Сүтті кәсіпорынға қабылдау және өңдеу туралы қазақша реферат
Сүт өңдеу кәсіпорындарында белгілі бір сүтті қабылдау және сапасын бағалау реті бар. Сүтті әрекеттегі стандарт талаптарына сәйкес қабылдайды. Табиғи сиыр сүті сау малдан алынуы, сауылғаннан кейін 2 сағаттан аспай сүзіліп, 6°С температураға дейін суытылуы тиіс.
Органолептикалық, физико – химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерге байланысты сүт сорттық ( жоғары, бірінші, екінші ) және сорттық емес болып бөлінеді.
Сыртқы түрі мен консистенциясы бойынша сорттық сүт тұнба мен үлпексіз; ақ немесе ашық крем түсті; таза дәм мен бөгде иіссіз болуы керек.
Сүтті өңдеу төмендегідей операциялар арқылы жүргізіледі: сүтті қабылдап алу, сапасын тексеру, тазарту, майлылығын бірқалыпқа келтіру, пастерлеу, салқындату, ыдыстарға құю.
Сүтті механикалық қоспадан тазарту,ортадан тепкіш сүт тазартқышта жүргізіледі. Содан кейін оның майлылығын бірқалыпқа келтіреді, ол үшін майсыз сүт немесе кілегей қолданылады. Майдың сүт бетіне жиналуын болдырмау үшін май түйіршіктерінің өлшемін кішірейту керек. Ол үшін қыздырылған сүтті гомогенизаторға жібереді, сүт оның ішінде тар саңылаудан өтеді де, май түйіршіктері майдаланады да, өлшемі он есе кішірейеді.
Шикі сүт қасиеттерінің, әсіресе микробиологиялық көрсетеіштерінің өзгеруі көп мөлшерде микроорганизмдер тіршілігіне негізделген, олар сүтті сауғанда мал күтімінде, сауу қондырғыларын жуғанда, сүтті сақтау және тасымалдағанда санитарлы – гигиеналық талаптарды қадағалау керек, сонымен қатар алғашқы өңдеу керек.