Тасымалдау шарты бойынша тасымалдау жөніңдегі міндеттемелер туралы қазақша реферат
Тасымалдау шарты бойынша тасымалдау жөніңдегі міндеттемелер орындалмаған немесе тиісті дәрежеде орындалмаған жағдайда жүкті тасымалдаушы, жүк жөнелтуші, жүкті алушы мүліктік жаупкершілікте болады. ТМД елдерінде шектеулі жауапкершілік қағидасы қодданылады.
АҚШ-тың зандылығы: белгілі бір жағдайларға байланысты тасымалдаушының шарттың жауапкершілігіне шектеуге жол береді. Германияның жүкті автокөлікпен тасымалдау туралы заңы алыс жолға тасымалдау кезінде кәсіпкер заңдылық бойынша белгіленген немесе тариф бойынша белгіленген тасымалдау шартында көрсетілгендіктен жауапкершілікті шектей не алып тастай алмайды.
Француз зандылығы: тасымалдау шартында тек қана жүкті жеткізудегі мерзімнің өтіп кетуіне байланысты жауапкершілік қана әрекет етеді.
Жүкті халықаралық тасымалдау кезінде тараптардың жауапкершілігін шектеу немесе жоғарылатуға жол берілмейді.
Кейбір елдердің ұлттық зандылығында және халықаралық келісімдерде белгіленген шектеу немесе жауапкершіліктен босату, егер тасымалдаушы алдын ала ойластырып немесе немқұрайдылығына байланысты зауал келтірген жағдайда қолданылмайды деп қарастырылған.
Жүкті халықаралық тасымалдау кезінде тасымалдаушы жүкті жөнелтуге қабылдап алған сәттен бастап, оны жеткізгенге дейін жүктің сақталуына жауапты болады (жоғалуы, жетіспеушілігі, бүлінуі немесе зақымдануы). Бұл жауапкершілік кінә қағидасы бойынша құрылады.
Тасымалдау кезінде арақашықтықты анықтау және көліктің жүру маршруты әрқалай анықталады. Кейбір елдерде оны тасымаддаушының өзі анықтайды, ал кейбір кезде келісімшартта көрсетіледі.