Топырақ жамылғысына таралуы туралы қазақша реферат
Литосфераның (топырақ жамылғысының) ластануы құрылыс және кен қазу процесінде пайда болған миллиондаған гектар бұзылған жерлердің түзілуінен келіп шығады. Өзінің өнімділігін түгелдей немесе түгелге жуық жоғалтқан шөл адырлар құрлық бетінің 1%-ін алып жатады. Ластанудың мұнан гөрі маңызды себебі — өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық қалдықтары. Басты ластанушыларға металл мен олардың қоспалары, тыңайтқыштар, улы химикаттар, радиоактивті заттар жатады.
Топырақта кездесетін кадмийдің мөлшері айтарлықтай көп емес. Өсімдіктермен салыстырғанда қара топырақтағы мөлшері кемірек. Топырақтың ластану себептері өндіріспен және өндіріс қалдықтарымен пайдаланған сумен байланысты. Кадмийдің топыраққа таралудың тағы бір себебі фосфорлық тыңайтқыш және әкті пайдалануы. Автокөлік газдарымен де бірнеше түрі тарайды. Кадмий автокөлік дөңгелегінің резинкаларымен пайдаланған майларында кездеседі. Топырақтағы кадмийдің мөлшері Ікг-да 5 мг-ға жеткенде ауыл шаруашылығы өсімдіктердің өнімі жартылай азаяды және топырақты тазартып бұрынғы қалпына келу үшін 1100 жыл керек. Кадмий мутагендік және консерогендік қасиеті бар. Кадмийдің қоршаған ортада таралу себептерінің 80% антропогендік әсермен байланысты. Таиғатта таралуы өндірістегі қорғасын, мырыш, цинк, кадмий элементтерін шығарумен байланысты. Өндіріс маңында Іга жерде 60-600кг дейін түсуі мүмкін. Фосфорлық тыңайтқыштардың мөлшері көп емес 0,15 мг/кг. Фосфорлық тыңайтқыштарға жылжымалы түрде кездесетіндіктен өсірілген өсімдіктерге тарайды