Табиғатты қорғайық, аялайық!
Мақсаты: Балаларға «флора және фауна» туралы мағлұмат беру.
Білімділік: Өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне деген жауапкершілк және ұқыптылық қарым-қатынасты қалыптастыру.
Дамытушылық: Ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту, шапшаңдыққа баулу.
Тәрбиелік: Балаларды табиғатты сүюге, өсімдіктер мен жануарларды қорғауға және қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.
Сөздік жұмыс: «Флора», «Фауна»
Жеке жұмыс: Ақмарал мен Жолдасқа жыл мезгілдері туралы айтқызу.
Әдіс-тәсілдер: Түсіндіру, өлең оқып беру, үйрету, ойын-жаттығулар, сергіту сәті, сұрақ-жауаптар, мадақтаулар.
Көрнекі құралдар: Жасыл және қоңыр түсті дөңгелектер. Орман, үй, гүлзар, ағаштар бейнеленген плакаттар. Үй жануарлары, жабайы аңдар, гүлдердің суреттері. Жақсы-жаман қасиеттер бейнеленген суреттер.