Су ресурстарының экологиялық мәселелері туралы қазақша реферат
Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған.Ең ірі су көздеріне Ертіс, Есіл,Іле,Сырдария,Жайық,Шу,Талас,Асса өзендері жатады.Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің кебуі байқалыр отыр.Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқуларына байланысты болып отыр.Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы Ертіс өзені қалып отыр.Оның сулары жоғары дәрежеде ауыр металдармен ластанған.Негізгі ластаушы заттар мыс, шайынды сулармен бірге келіп түседі.
Су қоймалары мен бассейіннің су ағыстарына түсетін негізгі ластаушыларға иондық ағыс,азотты органикалық қосылыстар,фосфор қосылыстары, цинк жатады.Табиғи суларды ластайтын негізгі химиялық элементтердің барлығы су ортасына өнеркәсіп орындарының шайынды суларымен келіп түседі.
Каспий аймағының экологиялық жағдайы.Бұл ауданның экологиялық жағдайы Каспий теңізінің деңгейінің көтерілуіне және жағалаулық теңіз экожүйесінің антропогенді әсерге ұшырауына байланысты болады.Ғалымдардың болжамдары бойынша теңіз деңгейінің көтерілуі жағалаулық сызықтың 2400-2700 км ұзарып,су астында қалған жерлерге тағы да 1,2 -2,2 млн.га қосылуына әкелуі мүмкін.
Каспий теңізі дүние жүзіндегі бекіре тәрізді балықтардыңең ірі мекен ету ортасы болып табылады.Сондықтан Каспий мәселесі тек мемлекетаралық қана емес ғаламдық мәселе болып табылады.Каспийдің биологиялық биоалуантүрлілігін сақтау бүкіл әлемдік қауымдастықтың жұмысы.1995 жылы Тегеранда Каспий маңындағы мемлекеттердің өкілдерінің кездесуі өтті.Бұл кездесудің мақсаты Каспий аймағының экологиялық тұрақтылығы мен оның ресурстарын пайдалануды басқару концепциясын жасау болып табылады.
Арал теңізінің экологиялық мәселелері.60- жылдардан бастап Арал теңізінің ауданы кеми бастайды.Суды ауфл шаруашылық дақылдарын суару үшін қолдану Тянь Шань тауларымен ағып келетін табиғи су ағысын 90%- дан астам қысқартып жіберді.Теңіз ауданы 2,6 млн. га-ға кеміп,өзінің -60% көлемін жоғалтты.Арал аймағының экологиялық жағдайы экономиканың дәстүрлі бағыттарының дамуының мүмкін болмауына әкеліп,бірқатар әлеуметтік және саяси мәселелерді туғызады.
Арал теңізі Орта Азияның шөлді белдеуінде орналасқан.Көлемі бойынша Арал дүние жүзінде ішкі су қоймаларының ішінде төртінші орында болған.
Теңіз Тұран ойпатында орналасқан.Қарақұм және Қызылқұм шөлдері Аралды оңтүстік және шығыс жағынан қоршап жатыр.Судың орташа көлемі – шамамен 1000 км³. Тереңдігі 20-25м, ең үлкен тереңдігі-67м.Жаздағы жауын-шашын мөлшері шамамен 100мм.
Арал теңізінің су балансы бұрын жауын-шашын мен — 5,9 км³ , өзен ағысымен-54,8 км³ қамтамасыз етіліп отырды.Орташа булану -60,7 км³.Теңіз деңгейінің маусымдық ауытқуы -25 см,ал ғасырлық 3м-ден артпаған.Дүние жүзінің ірітау жүйелері бұл орасан үлкен аумақтың өзендерінің сулылығын қамтамасыз еткен.Аралдардың су балансын Орта Азияның ірі өзендері-Амудария мен Сырдария ұстап тұрған.
Балқаш көлінің экологиялық мәселелері. Ағынсыз Балқаш көлі Қарағанды ,Жамбыл,Алматы облыстарымен шектесіп жатыр.Көлдің ұзындығы 605 км, ені шығыс бөлігінде 9-19км, ал батысында 74км ге дейін жетеді.Шығыс жағында Балқаш Алакөл көлдер жүйесімен , батыс бөлігі Бетпақдала шөлімен және оңтүстік шығыс жағы Шу Іле және Іле Алатауымен шектесіп жатыр.Көлдің батыс бөлігіне Іле өзені,шығыс бөлігіне шағын өзендер Қаратал,Ақсу, Лепсі келіп құяды.
Балқаш-жартылай тұщы көл.Сарыесік түбегі Балқашты батыс және шығыс бөліктерге бөледі. Батыс бөлігіндегі су ірі Іле өзенінің келіп құюына байланыты тұщы болған. Ол көлге жылдық су мөлшерінің 72,2 пайыз береді. Балқаштың шығыс бөлігіне келіп құятын шағын өзендердің барлығы казір толығымен дерлік суаруға және шаруашылық қажеттіліктерге жұмсалады. Тек көктемгі су тасқыны кезінде және мұздықтардың еруі кезінде ғана осы судың бір бөлігі өзендермен Балқашқа келіп түседі.
Географтар бұл жерді Балқашқа келіп түсетін Іле, Шу, Ақсу, Қаратал, Лепсі, Тентек, көксу өзендеріне байланысты Жетісу деп аталған.
Балқаштағы су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде ондатра өсіру кәсіпшілігі құлдырып кетті. Бағалы балықтар аулау жылына 40 мыңнан 8 мың центнерге дейін кеміген. Өзен жағалауларындағы тоғайлы ормандар жойыла бастады.
Кіші өзендерді қорғау мәселесі.Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары белгілі.Олардың жалпы ұзындығы 123 мың км.Қазақстанның өзендерінің ерекшелігі олардың біртекті таралмауында.Жер бетіндегі су қорына әсіресе,Орталық және Батыс Қазақстан кедей.Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады.Ойыл және Нұра бассейнінде ол бар болғаны км² ге шаққанда 0,13-0,022 км.Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады.Қалың өзен торы Тянь-Шань, Жоғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудандарында түзілген.Бірақ,осы таудың сулы өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты халық тұщы судың тапшылығын сезіп отыр.Бұл республика халқынан суды ысырапсыз пайдалану мен қорғау қажеттілігі туралы ойлануды талап етеді.
Кіші өзендер кіші деп аталғанмен ,олардың экология тұрғысынан алғандағы маңызы үлкен.Себебі,ірі өзендердің жағдайы кіші өзендерге байланысты.Олар қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын торлап жатыр.
Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий,Арал теңіздерінің, Балқаш және теңіз көлдерінің тұйық ішкі бассейндеріне ,тек Обь — Ертіс,Есіл және Тобыл өзендерінің бассейні ғана Солтүстік Мұзды мұхитына барып құяды.