Құмкөл кен орнының шөгінді тілігі бойынша жасалған зерттеулер нәтижесінде ол мезозой-кайназой шөгінділерінің өте терең кепкен ерте протерозой негізгі бетінде орналасқан.
Төменгі протерозой РК1
18 ұңгыма қабаттың негізгі қалыптасқандығы анықталды.
2-ші ұнғыда қалындығы 245 метр болатын негіздің үстіңгі қабаты (120 метр шамасында) сұрғылт-жасыл сілім (массив) гидрослюдалы-каолинитті тақта тастардың біртіндеп кепкен гнейстерге ұласты, кварц-биотит плагиоклазды құрамға айналады.
3-ші үңғыда ерекше өзгерген метасоматиттер байқалып, олар аз интрузивті декер құрамында болғандығы болжамдалды.
Барлық негіздің тығыз орналасып, көптеген бытыраңқы аймақтармен бөлшектенген жазықтарда кварцты және қалыпты желілер қабаттасып кейбір жерлерінде темірге айналған.
Осы жыныстардың жоспары Ұлытау мен Қаратау қыраттарының жасына сәйкестелінген.
Мезозой — кайнозой топтары МZ-КZ
Арысқұм бөктерінде мезозой-кайназой шөгіндісі екі (структуралық) қүрамдық қабатына бөлінеді. Атап айтқанда жоғарғы триас-юралы және бор-палеогендік стратиграфиялық үйлесімсіздігінен шекараласқан.
Триас — Юра бөлщцері Т — J
Құмкөл кен орнының төменгі қабаты орта Юра жүйесінің бөлімдерінің шөгіндісімен басталады. Арысқұм бөктерінде грабен-синклинальдарының төменгі тілігінде жоғарғы триас — төменгі юра шөгінділері де бар.
Кұмкөл аумағында жүргізілген іздеу жұмыстарының барысында аталған шөгінділердің стратиграфиясы игерілген. Жоғарғы триас бөлімі Т3, төменгі юра бөлімі J1 грабен-синклиналдарда бұл қабат төменгі құмбұлақ пен жоғарғы айболин тастопшаларынан тұрады.
1200 метрге дейінгі 1 қабатты бірінен соң бірі қабаттасып құмтастар мен (песчаник) гравелиттер, аргиллиттерден құралып кейбір жерлерінде конгломераттарға айналады. Айболин тастопшасы қара аргиллиттер мен сазды алевролиттерден тұрады. Олар органикалық заттармен, көмірге айналған өсімдік қалдықтарына бай.
Оның қалыңдығы 535 метрге дейінгі шамада.
Юра жүйесі J Орта бөлім J2
Орта юра сұр құмайтты алевролиттер мен қара сұр аргиллитгер Дощан қабат-қабат тастопша шөгіндісімен ерекшеленген.
Жаппа тастопша бөлігінде 12 метрден (скважина 12) 56 метрге дейін (скважина 6) қабаттасқан құмайт аргиллиттерден құралып, мұнай газ беретін (горизонт ю-4) қабат болып келеді. Тастопшаның төменгі құрылым қанаттарында 4-6 метр көмір қабаттары кездеседі (ұңғы 4,5,6). Тастопшаның төменгі жаппа құрлымды бөлігі үшкірленіп ю-4 горизонты жыныс негізінде немесе жынысқабығына жатады.
Құрлымның оңтүстік-батыс бөлігінде. Дощан топшасы түгелімен үшкірленіп (ұңғы 17,19), ал қанаттарында оның қалыңдығы 219 метрге дейін жетеді (ұңғы 5). Орта-жоғарғы бөлімдер J2-3
Юраның орта-жогаргы бөлімдеріндегі шөгінділер карагансай тастопшасына бірігіп (J2-3-КS) Дощан тастопшасына трансгрессивті орналасып, ал бұл тастопша жоқ жерлерде жыныс негіздерінде орналасады. Литологиялық жағынан өте күрделі. Қара аргиллиттермен аргиллиттерге ұқсас саз, гидрослюда — каолинитті кұрамды азғана сұр сазды алевролитті қабаттарынан текшеленген.
Оңтүстік-батыс құрылымдық бөліктерде (ұңғы 17,19) тастопша жоқ, ал қанаттарында 45 метрге дейін жетеді. Тастопша өзінен өзін жинақтау Дощан тастопшасы үстегі доломиттер ретінде көрсетеді.
Грабен-синклинальдарда тастопшаның жогарғы бөлігі жанғыш сланецтерден түзілген. Тастопшаның қалындығы 257 метр. Көптеген дәнталас-тартыстар нәтижесінде тастопшаның жасы кейінгі баткелловей шаңтозандарына жатқызылған.
Жоғарғы бөлім J3
Жоғарғы юра қабаты карагансай тастопшасының аргиллитында орналасқан және Құмкөл, Қоскөл тастопшалары болып екіге бөлінеді.
Кен орнындағы Құмкөл тастопшасы (J3к) үш қабат горизонтальды өнімдік құмайттар, құмдар және алевролиттер сазды алевролиттер және сазды болып бөлінеді (Ю-1) (Ю-2) (Ю-3).
Бүкіл аймақта горизонттар саз және сазды алевролиттер болып бөлінген.
Тастопшаның қалыңдығы құрамды шекте жаппа бөліктерде 37-38, ал қанаттарында және аймақтың солтүстік бөліктерінде 32 метрге дейін өзгереді. Құмкөл тастопшасының қалындығы грабен синклинальдарында 300 метрге дейін артады.
Бор жүйесі — К
Кен орнының төменгі бөлігінің бор жүйесі профильді құрамды ұңғылау негізінде дауылды және қарашатау тастопшаларына бөлінеді.
Орта төмен бөлігі қызыл кен жоғарғы бөлігі балапан және турон-сенон бор жүйелеріне бөлінеді.
Төменгі бөлім К1
Неоком жоғарғы текшесі (К1пс)
Неоком текшесінің шөгіндісінде дауыл тастопшасы жекеленген. Осы тастопша кейбір келіспеушіліктің салдарынан төменгі және жоғарғы дауыл тастопшалық екіге бөлінеді. Төменгі дауыл тастопшалығы арысқұм горизонтына жатады жэне ол құмдар қоңыр сазды алевролиттер карбонаттық алевролиттер мен саздан тұрады.
Арыскұм горизонтының қалындығының шектік өзгерісі 87 ден 123 метрге дейін жетеді.
Арысқұм жазық горизонтты литологиялық құрамы жағынан Құмкөл кұрылымында үш буда текшеге бөлінеді: төменгі мен жоғарғы құмды алевролитті және ортаңғы — сазды. Жоғарғы құмды және төменгінің жаппа бөлігі өнімі мол (горизонттар М-1 жөне М-2). Жоғарғы бөліктің төменгі дауыл тастопшалығы сазды және карбонатты (карбонаттар мөлшері 30%) алевролиттер мен қалыңдығы 113-163 метр болатын саздан тұрады.
Жоғарғы дауыл тастопшалыгы тіліктің төменгі және орталық беліктерінде қабатталған құм мен қызыл түсті жынысты сазды текшелерден тұрса, ал үстіңгі жағы негізінен сазды. Тастопшаның қалыңдығы 153-тен 241 метрге жетеді.
Дауыл тастопшасының негізінде табылған тұщы су жиынтық-тарының мөлшеріне қарай оның готерив-баррем шөгінділерінен түратындығы анықталып неоком дәуір аралығына жататыны дәлелденді.
Апт-альб ярустары (К1 а-К1 а1)
Апт-альб шөгіндісі шайынды арқылы дауыл тастопшасының үстіне орналасып, қарашатау тастопшасымен бірігеді. Тастопша төменгі жағында қатты бекілмеген гравелиттер қабаттарымен ауысып отыратын құм қабаттарымен жоғарғы жағында саздан тұрады. Барлық жыныс көмірге айналған өсімдіктер қалдығымен өте бай. Тастопша қалыңдығы 253-350 метр.
Спорово-пыльца талдауының берілгендері бойынша тастопша апт-орта-альб дәуір аралығына жатады.
Төменгі — жоғарғы бөлімдер К1-2
Альб-сеноман ярустары (К1 а1+s)
Альб-сеноман шөгіндісі қарашатау тастопшасының үстінде орналасып, қызылқия тастопшасынан ерекшеленіп тұрады. Ол ала шұбар саздар алевролиттер мен сазды құм қабаттарымен құмайттардан түзілген. Тастопшаның қалындыгы 87-186 метр.
Тастопшаның жасы соңғы альб-сеноман дәуір арасына жатады. Ол тозаң-тұқымдар негізінде анықталған.
Жоғарғы бөлім К2
Турон ярусы К2t
Турон шөгіндісі балапан тастопшасынан бөлінген шөгінді трансгрессивті қызылқия тастопшасының үстінде түзіліп, жасыл-сұр құм мен жұқа сазды қабатшалардан тұрады.
Глауконит дәндерімен көмірге айналған өсімдіктер қалдықтары да кездеседі. Тастопша қабаты 82-150 метр аралығында. Жан-жақты тозаң-тұқымдарды зерттеу нәтижесінде тастопша жасы төменгі туранға жатады.
Жоғарғы турон, төменгі сенон (К2t-sn1)
Бұл қабат шөгінділері шайылған жыныстар мен балапан
тастопшасымен шекараласады. Литологиялық бұл қабат ала-шұбар түсті құм мен сазды балшықтан тұрады, қабат қалыңдығы 123-136 метр. Қабат жасы жан-жақты түқымды, тозандар негізінде анықталған.
Жоғарғы сенон (К2sn2)
Жоғарғы сенон қабаты (қүрылым жағынан) барлық ұнғыларда шайылып кетуіне байланысты байқалмайды. Қабат сұр сазды балшық пен ақ құм қабаттарына әктас қабатшасы қатарласып шегіп отырады. Ең жоғарғы шөгінді қалыңдығы 43 метрге жетеді.
Қабат жасы теңіз қалдықтары (фауна) микроқалдықтар (микрофауна) және тұқым шаң тозаңдары жан-жақты зерттеу нәтижелерімен анықталып кампанмастрихті кезеңге жатқызылған.
Кайнозой тобы — Кz
Палеоген жүйесі — Р
Палеоцен — төменгі эоцен Р1-Р2
Палеоцен — төменгі эоцен шөгіндісі әртүрлі горизонтта шайылған күйде жоғарғы бор үстінде орналасқан.
Олар көмірленген өсімдіктер дәнекер қалдықтарымен бай қара сұр саз балшықтар мен кварц-глауконитті құмдардан түрады. Ең үлкен қалыңдығы 66 метрге жетеді.
Неоген — төрттік жүйелері N-Q
Арысқұм ойпатының батқан бөліктерінде жастау плиоцен -төрттік шөгінділер дамыған. Құмкөл құрлымдық шегіне шартты түрде жазықтықты басып жатқан кұмдар, саздықтар мен құмтастар да енгізілген. Олардың қалындығы 10 метрден аспайды.