрылымдылық