Сыртқы сауда операциялары курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе…….3
I Сыртқы сауда …….4
1.1 Сырқы экономикалық қызметінің жалпы мәселелері ……..6
1.2 Шетелдік валюта операцияларының есебі …….8
1.3Тауарлардың импорты бойынша жасалатын операциялардың есебі….11
1.4 Тауарлардың экспорты бойынша жасалатын операциялардың есебі …….14
II Толлингті операциялардың есебі ………15
2.1 Сыртқы экономикалық қызметпен байланысты басқа да операциялардың есебі ……..15
2.2 Тауар шығарылған елді анықтау және тауардың шығуы туралы сертификат беру ережесі……18
Қорытынды…….28
Қосымшалар…..29
Пайдаланылған әдебиеттер…..35

КІРІСПЕ

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын   алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау  үшін негіз бола отырып, тұтынуды, таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының  бухгалтерлік есебі «Бухгалтерлік есеп Стандарттарында» және субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының «Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалары мен ережелерінің» негізінде құрылады және ол бүкіл алынған ақпарттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымын, ұйымының нысанына, айрықшы ерекшелігіне, есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Шарушылық жүргізудің қазіргі жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектінің күрделі экономикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай-ақ толық, сенімді ақпартсыз басқару жүйесін  іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Экономиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары  шикізат пен материалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге , оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қарсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтары, ақша қаражаттарын және басқа да ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айырықша бағаламауға болмайды.

Есепке алынған ақпараттардың көмегімен шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелеренің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасынң даму заңдылықтарын зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланады.

 Курстық жұмыс / 35 бет