Тобыл өзені туралы қазақша реферат
Тобыл өзені – Оңтүстік Оралдың шығысынан басталып, Есілге сол жағынан барып қосылады. Ұзындығы 1678 километр. Қазақстан территориясында оның ұзындығы 800 километр. Оған Сынтасты, Аят, Үй және Обаған өзендері қосылады. Қазақстан территориясына жетпей Есет, Тура және Тавда өзендері құяды. Тобыл өзенінің су жиналатын алқабы 394 600 шаршы километр, ал республикамыздың территориясында 130 мың шаршы километр. Жылдық орташа су шығыны секундына 31 текше метр. Тобыл өзенінің бойында да бірнеше су қоймалары бар.