ЖОСПАР
Кіріспе
I. Бөлім Темперамент туралы жалпы ұғым
1.1 Темперамент жөнінде түсінік
1.2 Темперамент туралы теориялар
1.3 Темпераменттердің психологиялық сипаттамасы
II. Бөлім Оқушы темпераментімен санасу
2.1 Кіші оқушылар темпераменті және оқушылар темпераментінің физиологиясы
2.2 Оқу ісінде темпераменттерді тәрбиелеу
2.3 Темперамент және мінезді тану, адамдардың қажетін анықтау
2.4 Адамның темперамент түрлерін жұмысында және адаммен қарым– қатынасында анықтау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
КIРIСПЕ
Егемендi елiмiздiң болашағы жас жеткiншектердiң бiлiм дәрежесiнiң тереңдiгiмен өлшенедi. Қазiргi заманғы бiлiм беру әлеуметтiк құрылымының маңызды элементтерiнiң бiрiне айналды. Адамның жеке басын қалыптастыру негiзi бастауышта және орта мектепте қаланатыны бәрiмiзге белгiлi. Мектепте оқушыларға бiлiмнiң қыры мен сырын жетiк таныту, қабiлеттерiн шыңдау , мінез-құлқын жан-жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөліп, Қазақстан Республикасының азаматы деген атаққа лайық болатындай етiп тәрбиелеу — бiздiң мiндетiмiз болмақ.
Оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар берушi- мұғалiм. Мектептегі бiлiмнiң мемлекеттiк стандартында оқушыларды ғылымдар негiзiмен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажеттi тәрбие берiп, оны тәжiрибеде қолдана бiлу үшiн өздiгiнен жұмыс iстеуге, адамгершiлiк мәдениетiн қалыптастыру талап етiледi. Бүгiнгi заманның педагогикалық, психологиялық зерттеулерiнiң анықтауы бойынша мектептiң, әсіресе бастауыш сыныбындағы кезеңi баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын кезеңi.
Ғалым-педагог Л.В.Занков “Оқыту-оқушының жалпы рухани дамуын қамтамасыз етуi қажет”- дейдi.
Көрнектi психолог Л.С. Выготский : “Жақсы оқыту – баланың дамуын iлгерілететiн, дамудың алдында жүретiн оқыту”- деп тұжырымдайды. Ал, оқыту мұғалiм арқылы iске асатын процесс болғандықтан педагогтар мен ұстаздар қауымына үлкен жауапкершiлiк жүктейдi.
Оқушылардың мінез –құлқын жан –жақты етіп тәрбиелеуде олардың темпераменттеріне ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Темперамент тәрбиесінде әрбір мұғалім И.П.Павловтың жүйке жүйесінің типтері туралы іліміне сүйенуі тиіс. Мәселен, аса күшті ұстамсыз типтің жүйке процестерін теңдестіру арқылы одан темпераменттердің жақсы жақтарын тәрбиелеуге болатындығы байқалады. Осы ілімге сүйене отырып тәрбиешілер холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш, ұзақ уақыт жұмыс істеуге үйретіп, сангвиниктерді жұмысты сабырмен асықпай істеуге, флегматиктерді жайбарақаттылыққа салғызбай, меланхоликтерді өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеулері тиіс. Мұғалім оқушылардың темпераменттерін тәрбиелеуді олардың моралдық қасиеттерін тәрбиелеу ісімен орайластыра жүргізуді жоспарлаған жөн.
Балалардың сабақ үстіндегі тәртібін ұйымдастырғанда, әсіресе мінез –құлқының кейбір теріс көріністері әңгіме болған кезде олардың темперамент өзгешеліктері еске алынып отырылуы керек.
Қоғамның негiзгi бағыты бiлiмдi де дарынды балалар даярлау болса, ал мектептiң негiзгi көкейкестi мәселелерiнiң бiрi бiлiм мен қатар тәрбие беру, яғни адамгершiлiк тәрбиесiн қалыптастыру. Жас ұрпақ бойына батылдық, әдiлдiк, мейiрiм мен қайырымдылық, iзеттiлiк пен қамқорлық сезiмдерiн сiңiрудi әр ұстаз, әр пәнде сабақпен ұштастыра жүргiзуі қажет. Осы тақырып төңiрегiнде көптеген ғұлама ғалымдар пiкiрлер айтып, зерттеулер жазған.
Жас бала — жас шыбық тәрiздi қалай исең солай майысады. Сондықтан да әр кезеңде балаға тиiстi көңiл бөлу керек екенi заман талабы, тәрбие кепiлi деп түсiнуiмiз керек.
Қазiргi қоғамдағы әлеуметтiк, психологиялық және рухани – адамгершiлiк ахуалдың оң өзгерiске бет бұруы қуантарлық жағдай. Бүгiнде Қазақстанның бiлiм беру жүйесi дүниетанымдық адасудан арылуда.
Осы айтылғандардың барлығы алынып отырған тақырыптың күрделiлiгiнiң, ғылыми және тәрбиелiк жағынан маңыздылығының, көкейтестiлiгiнiң дәлелi бола алады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын “Темперамент жөнінде түсінік ” деп алынып, ғылыми тұрғыдан зерттеу жұмысы жүргізілді.
Егер, мектепте оқушылардың темпераментін анықтау, дамытудың әдiс-тәсiлдерiн тиімді қолданылса, онда оқушылардың адамгершілік мәдениетін қалыптастырудың бір құралына айналып, дүниетанымдары кеңейгенімен қатар, тәрбие деңгейлері де артар еді.
Курстық жұмысымның құрылымы: кiрiспеден, екi бөлімнен, қорытынды және әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Тақырыптардың толықтай мазмұнымен төменде таныса аласыздар.