Сүтті механикалық өңдеу туралы қазақша реферат. Сүтті – тарту және нормалау. Сүтті – тарту – оны әртүрлі тығыздықты екі фракцияға жоғары майлылықты (кілегей) және төмен майлылықты (майсызданған сүт) бөлу.
Сүтті сепараторда майсыздандыру келесі түрде жүреді: ішкі сүт арнайы қабылдау қондырғысына түсіп, одан сепаратор барабанына беріледі. Онда сүт тарелка арасында жұқа қабатпен таралады. Сүт тарелка аралық кеңістікке түскен кезде май түйіршіктері сүттің ең жеңіл құрамдас бөлігі ретінде айналу өсіне қарай ығысады. Майсызданған сүт – сүттің ауыр бөлігі ретінде ортадан тепкіш күш әсерінен периферияға қарай орын ауыстыруға тырысады. Шикі сүттің жаңа порциялары ағынның қысымы әсерінен майсызданған сүт пен кілегей жоғарыға ығысады.
Сүт тазалығы сепаратордың қалыпты жұмысы мен майсыздану үшін өте маңызды. Лас сүтті тарту кезінде лас заттар кеңістігі тез толып кетіп, олар тарелкада тұна бастайды. Осының салдарынан сүттің тарелка аралығындағы бұзылып, оның майсыздануы нашарлайды.
Сүт температурасы да май түйіршіктерінің толық бөлінуімен жылдамдығына әсер етеді, яғни сепаратор өнімділігіне де әсер етеді. Әдетте сүтті 35-40°С тартады.
Нормалау – стандарт талабына сай дайын өнім алу үшін шикізат құрамын реттеу.
Бастапқы (табиғи) сүтті майлылығы бойынша нормалау кезінде екі вариант болуы мүмкін. Сүттегі май мөлшері өндіріске қажетті мөлшерден көп және сүтте май мөлшері қажетті мөлшерден аз. Бірінші жағдайда, майда сүтті тарту жолымен немесе бастапқы сүтке майсызданған сүт қосу арқылы азайтады. Екінші жағдайда, бастапқы сүттің майлылығын жоғарылату үшін оған кілегей қосады. Бастапқы сүтке қосуға қажетті кілегей мен майсызданған сүт массасын материалды баланс теңдеуі бойынша есептейді, оны сүттің әрбір құрамдас бөлігіне құруға болады.
Сүтті гомогендеу. Гомогендеу – сыртқы күштермен сүтке әсер етіп, май түйіршіктерін ұнтақтауға (диспергирлеуге) негізделген сүтті (кілегейді) өңдеу әдісі. Балғын сүт пен кілегейді сақтау кезінде сүт майы мен плазмасының айырмашылығынан май фракциясы бетіне шығады немесе тұнады. Майдың тұну жылдамдығы май түйіршіктерінің өлшеміне, тұтқырлығына түйіршіктердің бір – бірімен қосылу мүмкіндігіне тәуелді. Май түйіршіктерінің өлшемі 0,5 –тен 18 мм дейін аралықта ауытқиды. Гомогендеу процесінде май түйіршіктерінің өлшемі 10есе (өлшемі № 10 мкм) кішірейеді, ал қалқып шығу жылдамдығы 100 есе азаяды. Май түйіршіктерін ұнтақтау процесінде оның қабықшалық заты қайта таралады. Майда түйіршік түзуге қабықша құру үшін плазмалық белоктар қатысады, ол фосфотидтердің біраз бөлігі май түйіршіктерінің бетінен сүт плазмасына өтеді. Бұл процесс гомогенделген сүттің жоғары дисперсиялы май эмульсиясының тұрақтылығына ықпал жасайды. Сондықтан май түйіршіктерінің жоғары дисперсиялығында гомогенделген сүт мүлде тұнбайды. Гомогенделу тиімділігі өнім құрамы мен қасиетіне тәуелді (тұтқырлығы, тығыздығы, қышқылдығы, май және құрғақ зат мөлшері)
Сүт қышқылдығы артқан сайын гомогендеу тиімділігі төмендейді, себебі қышқыл сүтте белок тұрақтылығы төмендейді де, май түйіршіктерінің ұнтақталуын қиындататын белокты агломераттар түзіледі. Сүт тұтқырлығы мен тығыздығы өскен сайын, гомогендеу тиімділігі төмендейді.
Қазіргі кезде гомогендеудің екі түрі қолданылады; бір сатылы және екі сатылы. Бір сатылы гомогендеу кезінде майда май түйіршіктерінің агрегаты түзіледі, ал екі сатылы гомогендеуде осы агрегаттар ыдырап, ары қарай май түйіршіктері диспергирленеді.