Педагогикалық зерттеулерде кеңінен қолданылатын маңызды әлеуметтік әдістер қатарына сұхбат пен сауалды жатқызуға болады.
Сұхбаттасу кезінде зерттеуші белгілі бір дәйектілікпен қойылатын, алдын ала дайындалған сұрақтарды пайдаланады. Сұхбат кезінде жауаптар ашық түрде жазылады.
Сауалнама — сауал арқылы бұқаралық әдіспен материал жинау. Сауал кімге жолданған болса, сол сұраққа жазбаша жауап береді. Әңгіме мен сұхбат бетпе-бет сұрау делінсе, сауалнама — сырттай сұрау.
Әңгіменің, сұхбаттасудың және сауалнаманың нәтижелілігі көп жағдайда берілетін сұрақтар мазмұны мен құрылымына байланысты болады. Әңгіме, сұхбат және сауал жоспары бұл сұрақтар тізімі. Сұрақтарды әзірлеп алуға қажетті ақпараттар сипатын анықтауды ұйғарады; қойылатын сұрақтардың құрылымы; сұрақтардың алғашқы жоспарын жасау және оны алдын ала зерттеуде тексеру; сұрақтарды түзету мен оны түбегейлі редакторлаудан өткізу.
Өз функциясына қарай сұрақтар негізгі және жорамалды, бақылау немесе анықтаушы болып келеді. Сұрақ түрі жауаптың толықтығы мен шыншылдығына ықпал жасайды. Сұрақтар қысқа, мазмұны жағынан анық, қарапайым, дәл және бірмәнді болуы тиіс.
Сауалнама сұрау сұралатынның өмірбаян деректерін, ойын, құндылық бағдарын, әлеуметтік қондырғысын және жеке қасиеттерін анықтау мақсатында жүргізіледі.
Қажетті ақпаратты алу тәсіліне орай сауалды сұрақтардың бірнеше типтері кездеседі: тұтас (мысалы, халық санағы), таңдаулы (жас топтарына, жұмысшы ұжымына қарай); ауызша (сұхбат) және жазбаша (сауалнама); жеке және топтық; күндізгі және сырттай (пошта, телефон арқылы).