Сәйкес күштердің арасындағы потенциалдарын айырымын тіркеуге көмегін беретін, әрбір қос электрод тармақталу электродтары деп аталады.
Бұлардың әртүрлі системалары болады. Олар бір бірінен нүктелердің орналасу орнына байланысты айырмашылықта болады. Емдеу практикасында көбіне кең қолданылатын тармақталу электродтарының орны соңғы нүктелердің орналасу орнына байланысты.
Эйнтховен электродтарының әрбір қос электрдтары құрайтын тармақталу электродтарын стандарттық деп атайды да, оларды І, ІІ, ІІІ деп белгілейді.
І тармақталу электродтары: оң қол сол қол ,
ІІ тармақталу электродтары: оң қол сол аяқ
ІІІ тармақталу электродтары: сол қол сол аяқ .
Электродтарды жоғары және төменгі нүктелерге жауып таңып қояды. Оң аяққа жерге қосатын электродтарды қосып қояды. Егерде Эйнтховен теориясы жүректің электрлік қызметін немесе әрекетін нақтылы көрсете алатын болса, онда жүректің электрлік векторының қызметін толық жазып шығару үшін, Эйнтховен үшбұрыштарының қабырғаларына түсірілген проекцияларының үшеуінің, екеуін ғана тіркеу жеткілікті болар еді.
Тең бүйірлі үшбұрыштың ең жоғарғы нүктесі тіркеу нүктесі бола алмайды, жүректің электрлік векторының бастапқы нүктесі үшбұрыштың дәл центрінде жатпайды, дененің бетімен түйісетін, жанасатын электродтардың барлық нүктелері, барлық жерде бірдей болмайды және тағы сол сияқтылар. Сондықтан практикада жүректің жұмыс істеу қызметін әлқайда нақты зерттеу үшін барлдық үш тармақталу электродтарының көрсетуін тіркейді, стандарттық тармақталу электродынан басқа, биполярлық, монополярлық тармақталу электродының көрсетуін қолданады, бұндай жағдайда күшейтілген зерттеу деп атайды.
Бір полюсті күшейтілген тармақталу электродтары стандарттық электродтан және ортақталған потенциал нүктесінен тұрады. Осындай күшейтілген электродтар арқылы белгіленеді
Жүректің бұлшықетіне қан жетіспеушіліктен ауырған кезде жүректің электрлік векторының фронтальдық проекциясы барлық уақытта өзін көрсете алмайды, сондықтан кейде бір полюсті кезде бұрылу электродын қолданады. Кеуде электроды с электроды кеуде жасушаларының бетінің белгілі бір нүктесіне жауып танылады. Күшейтілген потенциал нүктесін үш стандарттық электродтардың бірдей резисторларын өзара бір бірімен жалғау арқылы алуға болады. Кеуде тармақталу э