Төлем карточкаларын ұйымдастыру және оның мүмкіндіктері туралы қазақша реферат
«АТФБанк» АҚ VISA International Халықаралық төлем жүйесінің қауымдастырылған мүшесі болып табылады.
Төлем карточкаларының артылықшылықтары мен мүмкіндіктері:
ü Сізге қолма-қол ақшаны өзіңізбен бірге алып жүру қажет емес
ü Карточканы жоғалтқан жағдайда шоттағы ақша сақталады
ü Тәуліктің кез-келген уақытында шоттағы ақшаға қол жеткізу
ü Интернет арқылы тауарлар мен қызмет көрсетулерді төлеу.
«АТФБанк» АҚ карточкаларының мүмкіндіктері:
ü карточка шотында қалған ақша туралы ақпаратты, банкомат арқылы жүргізілген соңғы 10 операция туралы көшірмені алу
ü банкомат арқылы төлемдер:
- Ø ұялы байланыс операторлары қызметін төлеу
- Ø «Қазақтелеком» АҚ қала телефоны қызметін төлеу
- Ø «ЖилСтройСберБанк» АҚ салымын толықтыру
ü Төлем карталары бойынша несие алу
ü Жанұя мүшелері мен достар үшін қосымша төлем картасын ашу
ü Интернет желісіндегі қызмет пен тауарларға төлеу
ü ҚР кеден бекеттеріндегі қызметтерді төлеу
ü Карточка шотынан басқа карточка шотына, депозитке, бір жолға өкім бойынша басқа банктен шотқа ақша аудару
«АТФБанк» АҚ жеке тұлғаларға арналған төлем карточкаларының мына түрлерін ұсынады:
VISA-Electron – қол жетілген халықаралық төлем карточкасы. Банкомат және әлем бойынша VISA белгісі бар POS-терминалдарында қызмет көрсетіледі.
ҚР-да және одан тыс жерлерде көп тараған төлем картасы. VISA белгісі бар карточка кез-келген жерде банк қызметтерін қосымша қызмет түрлерін пайдалануға және алуға рұқсат береді:
ü Қызмет көрсету орындарындарында қызмет көрсету немесе зат сатып алуды төлеуге
ü Көлікті жалға алуға, қонақүй бөлмесін жалға алуға, авиарейстер билеттерін тапсырыс етуге
ü Сатып алынған заттарды интернет арқылы төлеуге мүмкіндік береді
VISA Gold — қалталы адамдарға арналған бірегей төлем картасы. Карта иесіне кәдімгідей жеңілдіктерді, жоғары деңгейде қызмет көрсетуді, әрі ыңғайлықты қамтамасыз етеді.
VISA-Business – корпаративтік төлем картасы, іскер адамдарға арналған. Ол ұйым қызметкерлеріне іссапар және өкілдік шығындарды төлеу, банкоматтан және қолма-қол ақшаны беру пунктерімен ақша алу мүмкіндігін береді.