Дәріс мақсаты:
- Топырақтың техногендік трансформациясы (өзгеруі) факторлары
- Мелиорация және эрозиядан, дефляциядан, сортаңданудан, ластанудан, батпақтанудан қорғау бағдарламасын жасау
Топырақ құнарлылығы заттектердің биологиялық айналымы арқасында демеліп тұрады. Адам құнарлылықты жасанды жолмен демеуді үйренді: ол топырақты тыңайтқыштармен байыта алады, оған қажетті ылғал береді, одан артық тұздарды шаяды. Алайда топырақты жасай алмайды. Бұл орасан жұмысты табиғат қана атқара алады. Сондықтан топырақты қорғаудың басты міндеті толассыз игеру барысында оның құнарлылығын белгілі бір деңгейде ұстап тұру болып табылады.
Топырақты қорғаудың тағы бір аспекті – пайдалану мақсатына (ауыл шаруашылық, орман, рекреациялық жайлар, өнеркәсіптік және қалалық құрылысқа бөлінетін жерлер т.с.с.) сәйкес жерлерді ұтымды пайдалану. Ең маңызды мәселе, әлбетте, ауыл шаруашылығы өндірісіне жарамды жерлерді ұтымды пайдалану.
Бұл проблема топырақты көптеген ғасырлар бойы жүйесіз пайдалану, ормандарды кесу, шөптесін өсімдіктерді малдың жегізу салдарынан топырақ эрозиясына – оның бұзылуы мен құнарлылығының азаюына алып келуі себепті шиеленісе түсті. Топырақ эрозиясы әдетте антропогендік сипатқа ие және су және жел эрозиясы болып екіге бөлінеді.
Су эрозиясы интенсивті жыртылатын беткейлерде дамиды және жазықтық шайылу немесе жыралы-сайлы тордың болуынан көрінеді. Жыралар жағдайында грунт сулары деңгейінің төмендейді, өсімдіктер өзгереді және егістікті машинамен өңдеу қиындайды. Нөсер жауын және еріген суларымен топырақтан жыралар арқылы гумус бөлшектерімен бірге миллиондаған тонна қоректік заттектер шығып кетеді. Бұл топырақ жамылғысын кедейлендіреді және аздырады.
Жел эрозиясы негізінен құрғақшылықты оңтүстік аудандарға тән және орман жолақтарымен жеткіліксіз қорғалған ауқымды территорияларды жыртудан, немесе өсімдік жамылғысы сирек келтін шөлейт және шөл зоналарында малды жүйесіз жаюдан болады. Әдетте ерте көктемде, өсімдіктердің топырақты бекітуі әлсіз болып тұрған кезде соғатын күшті аңызақ желдер топырақ жамылғысының ұсақ бөлшектерін ауаға көтеріп, едәуір қашықтыққа апарады. Нәтижесінде үлкен аумақтардың топырағы зақымданып, өсімдіктері өледі.
«Мелиорация» деген сөз түбірі латын тілінен алынған, жақсарту деген сөз. Көпшілік жағдайда жерді, топырақты жақсарту мағынасында қолданылады.
Оңтүстік Қазақстанның құрғақ, күні ыстық аудандарында егіншілікпен шұғылдану үшін егістіктерді қолдан суармайынша болмайды. Сондықтан бұл аймақта егіншілікпен айналысу атам заманнан бері сумен байланысты. Дегенмен белгілі қазан төңкерісіне дейін бұл өлкеде суармалы егіншілік онша дамымады. Себебі жерді көп көлемде суару — оңай іс емес. Ол үшін күрделі ирригациялық-инженерлік құрылыстар салу қажет болды. Ал ол кездегі жеке меншік, бытыраңқы шаруашылықта не техника, не кадр, не қаржы болмады. Сондықтан ол кездегі егістіктер тек қолдан қазылған шағын арықтар арқылы ғана суарылды.
Мемлекет тарапынан суармалы егіншілікті дамытып, өрістетуге ешқандай көмек болмады. Патшалық Ресей мен оның жергілікті шабармандары бұл мәселеге ешқандай көңіл бөлмей, қаржы босатпады.
Күн сайын өсіп келе жатқан халқымыздын әл-ауқатын жақсарту, күнделікті талғам-талабын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін де, көлемін де арттыра түсу керек. Суармалы жерлердегі егістіктер — ауыл шаруашылығымызды өркендетудің негізгі бір қайнар бұлағы, байлық көзі. Сондықтан бұл саланы өркендету әрдайым назарда болғаны жөн. Әсіресе бұл мәселемен мемлекетіміз соңғы жылдары қатты шұғылданып келеді.
Қазақстанның суармалы жер көлемі казір 1,0 млн гектардай. Олар негізінен оңтүстіктегі Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында. Болашақта осы облыстардағы мол сулы өзендср — Іле, Шу, Сырдария және басқа майда өзендердің суларын тиімді пайдалану арқылы Оңтүстік Қазақстандағы суармалы жер көлемін 2-2,2 млн гектарға жеткізуге болады. Біраз жерлерді республикамыздың батысындағы Жайық өзені, ал республикамыздың шығысы мен терістігіндс Ертіс, Есіл, Тобыл өзендері арқылы суғарылмақ.
Өзін-өзі қадағалауға арналған сұрақтар:
1. Топырақты техногендік өзгерту факторлары қандай?
2. Мелиорация ұғымына не кіреді?
3. Қазақстан территориясында (ТМД-да) мелиорациялауды аса қажет ететін топырақ аумақтары туралы не айтуға болады?
4. Нақты мелиорациялау шаралары жүргізілу барысы қандай?