Педагогикалық тәжірибе — ғылыми танымдың негізгі әдістердің бірі, оның көмегі арқылы нақты құбылыстар бақылау және басқару жағдайында зерттеледі. Тәжірибе бұл қолданбалы және ғылыми болжамға бағытталған зерттеудің айрықша түрі. Тәжірибеде әрқашан кейбір жасанды немесе тәжірибелі жағдай қалыптасады, зерттелетін құбылыстардың себептері айқындалады, бұл себептердің салдары, әрекеті қатаң бақыланады және бағаланады, зерттелетін және басқа құбылыстар арасындағы статистикалық байланыс анықталады. Тәжірибенің әр алуан түрлері бар: ұзақ және қысқа мерзімді, табиғи және зертханалық, жинақтаушы, қалыптастырушы, қорытындылаушы, пилотажды және негізгі, т.б. Тәжірибе пилотажды зерттеуден басталады, оның міндеті тәжірибенің қаншалықты ойластырылып дайындалғанын, оның тақырыбы дұрыс анықталғандығын, болжамдар анық берілді ме, әдіс жақсы таңдалды ма, статистикалық өңдеу мүмкіндіктер мен алынған нәтижелерді түсіндіру тәсілдері тексеріледі.
Егер өткізілген пилотажды тәжірибе оң нәтиже беретін болса, онда белгіленген кемшіліктер жойылғаннан кейін, негізгі тәжірибені өлшеуге кіріседі. Немесе тәжірибеде ұсынылған болжамдарды дәлелдеуге қажет алғашқы деректер жинастырылады. Оны одан әрі жүйелейді және қорытындылайды. Тәжірибе нәтижесі мөлшерлік және сапалық ерекшеліктерімен айқындалады.
Педагогикалық зерттеулерде төжірибелік жұмыстардың бірнеше түрлері қолданылады:
А. Жинақтаушы тәжірибе оқу-тәрбие процесінің жүйе ретіндегі нақты жағдайын анықтайды;
Б. Қалыптастырушы тәжірибе оқу-тәрбие процесінің жаңа байланыстарын, қасиетін, заңдылықтарын, қағидаларын, жетілдіру жолдарын анықтауға жол ашады.
В. Қорытындылаушы тәжірибе теориялық қағидалардың дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.