Мазмұны
Кіріспе……..3
І – бөлім. Сұраныс пен ұсыныстың мәні мен моделі.
1.1. Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы…………5
1.2.Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы………….9
1.3. Нарықтың тепе-теңдік моделі……….13
ІІ – бөлім. Сұраныс пен ұсыныс икемділігі
2.1.Баға және табыс бойынша сұраныстың икемділігі. Сұраныстың айқас икемділігі……17
2.2. Ұсыныс икемділігі. Ұсыныстың бағаға байланысты икемділігі…….23
ІІІ – бөлім. Рыноктық механизмдегі сұраныс пен ұсыныс.
3.1.Сұраным мен ұсыным өндіруші мен тұтынушы арасындағы қатынастардың рыноктық түрі……25
3.2. Жетілген бәсеке жағдайындағы сұраныс және ұсыныс механизмдері…..30
Қорытынды……….36
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…..38
Кіріспе
Экономикалық әдебиетте «нарық» категориясының көптеген анықтамалары мен түсініктері бар. Қазіргі замаңғы түсініктің мәнін келесі анықтамада қорытындылауға болады: нарық – негізгі теңгеруші фактор ретіндегі баға механизмі арқылы өндіріс аясы мен тұтыну аясының өзара әрекеттігін қамтамасыз ететін қоғамдық өндірісін ұйымдастыру формасы. «Нарықтық экономика» түсінігі «нарық» түсінігінен кеңдеу: бұл экономикалық жүйеде ресурстарды басқару және оларды пайдалануын бақылау тек қана нарық механизмі арқылы жүзеге асырылады. Нарық механизмі – сатушы мен сатып алушының өзара іс — әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: «не өндіру керек?», «қалай өндіру керек?», «кімдерге өндіру керек?». Бұл жерде басты мақсат пайда болып табылады. «Айырбас» пен «нарық» деген түсініктер синонимдер еместігін атап өткен жөн. «Айырбас» – еңбек пен маманданудың қоғамдық бөлінуінің барын жобалайды, ал «нарық» – игіліктерді айырбас арқылы үлестіру механизмі. Ресурстарға жеке меншік нарық айырбасының негізі және міндетті шарты болып табылады. Нарықтық механизмде тепе – теңдіктің жалпы механизмі идеясы жатыр.Ол А. Смиттен бастау алады. Жалпы тепе — теңдік теориясы қалайша нарықтық шаруашылықтың практика жүзінде әр адамның және әр кәсіпорынның жеке іс — әрекеті негізінде экономикадағы тепе – теңдікті қамтамасыз ететіндігін көрсетеді.
Сұраным мен ұсыным нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Нарық — өндіруші мен тұтынушының арасындағы байланыстың ерекше түрі. Нарық белгіленген міндеттерді атқарады (үлестіру, делдалдық, ақпараттық, сауықтыру, реттеу), олардың арасында үлестіру міндеті негізгісі ретінде есептеліп, экономикалық игіліктерді үлестіру нарық механизмі негізінде іске асырылады. Тәжірибе көрсеткендей, экономикалық тұрғыдан алғанда, дәл осындай үлестіру ең нәтижелі болып келеді. Сонымен бірге, нарық механизмі көптеген мәселелердің, ең алдымен, әлеуметтік әділдік мәселелерінің шешімін қамтамасыз етпейді, сондықтан оның түзету қажеттілігін ұйғарады. Жоғарыда айтылғандардың бәрі микроэкономиканың зерттеу пәні, енді тікелей нарық тепе-теңдігі моделін қарастырайық.
Курстық жұмыс / 39 бет