Суицид курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе………3

1.1 Жастардың девианттық мінез-құлқы: түрлері, ерекшеліктері, сипаты…….5

Девиантты мінез-құлықтың зерттеудің теориялық аспектілері
1.2 Суицид әлеуметтік мәселе ретінде …………… 8
1.3 Шетеделдердегі суицид мәселесі…………12

Қорытынды …….18
Пайдаланылған әдебиеттер……20

Кіріспе

      Латын тілінен аударғанда «суицид» сөзі — өзін-өзі өлтіру дегенді білдіреді.10 қыркүйек — дүние жүзінің суицидке қарсы күрес күні. Бұл күн өзіне өзі қол жұмсаудың алдын алу жөніндегі халықаралық қауымдастық бастамасымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен атап өтіледі. Біздер болсақ елде алаңдатарлық жағдай қалыптасып отырғанына қарамастан, мұндай күннің бар, жоғынан хабарсызбыз. Өйткені соңғы 45 жылда өзіне өзі қол жұмсайтындардың саны 60 пайыз өссе, оның жылдан-жылға өсе түсуі әбден мүмкін. Мысалы, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша 2000 жылы суицидтен бір миллиондай адам көз жұмса, 2020 жылы оның бір жарым есе өсуі ықтимал. Осы ұйымның деректері бойынша, егерде, жылына миллионға жуық адам өзіне өзі қол жұмсаса, оның 8 мыңы қазақстандықтар екен. Бұл — әлемде әрбір 40 секунд сайын бір адам өзіне өзі қол салса, Қазақстанда әрбір сағат сайын бір адам өмірмен қоштасады деген сөз. Тағы да осы ұйымның деректеріне жүгініп көрелік. 2005 жылы Қазақстанда суицидтен 3 919 адам көз жұмса, оның 3 283-і — ерлер. Әрине, елдегі ресми статистика жүрегі дауалап мұндай мәліметтерді жария етпейді.

Өткен ХХ ғасырдың басында осы жайға назар аударған австриялық психолог Зигмунд Фрейд адамның өзіне-өзі қол жұмсауы ызақорлық, агрессиядан болатынын мәлімдеген. Ал, америкалық психолог Карл Менниндер суицидтің барлығын санадан тыс жасалатын өзара байланысты үш негізгі себеппен: өш алу, жеккөрушілікпен, тығырықтан шығатын жол таппағандықпен және кінәлі сезімнің күштілігімен түсіндірген.

Өзін-өзі өлтіру деген түсінікке 19 ғасырда «Самоубиство:социологический этюд» деген еңбегінде француз социологы Эмилем Дюргкгейм классикалық тұрғыда анықтама берді.Өзінің осы түсінік туралы пікірінде ,тікелей немесе жанама болса да,оң немесе теріс қылықтардың нәтижесі болып табылатын әрбір өлім жағдайын жәбірленушінің өзі жасаса ,және ол оның нәтижесі туралы білсе,онда ол өзін-өзі өлтіру әрекеті болып табылады дейді.Өзін-өзі өлтіру-философиялық (өмірдің мәнін жоғалту),психологиялық (психологиялық теріс бейімделу,фрустрация),әлеуметтік(әлеуметтік жағынан өз орнын таппау,қанағаттанбау сезімі, әлеуметтік мәртебесін жоғалту және т.б.),медициналық (күрделі ауру,психикасының бұзылуы),адамгершіліктік және құқықтық проблемалардың жинақталуынан тұратын өте күрделі,көп қырлы феномен. Суицидті зерттеп жүрген мамандардың пікірінше, дүниежүзінде әрбір 20 секунд сайын бір адам өзіне-өзі қол жұмсайды екен. Тіпті жылына 1 миллион адам өзін ажалға қиып, шамамен 20 миллион тұрғын өмірмен мәңгілікке қоштасуға әрекет жасайды. Сорақысы сол, бұлардың 8 мыңы — қазақстандықтар екен. Ал бұл дегеніңіз, республика бойынша сағат сайын бір адам өз еркімен өмірмен қоштасады деген сөз. Назар аударарлық бір нәрсе, Қазақстанда адам өлтіргендерге қарағанда, өз-өзін өлтіруге бейім тұратындардың саны әлдеқайда көп көрінеді. Ал енді халықаралық анықтама қызметінің дерегіне жүгінсек, 1950 жылдан бергі кезеңде суицид оқиғасы 60 пайызға өсіпті. Міне, осы дерек-дәйектердің өзі соңғы уақытта суицид оқиғасының дүниежүзінің түкпір-түкпірінде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кеткенін байқатса керек.

 Курстық жұмыс / 21 бет