Табиғатты қорғайық, аялайық! балабақшадағы ашық сабақ

Табиғатты қорғайық, аялайық!

Мақсаты: Балаларға «флора және фауна» туралы мағлұмат беру.

Білімділік: Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілк және ұқыптылық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Дамытушылық: Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа баулу.

Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, өсімдіктер мен жануарларды қорғауға және қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: «Флора», «Фауна»

Жеке жұмыс: Ақмарал мен Жолдасқа жыл мезгілдері туралы айтқызу.

Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, өлең оқып беру, үйрету, ойын-жаттығулар, сергіту сәті, сұрақ-жауаптар, мадақтаулар.

Көрнекі құралдар: Жасыл және қоңыр түсті дөңгелектер. Орман, үй, гүлзар, ағаштар бейнеленген плакаттар. Үй жануарлары, жабайы аңдар, гүлдердің суреттері. Жақсы-жаман қасиеттер бейнеленген суреттер.