Тіршілік өмірінің қауіпсіздігі негіздері

Тіршілік өмірінің қауіпсіздігі негіздері туралы қазақша реферат

Мазмұны

І. Кіріспе ………………………………………………………………………………………….3

ІІ. Есептің шығарылуы

№1…………………………………………………………………………………………………..4

№2…………………………………………………………………………………………………..5

№3…………………………………………………………………………………………………..5

№4…………………………………………………………………………………………………..6

№5…………………………………………………………………………………………………..7

№6…………………………………………………………………………………………………..7

№7…………………………………………………………………………………………………..8

ІІІ. Қорытынды ……………………………………………………………………………….9

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ………………………………………………………..10

  Кіріспе

Тіршілік қауіпсіздігі – адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға, төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуына бағытталған шаралар кешені.

Шаруашылықты жүргізу объектілерінде қауіпсіздікті күшейту, халықты қорғау кешенді кешенді шараларын жүргізу кезінде төтенше жағдайларды анықтау, баға беру және де алдын алу шараларын жүргізу маңызды элементтер болып саналады.

Әр жағдайда баға беру, тексеріп отыру кенеттен болатын төтенше жағдайларға дайын болуға, оларды болдырмайтын іс-шараларды жасауға дағдылайды.

Ғимараттардың қирауы, әсіресе халық тұратын жерде, жарылыстардың болуы үлкен залалын тигізеді. Бұл №2 есептеу-графикалық жұмыстың маңызы – алдын-ала құтқару жоспарын құруға, ғимараттың тұрақтылығын күшейтуге дайындайды.

№1 Есеп

Берілгені: Ф0 объектісінің штаб басқарушысы төтенше жағдайлар бойынша аудандық бөлімнен объект құрылысының қозғалыс маршрутының радияция- лық жағдайы туралы ақпарат алды. Ядролық жарылыстан кейін 1 сағат өткендегі радияция деңгейі: 6р/с, 20 р/с, 107 р/с, 54 р/с, 3 р/с. Жарылыс болғаннан кейін 3 сағат өткенде жеке құрам жүріп өтетін жолда қабылдайтын радияция мөлшерін табу керек. Жолды жүріп өту жылдамдығы 15 км/сағ болатын авто- мобиль арқылы жүзеге асады. Уланған ауданның ұзындығы 30 км.

Шешуі:

а) Радиацияның орташа деңгейін анықтаймыз:

Pср=(6+20+107+54+3)/5=38

б) Уланған зона арқылы жүру уақытын табамыз:

t=s/v=30/15=2 сағ

в) Жарылыс болғаннан кейін уланған зонаның жартысынан өткенге дейінгі кететін уақытты табу:

t= 3+2-1=4сағ

г) 3 сағат өткеннен кейін радиация деңгейін анықтау:

Pср/P4=5,28             P4=Pср/5,28=38/5,28=7,2

д) Жеке құрамның қабылдайтын радиация мөлшері:

D=Pср*t/косв=(38*2)/2=38

№2 Есеп

Берілгені: Тұрғын үйлердегі адамдардың химиялық уланудың ошағына түсіп қалғандағы олардың шығынының болу мүмкіндігін анықтау керек. Барлығы 450 адам. Газға қарсы жабдықпен олардың 20% қамтылған.

Шешуі:

Берілген кесте бойынша уланған адамдардың санын табамыз:

Ашық жерде (50%)                                                        Жабық жерде (60%)

П=0.5*500=225 адам                                                     П=0,6*500=300 адам

Жеңіл деңгейдегі улану: 225*0,25=56                           300*0,25=75

Орташа деңгейдегі улану: 225*0,4=90                        300*0,4=120

Ауыр деңгейдегі улану: 225*0,35=78                          300*0,35=105

№3 Есеп.

Берілгені: Объектіде болжанып отырған соққы толқынының максималды қысымын анықтау керек. (∆Рфmax-?)

Объект нысана нүктесінен 8 км қашықтықта орналасқан Rг=3,2 км. Қала бойынша қуаты q=20 кТ-ға тең соққы болжануда; Қарудың жарылыс нүктесінің нысана нүктесінен ауытқуы rауытқу=0,6 км-ге тең. Жарылыс ауада өтеді.

Шешуі:

Жарылыс ортасынан мүмкін болатын максималды қашықтық:

а) Rз=Rг-rауытқу=3,2-0,6=2,6 км

б) Rз=2,6 км және қуаты q=20 кТ  тең болғандағы қарудың артық мөлшердегі максималды қысымын табамыз. Ол ∆=15 кПа

Қорытынды. Объект ядролық залал ошағының қапты қирататын ауданының сыртқы бөлігінде болу мүмкін.

№4 Есеп

Берілгені: Машина құрастыру цехінің ядролық жарылыс толқынының соққысына төтеп беруін анықтау керек.

Завод нысана нүктесінен 4 км қашықтықта орналасқан. Қарудың болжанып отырған қуаты q=200 кТ. Жарылыс жер бетінде жүреді . Қарудың нысана нүктесінен ауытқуы  rауытқу=1,0 км

Цехтің сипаттамасы:

Ғимарат 1 қабатты, кірпіштен салынған, каркассыз, темірбитонды плиткалармен жабылған; Техникалық жабдықталуы; көпірлік крандар крандық жабдықтармен, ауыр станоктар, КЭС пневмоқұралды ауа берумен қамту жүйесінен тұрады, оған қоса жер бетіндегі кабельді электржелілер ауа жіберумен қамтамасыз етеді.

Шешуі:

а) R3=Rr— rауытқу=4-1,0=3 км

б) А қосымша арқылы объектіде болжанып отырған максималды қысымды табамыз.

∆Рфmax=30 кПа

в) цехтың негізгі элементтерінің сипаттамасын жазамыз.

6-кестені қолданып, объектіде болжанып отырған максималды қысым 30 кПа ға тең болғандағы элементтердің жағдайын жазамыз.

  1. Темірбетонды плиткалармен жабылған, 1-қабат, каркассыз, кірпіштен жасалған ғимараттың жарылысқа тұрақтылығы 30 кПа, яғни 30кПа болғанда ғимарат орташа қирауға ұшырайды.
  2. Крандар мен ауыр станоктар 30 кПада әлсіз қирауға ұшырайды, себебі олардың тұрақтылығы 30-40 кПа жетеді.
  3. Электржелілер мен ауа жіберу құбырлары әлсіз қирауға ұшырайды.

Сонымен, 30 кПа қысымды жарылыста цех үлкен шығындарға ұшырамайды. Тек электржелілерінің 10 %-ы істен шығуы мүмкін. Мұның алдын-алу үшін кабельді электржелілерін жерасты жүргізуге болады.

Крандарға қосымша қорғаныс жасау, цехтың ғимаратының әлсіз қирауын болдырмау үшін контрфорсты құрылғылар орналастыру абзал.

№5 Есеп

Берілгені: Машина жасау заводындағы механикалық цехтың қуаты жарылыс кезіндегі жарықтық сәулеленудің әсерінің тұрақтылығын табу керек. Бастапқы мәліметтер: завод қаланың геометриялық центрінен Rr=4км қашықтықта орналасқан. Соққы болудың ықтималдығы бар. Ату жарақтарының болжамды, қуаты q=200кТ. Жарылыс ауада болады, жарылыс центрінің нысана нүктесінен максималды ауытқу болуының ықтималдылығы rауытқу=1,5км, цех ғимараты 1 қабатты. Қабырғаның өртке төзімділігі 2,5 сағ өртке төзімділігі 1 сағ болатын темір бетонды плитадан жасалған. Есік-терезелер ағаштан жасалған және қара түсті. Цехта үшкірлеу және машина бөлшегінің терң қопсытуы болып жатыр. Заводтағы құрылыс тығыздығы 30%. Көршілес ғимараттың өртке төзімділік деңгейі-ІІІ. Өндіріс категориясы ВИТ.

Шешуі:                                        Rx= Rr— rауытқу=4-1,5=2,5 км

q=200кТ                                       U=1700 кДж

Rr=4 км                                        ∆Рфmax=40 кПа

rауытқу=1,5 км

№6 Есеп

Берілгені: Халық тұратын пункттен 4,5 км қашықтықта орналасқан объектідегі апат салдарынан аз аумақты коммуникациялар қирады. Метеожағдай, изотермия, жел жылдамдығы 3 м/с. Халық тұратын жерге уланған бұлттың жету уақытын табу керек.

Шешуі:    10-кесте бойынша уланған бұлттың      орташа  жылдамдығы

ω=4,5м/с

R=4500 м

υ=3 м/с                                           t=R/ω      t=4500/4,5*60=16,67 мин

t-?                                                                                             Жауабы: t=16,67 мин

№7 Есеп

Берілгені: Аммонит қышқылы жарылған заты бар массасы 40,0 т вагон нысанада жарылды. Жарылған зат зарядының массасын Gэф панельден және кірпіштен жасалған ғимараттың жарылыс нәтижесінде бұзылу зонасының радиусын және болжамды зардап деңгейін табу керек. Панельді ғимараттың қабырға қалыңдығы d1=0.3м, кірпіштен жасалған ғимарат қабырғасының қалыңдығы d2=0.5м

k=0.94

Шешуі: 1. Gэф=k*С=0.94*40*103=37600 кг

2. Жарылған заттың түріне байланысты бұзылу зонасының радиусы:

Панельді ғимарат үшін:  d1=0.3м

R=0.6√37600/0.3=212,4 м

Кірпішті Ғимарат үшін : d2=0.5м

R=0.6√37600/0,5=164,5 м

3.Болжамды зардап деңгейі:

S=300000 м2

Sзр=πR2=π*(212,4)2=3,14*45113,76=141657 м2

D= Sзр/S=141657/300000=0,47

4.Д<0,2-0,5 яғни аймақ орташа қирауға ұшырайды

Қорытынды

         Бұл №2 есептеу-сызба жұмысы кез-келген объектінің қирағандағы жергілікті халыққа тигізетін залалын есептеуге, жету уақытын және алдын-алу шараларын жүргізуге бағытталды.

Жұмыста берілген есептер улы заттардың таралу қашықтығы мен жылдамдығын есептеп, адамдарға әсер ететін деңгейлерін табуға, радиация мөлшерін анықтауға үйретті.

Химиялық қауіп немесе улы заттардың тарағаны туралы қалалық Азаматтық штабынан хабар түседі. Хабарды естісімен противагаз кию керек, ол болмаған жағдайда жамылғы немесе басқа нәрселерді басқа жауып, тез арада жақын жердегі паналау орнына жетуге қам жасау керек. Егер үйде не жұмыста болсаңыз сол жердің терезесін, есігін қолда бар нәрсемен тығыздап, үйге улы зат немесе газ кірмейтіндей ету керек. Ескеретін жай улы газдар апаты болғанда үйдің төменгі және жер асты қабатын паналамауға тырысуымыз, себебі, тараған улы заттар ауадан ауыр болса, төменге жиналады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Нұрмағамбетов Ә. «Жер сілкіну: болжам мен сақтану шаралары», Алматы 1999ж///190 бет//.
  2. Журавлев В.П «Защита населения и территорий в чрезвычайных ситуациях», ///369 бет.
  3. Шубин Е.П «Гражданская оборона», 1991 г///223 б//.
  4. Белов С.В «Безопасность жизнедеятельности», Учебник для вузов, //1999 ж///448 б//.