Таулы шығыс пен Атлант маңы ойпаты туралы қазақша реферат
Таулы шығыс пен Атлант маңы ойпатының табиғи жағдайы негiзiнен құрлықтың шығыс бөлiгiндегi биiк таулы тосқауылдармен, атмосфераның циклондық циркуляциясы мен пассатты жылы мұхитпен байланысты. Солтүстiктен ығысатын оңтүстiк-шығыс пассаттарының (күз және қыс мезгілдерінде), 150о.ендіктің солтүстiкм- шығыс (жазда) және қиыр солтүстікке дейін жететін қысқы фронтальдық циклондардың әсерінен жағалаулық беткейлер жақсы ылғалданған. Нәтижесiнде солтүстiкте жылына 1000-1500 мм, оңтүстiкте – 4500 мм — ге дейiн жауын – шашын түседi. Жағалаудағы орташа айлық температура солтүстiкте 25-280С, оңтүстiкте 20-260С дейiн, салыстырмалы ылғалдылық 76-82%.
Осы жағдайларда үгiлу қабатының қалыңдығы 80 м-ге жетедi. Латериттi жыныстар, шығыстағы кесек тастардың баспалдақты жер бедері, қиылыса дамыған жарылымдар, ысырынды үрдісінің жиналудан басым болуына байланысты еңкіштігі 35-380 беткейлерде қалдықты шыңдар немесе -“қантты бастар”-деген атпен белгiлi қалдықты шыңдар пайда болған. Олардың арасында және олардан шығысқа қарай жер асты сулары мен өсімдікке кедей плиоцендiк террасалар — табулейрош және байшадас деп аталатын батпақты ойпаттар дамиды.
Жағалық сызықтан батысқа қарай серр қалдықтарының кертпештерi көтерiлiп, iшкi пенепленге (Жағалаулық серра немесе Серра-ду-Мар), немесе терең грабендермен (Серра-де-Мантикейра және Парайба аңғары) аусады. Бүкiл массивтерде, “қантты бастарды” қоса алғанда, қазiргi көтерілулерге ұшыраған ежелгi жазықтану беткейлерi анық байқалады. Гидрографиялық тор жақсы дамыған, қарқынды регрессивтi эрозияның әсерінен өзен бастауларының бір – бірімен қосылып кетуі орын алған. (мысалы, Параибаның -Тиета бастауымен қосылуы).
Барлық құрлықтың көтеріңкі шығыс беткейлеріндегідей (мысалы: Үндіқытай, Мозамбик, Австралия т.б.) серраның кертпештерi ылғалды тропиктiк -«мато атлантика» деп аталатын ормандармен көмкерілген. Оларда таудың күлгін латериттi қабаты түзiледi. Биiк серраларда биiктiк белдеу анық байқалады, 600 м – ге дейінгі биiктiкке орман ағаштары кесіліп, орнына мақта, қант құрағы, какао және т.б. тропиктiк мәдени өсiмдiк плантациялары егілген.Сонда да, әлi де мәңгi жасыл алып, бағалы ағаштар: бразилия пауы -(Caesalpinia echinata), ал қызыл палисандр ағашы- жакаранда (Machaerium mimosaefolia) пальма т.б. кездеседi. 600-1200 м — лік беткейлер тiк, белдеуде жауын-шашын мол, температура төмен, ағаш тәрiздес папоротник және бамбуктар басым. Жоғарғы орманды белдеуде (2100 – 2200 м) жапырақтары суық мезгілде түсіп қалатын ағаштар, ал 2400 м –ден жоғары (шiлде айының орташа температурасы 6-70 С, минимальды шамасы-200С) – арал тәрізді шымтезек пен батпақтар кездеседi. Таулы шығыстың ық жақ беткейлерi аралас ормандармен жабылған.
Таулы өлкенiң оңтүстiк бөлiгiне үш морфоқұрылым тән: шығысында кристалды төбелi таулы өлке, орталықта шөгiндi жазықтар және батысында лавалық Парана үстiрт. Шығыс пенеплендер екi антеклизалық күмбездерден пайда болған.
Жоғарғы Парана жазығының 18-240 о.е. таралығында климат тропктік, ылғалдылығы маусым бойынша өзгермелі. Қуаңшылық кезең оншап байқала қоймайды, жауын – шашын мөлшері 1500 мм. Тек жауын – шашынның көлеңкесінде орналасқан ішкі жазықтарда ғана мөлшері 1000 -мм-ден аспайды. Ашық-қызғылт құмайтты, құмды топырақтардың суды сіңіру қасиетіне байланысты мұнда бұталы саванна: капос лимпос, кампос серрадос, жайылымдар мен суармалы егістікте мақта өсіреді. Кристалды және лавалық жыныстар қара шіріндісі жеткілікті (12% пайызға дейін) ақшыл көк-қызыл топырақтың «терра роша» қолайлы. Парана мен оның салаларындағы жыныстардың литологиялық құрамы мен жаңа тектоникалық үрдістердің әсерінен табалдырықты жер бедері мен сарқырамалар пайда болады. Тиете өзенінің сағасына дейін Парана өзені (56 табалдырық), биіктігі 12 метрге жететін Урабупанга сарқырамасын қалыптастырады.
Оңтүстікке таман 240-300 о.е. аралығындағы субтропиктік таулы өлкенің тілімденнуі жоғары: 1500 м дейінгі кристалды массивтер куэстермен, ені кең өзен аңғарларымен, базальтты кертпештермен алмасады. Мұнда сарқырамалар көп, солардың ішінде дүние жүзінде белгілі биіктігі 80 метрге жететін Игуасу сарқырамасы орналасқан. 240 о.е. дейін қоңыржай белдеудің ауа массалары енеді, сондықтан қыс айларында циклондық жауын –шашын түседі, шілде айында температура 40 С-қа төмендейді (орташа айлық температура 12-130 С, яғни тұрақты ылғалды субтропиктік климат қалыптасады. Жылу сүйгіш тропиктік ормандар жағалаулық серраға немесе Парана ойпатына ығысады, ал таулы қыратта субтропиктік климатқа тән мәңгі жасыл аралас ормандар – пинерайа дамиды. Олардың атауы «Парана қарағайынан» пайда болған.
Таулы қыраттың қиыр оңтүстігінде (СубтропиктікУругвай жазығы) ойпатты жазықтар орын алады, себебі Бразилия қалқанының оңтүстік бөлігі Ла-Плата синеклизасына батып кеткен. Тек аласа бойлы кристалды қыраттардың биіктігі орталығында (200-300 м) (Кучилья-Гранде) және батыстағы лавалық үстірттер (Кучилья-де-Аэдо) жер бедерінің жазықтығына өзгеріс енгізеді; “шеткі депрессияда” Жакуи өзенінің аңғары орналасқан.
Антеклизаның шығыс бөлігі төрттік кезеңнің үйінділерінің астына еніп кеткен, сондықтан олардың орнында мұхиттан бөлінір қалған лагуалық ойпаттар (ірі өзенді лагуна Патус және Мирин т.б.) жайылған.
Жазық бетімен қыста полярлы фронт циклондары еркін айналымға түссе, жазда мұхиттан муссонды ылғалды желдер келеді. Мол және бір қалыпты түсетін жауын-шашын (1000-1400 мм), салыстырмалы ылғалдылығы жоғары (65-80%), айтарлықтай бұлттылық және жылдық температураның бірқалыпты таралуы(10-240С) климаттың мұхиттық екені көрсетеді. Қиыр оңтүстік өзендерінің жыл бойы суы мол. Өзен аңғарларының шығу тегінде таулы өлкенің құрылымдық элементтері байқалады: ірі өзен деп саналатын Уругвайдың (ұзындығы 1650км, бассейн көлемі 360 мың км2, шығыны секундына 22 мың м3) аңғарында баспалдақты жер бедері мен сарқырамалар жеткілікті.
Ылғалдану деңгейі мен радиация көрсеткіштері ағаш тәріздес өсімдіктердің жетілуіне қолайлы болып келеді. Прерия мен ағашсыз саванналар – кампос лимпос басым болып келеді. ТМД – ның шалғынды далаларынан айырмашылығы қысқы тыныштық кезеңнің болмауымен, сонымен қатар, кейбір жергілікті өсімдік түрлерімен (портулак, вербена, алқа т.б.) және мәңгі жасыл формациялармен, галерейлі ормандар мен қыраттарда жапырақты бұталар, талдардың (мимоза, мирт, лавр) кездесуі. Шығыс құмды Уругвай өзенінің бойындағы жағалауға пальма ятаи (Cocos jаtai) тән. Субтропиктік қызғылт-қара топырақ ауыл шаруашылығына жарамды. Бірақ, Уругвайдың мал шаруашылығында біржақты мамандануының ұзаққа созылуы салдарынан топырақ эрозиясының дамуы орын алған.