Тәрбие процесіндегі қарым –қатынас пен іс –әрекеттің рөлі курстық жұмыс

Мазмұны
Кіріспе

1. Тәрбиенің ғылыми әдістемелік негіздері
1.1 Тәрбие процесінің принциптері
1.2 Тәрбие процесінің заңдылықтары

2. Тәрбие процесіндегі қарым-қатынас пен іс-әрекеттің рөлі
2.1 Тәрбие процесіндегі қарым-қатынастың рөлі
2.2 Тәрбие процесіндегі іс-әрекеттің рөлі

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Тәрбие процесі  — күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті өз кезегінде өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы әрқилы жүйе мен құрылымдар түзуге болады. Қазіргі теориялық педагогикада Тәрбие процесінің  талаптарымен құрылған мынадай жүйелері белгілі: Тәрбие процесінің мақсаты, міндеті, мазмұны, процестің өту жағдайлары, тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы, тәрбие іс-әрекетінің қолданылатын әдістері мен формалары, процестің даму кезеңдері және т.б.

Тәрбие мазмұнын түсінерде қойылатын талаптар мен мақсаттарға сай оқушының білімі, нанымы, дағдылары, тұлғалық сапасы мен белгілері тұрақты әдеттер жүйесі деп қабылданған.

Тұлғаның жан-жақты және үйлесімді дамуы — бұл ақыл-ой, дене, адамгершілік, еңбек пен политехникалық, эстетикалық тәрбиелердің біртұтас педагогикалық процесте тоғысуы. Қазіргі тәрбие бағыттарының негізіне мына идеялар жатады:

Тәрбие мақсаттарының шынайы болуы. Бүгінгі нақты мақсат — бұл адамның ептіліктері мен дарындығына сүйене отырып, оны жан-жақты дамыту. Бұл мақсатқа жетудің құралы — әр адамның мәдениет қоры негіздерін игеруі. Осыдан тәрбие мазмұнының орталық түсінігі, яғни тұлғаның »базалық мәдениеті» келіп шығады. Бұл өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті болып табылады, яғни, экономикалық мәдениет пен еңбек мәдениеті, саяси, демократиялық және құқықтық мәдениет, адамгершілік пен экологиялық мәдениет, көркемөнер және дене мәдениеті, отбасы қатынастар мәдениеті.

Үлкендер мен балалардың біріккен іс-әрекеті. Тәрбиеші жұмысының мазмұны балалармен бірге рухани мәдениеттің жақсы үлгілерін, адамгершіліктік өнеге, іс-әрекет мәдениетін іздестіру арқылы өмір нормалары мен заңдылықтарын өңдеуден құралады. Тәрбие процесінде оқушының өзіндік белсенділігі көрінеді.

Өзін-өзі тану. Адамның сенімі, демократиялық көзқарасы, өмірлік позициясы арқылы тұлғаның толық қалыптасуы нақты тәрбиеде жобаланады.

Тәрбие мазмұнындағы маңызды элемент — адамның өмірлік өзін-өзі тану мәдениеті. өмірлік өзіндік таным — бұл кәсіптік, азаматтық түсініктерді қамты-майтын өте кең ұғым. өмірлік өзін-өзі анықтау мәдениеті адамды өз бақытының және өз өмірінің субъектісі ретінде сипатталады. Адамның өзіне-өзі үйлесімді болуы арқылы оның кәсіптік, азаматтық және адамгершілік өзіндік танымы қалыптасады.

Тәрбиенің тұлғалық бағыты. Мектептегі тәрбие жұмысының өзегін тек бағдарлама, іс-шаралар, әдістері мен формалары ғана құрамайды, сонымен қоса ол бала, жеткіншек, жасөспірім арқылы сипатталатын педагогика-лық істің жоғары мақсаты мен мәніне тәуелді. Олардың жеке қызығушылығы, ыңғайы, өзіндік мінез-сипаты мен бірге өз қадірін сезінуін дамыту керек. Тәрбиеленушілердің қызығушылығынан жоғары рухани қажеттіліктеріне қарай өтуі тәрбие ережесіне айналуы қажет.

Өз еркіндігі. Тәрбиеленушінің өз еркі болмай, тәрбие жұмыстарын дамыту, бірлесе жұмыс істеу идеяларын іске асыру мүмкін емес. Тәрбие процесі еріксіз ұйымдас-тырылса, ол балаға да, мұғалімге де кері әсерін тигізеді. Балаларды »тәрбиелеуге» міндеттеме керек. Егер тәрбиелеушілер тәрбиеленушілердің қызығушылығына, асқақ арманына, азаматтық және жолдастық міндеттеріне, өзбеттілігі мен шығармашылығына сүйенсе, сонда тәрбиеленушілердің тәрбиеге деген ықылас-ынтасы оянады.

 курстық жұмыс / 32 бет