Суицид әлеуметтік мәселе ретінде туралы қазақша реферат
Суицидті мінез-құлыққа әсіресе екі жас топтары бейім болады кәрі адамдар мен жасөспірімдік және бозбалалық шақтағы жас адамдар.Жастар арасында жеке адам аралық қатынастары бұзылған: «жалғыздар»,алкоголь немесе есірткіні шектен тыс пайдаланатындар,гомосексуалистер сияқты суицидальдық рискісі жоғары жас адамдар ерекшеленеді.
«Суицидтің көп тіркелу себебі, біріншіден, қоғамның бір формациядан екінші бір формацияға өтуіне байланысты болса, екіншіден, қатаң нарық пен БАҚ-тардағы адамды рухани аздыруға әкеп соқтыратын дүниелер де айтарлықтай әсер етіп отыр. Психиатр мамандардың болжамы бойынша, жүйке ауруына шалдыққандар саны қай елде де көп тіркелген жүрек-қан тамырлар ауруын қуып жетіп қалды. Суицидке әкеп соқтыратын жүйке ауруының алдын алуды мемлекеттік деңгейде шешу керек. Әсіресе жастар арасындағы суицидке баса назар аударуға тиіспіз. Себебі суицид барған сайын «жасарып» барады. Бір қуантарлығы, Үкімет психиатрия саласына да лайықты көңіл бөле бастады. Қаржы да, бұрынғыға қарағанда, көп бөлінеді. Қазір білім ошақтарындағы бағдарламаларға психология тақырыбы бойынша дәрістер енгізіле бастады. Енді ұжымдар арасында тренингтер өткізуді қолға алмақпыз. Маман ретінде айтарым, бұл мәселеге немқұрайды қарауға болмайды. Өйткені суицид барған сайын асқынып барады».
Суицид әлеуметтік құбылыс ретінде белгілі әлеуметтік себебі бар және зерттуді сонымен қатар себебін түсіндіруді қажет етеді.Девиантты мінез-құлыққа адамның, әлеуметтік топтың сол қоғамда ресми түрде қабылданған немесе қолданылатын нормаларға сәйкес келмейтін қылықтары, іс әрекеттері жатады. Осы түсінікті анықтау үшін әлеуметтік нормаларғы не жататынын білу керек. Қоғам қандай да бір нормаларды мінез құлық үлгісі ретінде қабылдай отырып, оларға сәйкес келетін қоғамдық моральдік және құқықтық қолдау механизмін құрады, яғни қоғамдық және мемлекеттік әсер етудің санкциялары бар дегенді білдіреді.[1]
Адам белгілі бір нәрсеге қатты күйзелгенде және ол ұзақ уақыт бойы болғанда стресстік сезімдерге душар болады.Стресс өте ауыр психологиялық жағдайда қауіп қатер төнгенде,іс әрекеттің өте ауыр да жауапты кезеңде,әл қуатқа және ақыл ойға салмақ түскенде пайда болады.
Жасөспірімдер мен бозбалардың теріс мінез-құлқының басқа да түрлері бар. Бір авторлар оны мынадай түрлерге бөледі: реактивті негізделген (қашып кету, суицид), әдетте психиканың зақымдану негізінде болады; дұрыс белілмеген тәрбиенің негізінде болатын жеке адамның төменгі моральдік деңгейінен болатын түрі (есірткі қолдану, маскүнемдік); биологиялық фактор негізінде болатын потологиялық дерт (садизим). [2]
Басқалары девиацияны екі негізгі бағытта қарастырады:
- бұзушылықтың пайда болатын формалары бойынша – деликвенттілік, үйден қашып керу, қаңғыру, ерте маскүнемдік, суицидтік мінез құлық.
- биологиялық факторлар негізінде жатқан себептер, факторлар, дәлелдерге қатысты, сондай ақ әлеуметтік психологиялық негіздегі: әлеуметтік орта және психологиялық жас ерекшеліктері.
Суицидальды мінез-құлыққа:антивитальды қапаланулар (өмірдің құндылығын жоғалту, «мен өмір сүріп жүрген жоқпын,тек тіршілік етемін»деген сияқты ойлар),селқос суицидті ойлар -өзінің өмірінен айырылудың жеңіл өтуі туралы қиялдар( «ұйықтап кетсе ,содан оянбаса» деген сияқты ойлар),суицидті ниеттер — өзін-өзі өлтіруге деген тілектер,суицидті аужаулар өзін-өзі өлтіру туралы шешімдерді тәсілдер мен ыңғайлы жағдайларды іздеу арқылы жүзеге асырулар жатады,суицидальды ниеттер қайтымды фазадан (суицидент әлі де болса өмірге қайтып келмеген кезі) қайтымсыз фаза арқылы — биологиялық өлімнің келуімен өтеді.[3]
Суицид түрлері: Шетелдік ғалымдардың пікірінше, суицидтің үш түрі бар көрінеді. Оның біріншісі — шынайы суицид. Мұндай жағдайда адам өмірден түңіледі, үнемі көңілсіз жүреді. Өмір сүрудің мән-маңызын жоғалтады. Ақыры өзіне-өзі қол жұмсауға бел байлайды. Екіншісі — жариялы суицид. Әдетте, мұндай жолды таңдағандар өлместен бұрын өлгісі келетіндігіне өзгелердің назарын барынша аударуға бейім тұрады. Мәселен, біреумен ренжіссе болғаны қолына суық қару немесе арқан-жіп ала жүгіріп, «өлем» деп өзгелерді үрейлендіргісі келетіндер осы топқа жатады. Ал үшінші бір түрі — жасырын, яғни құпия суицид. Бұған барғандар өзіне-өзі қол жұмсаудың жақсы еместігін, абырой әпермейтінін жақсы түсінеді. Алайда оларға тірлікте кездескен қиындықтан шығатын жол жоқ болып көрінеді. Бұған көпшілігінде нашақорлар мен ішімдікке салынып кеткендер дайын тұрады.
Жасырын сиуицид. Өмірде әр қайсымыз оған тап болады екенбіз. Біреу одан өзі зардап шексе, екіншісі туысы немесе танысының әрекеттері өмірмен қоштасуға итермелейтінің көріп жатады. Бұған қандай да тыйымдар, өтініп-жалынып сұраулар болсын, айналадағылар оның спирт ішімдік ішуге, нашақорлыққа қарсы тұра алмайды.
Бірақ жасырын суицид түріне алкоголь мен нашақорлық ғана жатпайды. Оған кез-келген
күйреуге апарып соғатын әрекеттер де жатады. Жасырылған немесе тікелей емес суицид – бұл өз-өзіне қол жұмсаудың бүркемеленген түрі. Оның әсерінен адам өзінің санасында немесе санасынан тыс өлімге байланысты үрейі арқылы өз-өзін күйреуге әкеп соғатын әрекеттер нәтижесінде (немесе сыртқы күштер, көбінде өзі арандатып жасаған) көз жұмады.
Шын мәнісінде, жасырын суицид кезінде өлімге тура қадамдар жасалынбайды, тек келешекте болатын өлім үшін қорқыныш-үрей болады. Бұндай ойлармен өмір сүрген адам тәуелділікке тап болып, немесе апат құрбаны, экстремалды спорт түрінің қатысушысы ретінде көрініс табады.
Жасырын суициденттерді киллер, өрт сөндіруші, құтқарушы, көлікті жылдам жүргізетіндер, шылымды көп шегетіндер, өте толық адамдар арасынан табуға болады. Тірі кезінде осылар жақындарына өз қорқыныштары, күйзелуі жайлы айтпайды, сондықтан туыстары оның суицидке байланысты проблемалары бар деп ойламайды.
Өкінішке орай кәсіби психолог пен психотеропевт дәрігердің өздері жасырын суицид проблемасына көңіл бөледі деп айту қиын. Өлімнен қорқып, өзін сол өлімге жақындай түсу. Оны о дүниелік болып кеткендердің күнделіктерінен, өлеңдерінен немесе басқа әрекеттерінен байқауға болады(тірі кезінде байқауға болушы еді).
Өз-өзіне қол жұмсау жағдайлары жүргінші жолда (Германияда әсіресе метрода) көп кездеседі. Тағы да жасырылған суицид. Бұл орайда батыстағы полиция қызметкерлері автоцид деген терминді қолданады. Автомобиль бұл кезде суицид жасауға арналған инструмент рөлін ойнайды. Байқаусыздан немесе жоғары жылдамдықта келе жатып, алкогольді мастануда көлікті жүргізу, әлде жолда ұйықтап қалу сияқты себептерді жамылып, өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері де көп кездеседі.
Бүгінде, қазіргі заманғы қоғамда жастар түбегейлі қоғамдық ұстанымды еншілейді. Оның өмірлік мүдделері, талаптары, тұрмыс стилі қоғамның саяси, экономикалық, мәдени және басқа да салаларындағы әлеуметтік үдерістер дамуының түп мәтінінде қаралады. Жастарды зерттеуге қатысты барлық қолданыстағы тәсілдер жас ұрпақты зерделеу мен зерттеудің әдіснамалық негіздерін тұжырымдауға мүмкіндік туғызады. Негізгі қағидаттарға, ең алдымен, тарихи-талдамалық тәсілді жатқызуға болады, соның аясында биологиялық және жас ерекшеліктерін ғана есепке алу арқылы жастарды мән мағына ретінде қарамау керек. Жастарды әрдайым нақты тарихи қоғам щеңберінде белгілі бір әлеуметтік топ ретінде бағалаған жөн. Олар қоғамның серпімді және жұмылғыш бөлігі болып табылады. Жастардың проблемаларына қатысты ғылыми тәсілдің келесі қағидатына жастар өмірінің нақты салтын талдау жатады. Бұл жастардың олардың әлеуметтік жағдайының, өмір салтының, субмәдениет ерекшеліктерінің, ділінің, құндылықты бағдарларының тек жалпы теориялық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге эмпирикалық деңгейде де зерделеуі тиіс екенін білдіреді. Жастардың қайсыбір проблемалар бойынша тек сыңар жақ жалпы идеялалар мен пікірлерге ғана сүйенуге болмайды. Ғылыми пікір талас жастардың ортасында болыа жатқан нақты үдерістерді көрсетуі тиіс. Бұл зерттеудің ғылыми әдістерін пайдалануды, обьективті құбылыстар мен жастардың даму жағдайларына дәл баға беруді талап етеді.
Жастар арасындағы теріс қылық реакциясына талдау жасағанда ғылыми әдебиеттерде көптеген түсініктер қолданылады: асиоциалдық, антисоциалдық, девиантты, деликвентті, аддиктивті мінез құлықтар. Оның әрқайсысы жа адамның белгілі бір мінез құлық кесіндісін, қоғамға тән мінез құлық нормаларының белгілі бір ауытқу дәрежесін сипаттайды. Олардың ішіндегі ең кең тараған жалпылама түсінік «девиантты мінез-құлық», себебі барлық әлеуметтік мінез құлықты қалыпты және де девиантты деп екіге бөлуге болады.
Өзін-өзі өлтіру қоғамда адам қалыпты,жалпыға белгілі жолдармен шеше алмайтын немесе оны шешудің қажеттілігін керек қылмайтын жеке тұлғалар арасына қатысты проблемалардың бар екенін көрсетеді.Өзін-өзі өлтіру -өзін-өзі өлтірген немесе оған барған тұлғаның-суициденттің-психо әлеуметтік теріс бейімделуімен аяқталатын,шешілмеген жанжалдың салдары.Суицидент үшін жанжалдың шешілмеуі екі жағдайымен байланысты: біріншісі-бұл жанжалды шешудің оған белгілі нұсқалары көбіне шектеулі немесе тіпті де жоқ,екіншісі-жанжлды шешудегі оған белгілі немесе ұсынылған тәсілдері ол үшін тиімсіз немесе қолайсыз.Бұл жағдайларда суициденттің ойынша жанжалды шешудің жолы біреу ғана,ол дағдарыстан шығаратын тек өзін-өзі жою,өзін өзі аластату жолы.
Суицидальды мінез-құлық мыналардан тұрады:
а)аяқталған өзін-өзі өлтіру,
ә)суицидальдық әрекеттер (өз өміріне қауіп төндіру),
б)ниет (өзін-өзі өлтіру идеясы)
Суициальды мінез-құлықтың себебін дұрыс түсіну үшін әрбір нақты жағдайда екі сұраққа жауап беру керек: «не себепті» адам суицидті әрекетке барды немесе бармақшы болды және «неге» оны жасағысы келді?Бірінші сұрақққа жауап беру суициденттің болуы мен оны қоршағандарыныңобьективтік жағдайына талдау жасауды қажет етеді.Екінші сұраққа жауап суициденттің бұл жағдайға қандай баға беретінін,қоршағандарының оны қалай қабылдайтынын және ол осы суициальды қорқыту нәтижесінде немесе оны жүзеге асырғанда неге қолы жетті деген мәселелерді түсіндіруі керек.Қалай болса да,суицид -ең алдымен адамның өзбетімен өмірлік күрделі де қиын жағдайларды игере алмайтынын білдіретін жеке психологиялық реакциясы.[1]
Социологтар,әлеуметтік психологтар және психотерапевттер суицидальдық мінез-құлықтың екі негізгі типін көрсетеді:шынайы және қыр көрсетін (немесе қөрсету бопсалау).Шынайы суицидальды мінез құлық кезінде оны орындау туралы ойластырылған,бекіген тілек болады және өз жоспарын толықтай және шынайы жүзеге асыру үшін барлық шаралар қолданылады,барлық қажетті дайындықтар жасырын жасалады.Ал қыр көрсету арқылы жасалатын суицидальдық мінез-құлық себебіне- өзін-өзі өлтіру емес,оны жанжалды шешкен жағдайда өзіне пайда келтіру мақсатында жасайды.Кейбір мамандар суицидальды мінез құлықтың қосымша аффектілік(грек.-жан-дүниенің толқынысы,құштарлық) типін ұсынады,ол кезде өзін өзі өлтіру ниеті өте күшті қапалану және қайғыру кезінде болады.Бұл эмоциалық ашудың қысымы ұзаққа созылмайды.Бұл жерде де қыр көрсетудің элементтері болуы мүмкін.
Г.Блэйннің айтуынша,жастардың арасындағы жүгенсіздік бейбастықтық,имансыздық пен бүлікшіл көңіл күйдің өсуі отбасындағы тәрбиенің кемшіліктерінен болады.Жастардың өмірдің әлеуметтік құбылыстарын барынша өткір сезеді және соған орай әрекет жасайды.
Адам белгілі бір нәрсеге қатты күйзелгенде және ол ұзақ уақыт бойы болғанда стресстік сезімдерге душар болады.Стресс өте ауыр психологиялық жағдайда қауіп қатер төнгенде,іс әрекеттің өте ауыр да жауапты кезеңде,әл қуатқа және ақыл ойға салмақ түскенде пайда болады.