Сухомлинский Василий Александрович туралы қазақша реферат
В.А.Сухомлинскийдің өмірі мен педагогикалық қызметі туралы бүгін де біршама әдебиет баршылық, әдебиеттердің үлкен бөлігі В.А.Сухомлинскийдің ғұмырнамалық деректерін және педагогикалық көзқарасын талдауға арналған.
Сырт қарағанда, В.А.Сухомлинскийдің өмірі көптеген оның құрдастары мен замандастарының өмірбаянының айырмашылығы өте аз сияқты көрінеді.
Сухомлинский Василий Александрович 1918 жылы 28 қыркүйекте, УССР, Кировоград облысында, Онуфриев ауданы, Васильевка селосында дүниеге келген. В.А. Сухомлинский совет педагогы. СССР Педагогика ғылымының корреспондет мүшесі (1957), УССР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім, Социолистік Еңбек Ері (1968). 1943 жылдан КПСС мүшесі, 1939 жылы Полтава мемлекетінің педагогика институтының тіл және әдебиет факультетін бітірді.Педагогикалық қызметі 1955 жылдан басталды. 1947 жылдан Кировоград облысы, Павлыш орта мектебінің директоры болды. Сухомлинский коммунистік тәрбие және оның ішінде еңбек тәрбиесі проблемаларын зеріттеді (оқушылардың коммунистік сенімділігін қалыптастыру, еңбекке коммунистік қатынасын коллктивизмге тәрбиелеу т.б.), бастауыш мектептердің оқу-тәрбие жұмыстарының методикасымен, шұғылданды. Сухомлинский –дарынды мұғалім, талантты ғалым әрі публицист. Оның мектепке басшылық етудегі және жұмысындағы құнды тәжірибесі «Павлыш орта мектебі» (1969) атты кітабында жан-жақты баяндалды. Сухомлинскийге « Балаға жүрек жылуы» атты кітабы үшін УССР-інің мемлекеттік сыйлығы берілді (1974), қазақ тіліне аударған (1976). Сухомлинский 2 Ленин орденімен, Қызыл Жұлдыз ордені, К.Д. Ушинский, А.С. Макаренко медальдарымен наградталды.
«Жоқ, ол кабинеттен шықпайтын ғалым болған емес. Ол жалынды да жігерлі, өзіне-өзі қайшы кенлгенше беріліп кететін жауынгер адам еді. Сухомлинский өз ойының жетегіне ергенде ештеңеден қаймықпайтын, шешілгенге дейін, өз пікірі қабылданған жалпы пікірге кереғар келер-ау деп қорықпайтын. әлі ешкім де коллективті дәл В.А. Сухомлинскийдей жоғары бағаламаған, солай қарамаған болар. Бірақ коллективол үшін кінәлі болып қалған оқушыға, дөрекілеу айтсақ, ешқашан тәртіп жағынан ықпал ету құралы болған емес, қайта кісінің жан-жақты дамуы мен рухани баюының қажетті шарты болды. Аса көрнекті педагогтың қамқорлығы мен ұдайы толғаныстарының тақырыбы нақ осындай коллектив еді. Егер оның қазір шығып жатқан әрбір кітабы еліміздің мұғалімдер жұртшылығының өміріндегі ғана емес, жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ден қоятын баршаның өміріндегі оқиғаға айналатын болса, «Коллективтің құдіретті күші» кітабының жарыққа шығуы-жалпы ғанибет те қуанышты құбылыс. Бұл аса көрнекті педагогтың, аса көрнекті ғалымның өмірінің соңғы жылдарында жазған, демек, мектеп өмірінің мәселелері төңірегіндегі ұзақ жылдар бойғы, ойының қорытындысы болып табылатын ойлар мен сезімдерді жинақтаған соңғы кітаптарының бірі болғандықтан да; кітап мазмұны педагогика мен мектеп өмірінің ең күрделі де, ең маңызды мәселелерінің бірі коллектив пен кісінің өзара қарым-қатынасы мен өзара ықпалы туралы болғандықтан да ғанибет те қуанышты.
В.А.Сухамлинский, В.Г.Короленко атындағы Полтава педагогикалық институтында оқыды. В.А.Сухомлинский педагогика ғылымының негіздерінен білім алғаны балалармен жұмыс істеу ептілігіне, қарым-қатынас мәдениетіне, ғылыми ізденіске ұмтылуды қалыптастырғаны үшін Полтава педагогикалық институтына қарыздар. Бұл институттың қабырғасында оның есімі мәңгі қалды.
1982 жылы В.Г.Короленко атындағы Полтава педагогикалық инстиутының ғимаратында Василий Александровичтің есімін мәңгі есте сақтау мақсатында мемориалдық тақта орнатылды.
1938 жылы институтты бітіргеннен кейін, В.А.Сухомлинский өзінің туған жеріне оралады, Онуфриев орта мектебінде украин тілі мен әдебиетінен мұғалім болып қызмет атқарады.
1941 жылы өз еркімен майданға аттанады. 1942 жылы қаңтар айында Москва ерлікпен қорғау кезінде Сухомлинский ауыр жарақаттанады. Уралда әскери госпитальде ұзақ емделгеннен кейін, сол кезде неміс басқыншыларынан азат етілген туған жеріне қайтадан оралды.
1948 жылы В.А.Сухомлинский Павлыш орта мектебінің директоры болып тағайындалды және үзбестен оны өмірінің соңына дейін, 22 жыл бойы басқарады. Соғыстан кейінгі тұрмыстың барлық қиындығын басынан кешуге тура келді. Соғыстан қираған Украина селоларында алғашқы соғыстан кейінгі жылдарда өмір сүрген қиын болғандығын жақсы біледі, соғыс қаншама балаларды анасынан, әкесінен және ең жақын бауырларынан айырды. Мектепке тек ғана қарапайым мұғалім ғана емес, балалардың жаралы жан дүниесін арашалай білетін, соғыстың құрбаны болған ата-аналарының орнын толтыратын ұстаздар қажет болды. Осындай мұғалім өз шәкірттері үшін әкесі және тәлімгері, әр күн және әр сағат сайын өз жүрегінің жылуын арнаған В.А.Сухомлинский болды.
Педагогке философ сияқты, оның танымдық қағидалары, педагогикалық сенімдерін қалыптастыру үшін ондаған жылдарды қажет етеді. В.А.Сухомлинскийдің көптеген жылдары осыған кетті.
В.А.Сухомлинскийдің рухани күш-жігері мен талантының шарықтаған кезінде 1970 жылы 2 сентябрьде дүниеден озды. 1942 жылы Москва маңында алған ауыр жарақаты із-түссіз кеткен жоқ, кейін ол біліне бастады.
Өзінің педагогикалық еңбегі үшін ол екі рет Ленин орденімен марапатталды. 1957 жылдан В.А.Сухомлинский РСФСР Педагогикалық ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, 1958 жылдан УССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі. 1968 жылы оған үкіметтің ең жоғарғы Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Сол жылы СССР Педагогикалық ғылымдары академиясының корреспондент-мүшесіне сайланды.
В.А.Сухомлинский – 41 монографиялар мен жекеленген кітаптардың, 600 астам ғылыи мақалалардың, 1200 әңгімелер мен ертегілердің авторы. Оның еңбектерінің жалпы таралымы біздің елімізде және шет елдерде әртүрлі тілдерде 4 миллионға тарта данаға жетті.
1970 жылдың сәуір айында ол еңбектерінің жиынтығы бойынша докторлық диссертацияны қорғау үшін “Жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу мәселелері” тақырыбында баяндамасын аяқтады.
В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінің ішінде еліміздің педагогикалық жұртшылығы мен көптеген шетелдерде белгілі және кеңінен тараған “Балаға жүрек жылуы”, “Азаматтық қалыптасуы”, “Коллективтің құдыретті күші”, “Павлыш орта мектебі”, “Мұғалімдерге жүз кеңес”, “Мектептің жас мұғалімімен әңгіме” т.б. кітаптарын ерекше атауға болады.
А.С.Макаренконың идеясының белсенді ізбасары және жалғастырушы В.А.Сухомлинский ұжыммен және жеке оқушымен жұмыс істеу әдістемесіне көптеген жаңалық енгізді. В.А.Сухомлинский дәстүрлердің, фольклордың, табиғаттың және т.б. тәрбиелік ықпалы мәселелерін терең және жан-жақты талдады.
Оның қызметінде әрбір педагогтың өзінің кәсіби қызметіне шығармашылықпен қарау мәселесі басты орынды алды. Өзінің “Мектептің жас директорымен әңгіме” еңбегіне былай деп жазды: “Егер педагогикалық еңбек мұғалімі қуаныш әкелсін десеңіз, егер күнбе-күнгі өткізілген сабақтар жалықтыратын, бірсарынды қайталанып отыратын жұмысқа айналмасын десеңіз, әрбір мұғалімді зерттеудің бақытты жолына жетелеңіз”.
Бүкіл әлемге ерекше танымал болған В.А.Сухомлинскийдің “Балаға жүрек жылуы” еңбегінде ол балаларды үйлесімді дамытуға бағытталған тәрбиешінің жұмысының жемісті болуы әрбір баланың рухани өмірі мен даму ерекшеліктерін тек ғана терең білгенде ғана мүмкін екендігін анық та және айқын көрсетіп берді.
В.А.Сухомлинскийдің көзқарасының қалыптасуына Я.Корчактың әсері ерекше болды. Белгілі поляк педагогының тамаша еңбектерімен, атап айтқанда “Баланы қалай сүюге болады” (1920), “Қашан мен қайтадан кішкентай боламын” (1926) В.А.Сухомлинский соғысқа дейін таныс болған еді. Я.Корчак гитлер конц-лагерлерінің бірінде 1942 жылы тамыз айының бас жерінде. Жетімдер үйінің тәрбиеленушілерімен бірге қайтыс болды. Өзінің өмірін сақтауға болар еді, оған бірнеше рет қашуға ұсынған болатын-ды. Бірақ ол өзіне шексіз сенген адамдарды сатып кете алмады. Көргендердің айтуына қарағанда, достарының геттоны тастап кету және өзін аман сақтау туралы ұсынысына, өз ісіне берілгендігімен жауап берді. Я.Корчак газ толтырылған камерада өлім азабының соңғы минуттарының алдында қолынан ұстап, балалары мен бірге болды. Бүкіл өз өміріне терең адамгершілік мән бете отырып, өз борышын балаларының алдында аяғына дейін орындады.
Бұл мәселелер В.А.Сухомлинскийді ол мектепте жұмыс істеген барлық уақытта қызықтырып отырғаны мәлім, Мұғалімдер коллективі, оқушылар коллективі, ата-аналар коллективі ғалымның ұдайы да мұқият назарында болды.
Ұқсас реферат
В.А.Сухомлинскийдің коллектив туралы педагогикалық көзқарасы туралы реферат
Көрнекті педагог Василий Александрович Сухомлинский (1918-1970) өзінің педагогикалық жүйесіпде әрбір оқушының басынын жан-жақты дамуының, дара ерекшеліктерінің, бейімділігінің, қызығуінылығының, тағы басқа кабілеттерінің жетілуіне бағытталған оқу-тәрбие процесін ұйымдастырды. «Павлыш ортамектебі, «Балаға жүрек жылуы», «Ұжымның құдіретті күші», «Мектептің жас директорымен сырласу», «Ұлыма хат», тағы басқа құнды еңбектері арқылы В.А.Сухомлинский жас ұрпаққа тәрбие мен білім берудің ұлы ісінің жалғастырушысы болды.