Технологиялар мен инновацияларды дамыту туралы қазақша реферат
2006 жылы инновацияларды енгізген кәсіпорындардың үлесі облыстағы өндірістік кәсіпорындардың жалпы санының 0,6% құрады.
Аймақтық деңгейде 2006 жылы құны 11 млрд. теңгені құраған 9 жоба жүзеге асырылып, 521 жұмыс орны құрылды.
Химия өнеркәсібінде 2006 жылы «ЮИИ Казахстан» ЖШС-ында жарылғыш заттардың сулы-гельді түрлерін шығару басталды, жобаның құны 622,1 млн. теңге, 50 жұмыс орны құрылды. Өндірістік қуаты жылына — 12,0 мың тонна. Жарылғыш заттардың сулы-гельді түрлерін шығарудың әлемде теңдесі жоқ. Араластырғыш — зарядтау машиналарының көмегімен жасау технологиясы экологиялық тұрғыдан таза және қоршаған ортаға зияны жоқ.
Өнімнің жоғары қуатты болуы тау кенін жақсы уатуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тау-кен жабдықтарының өнімділігін арттырып, бұрғылау-жару жұмыстарының шығынын азайтады.
Еденге арналған поливинилхлоридті ламинатталған плиткаларды шығару бойынша «Bar-floors» ЖШС (Қарағанды қ.) – 268 млн.теңге, 21 жұмыс орны құрылды. Өндірістік қуаты–жылына 500 мың шаршы метр. Поливинилхлоридті плиткалар Қазақстанда теңдесі жоқ өндіріс үрдісі мен шығарылатын өнімнің сапасын бақылау мүмкіндігін беретін алдыңғы қатарлы неміс технологиясы бойынша шығарылады.
Сонымен қатар «Электротехникалық бұйымдардың Қарағанды зауыты» АҚ (Қарағанды қ.) жел қондырғыларын жасауды бастады. Жобаның құны 68,8 млрд.теңге, 7 жұмыс орны құрылды. Бұл Қазақстандағы аталған өндірістегі жел қондырғыларын жасау бойынша жалғыз кәсіпорын.
Металлургия өнеркәсібінде 2006 жылы «Миттал Стил Теміртау» АҚ (Теміртау қ.) №7 кокс батареясын 8,4 млрд.теңгеге қайта құрастырылды, 110 жұмыс орны құрылды. Өндірістік қуаты жылына 930,0 мың тонналық аталған жобаны жүзеге асыру металлургиялық зауыттың арнайы коксқа деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қарағанды қаласында әлемдік стандарттарға сай Қазақстандағы бірден – бір «Сантехпром» ЖШС-ында неміс технологиясы бойынша болат радиаторларын шығарады, 120 жұмыс орны құрылған. «Казахстальпром» ЖШС-ында тау-кен байыту және металлургиялық комбинаттар үшін металл бұйымдар шығару басталған. Аталған өндіріс экспортқа бейімделген және импорт алмастырушы болып табылады.
Бірқатар жаңа өндірістер құрылыс өнеркәсібіне де енгізілген. Теміртау қаласында «Тұмар-Тас» ЖШС-ында неміс технологиясы бойынша бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарын шығару ұйымдастырылған. Қарағанды қаласында «Құрылыс материалдарының Қарағанды зауыты» ЖШС-ында неміс технологиясы бойынша құрылыс және қыш кірпіштер шығарыла бастады.
Өтініш берушілерге инновациялық жобаларды жасауда аймақтық технопарк көп көмек көрсетеді. 2006 жылы технопарк 41 жоба бойынша 28 компаниямен жұмыс жасаған. 21 жобамен 16 компания сараптамадан өткен. Олардың 13 жобамен 10 компаниясы Сараптамалық кеңесінің оң бағасын алды.
Нәтижесінде 5 жоба «Ұлттық инвестициялық қор» АҚ-на бағытталды; технологиялар трансфертінің Қазақстандық желісінде орналастыру үшін 3 жоба «ЦИТТ» АҚ-на бағытталды; 1 жоба ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым қорымен қаржыландырылады. 14 компания ұсынған 21 жоба технопарктің Сараптамалық кеңесінде қарастырылу үшін дайын.
2007 жылы кәсіпорын қаржысының есебінен индустриялық-инновациялық бағыттағы жаңа 14 өндіріс енгізу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылы Қарағанды қаласында «Минова-Казахстан» БК ЖШС-ында неміс технологиясы бойынша полимер ампула шығару өндірісі ретке келтірілген, 35 жұмыс орны құрылған. Бұл технологияны қолдану шахталар мен кеніштердегі тау-кен өнімдерін сақтау жөніндегі жұмыстарына байланысты өндірістік шығындарды және жұмысты атқаруға кететін еңбек сыйымдылығын төмендетуге, жұмыстың қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.