Сот алдындағы қорқыныш көптеген адамдарды өз құқығы тапталып жатса да, күрессіз беріле салуға мәжбүрлейді. Шын мәнінде, қарапайым адамдардың өз құқықтарын қорғап, бір қарағанда қиын болып көрінетін сот істерінде билік органдарын, кейде ірі компанияларды сотта жеңіп алған жағдайлар жиі кездеседі. Сондықтан соттың қатысуын талап ететін жағдайларға тап болған кезде адамдарға өз күштерін сынау өте қажет.
Сотқа арыз беруді кейінге қалдыруға болмайды.
Талап арыз жазбаша түрде беріледі. Өтініште мынадай қажетті ақпараттар көрсетілуі тиіс:
1) Сіз өтініш беріп жатқан соттың атауы;
2) Сіздің толық аты-жөніңіз, тұрғылықты мекен-жайыңыз. Егер ұйым талапкер болса, онда тұрғылықты жері бойынша тіркелгендігі туралы куәлік немесе оның орналасқан жері, СТН және банктік реквизиттері. Егер өтінішті өкілдік беріп отырса, онда оның атауы мен мекен-жайы;
3) Жауапкердің (ықтимал заң бұзушының) аты-жөні (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), оның тұрғылықты немесе орналасқан жері, жұмыс орны және СТН (егер сот бұйрығын шығару туралы өтініште көрсетілсе). Егер жауапкер заңды тұлға болса, оның атауы, іс жүзіндегі тұрған орны немесе егер сізге белгілі болса, бірыңғай мемлекеттік тіркеу мәліметі, СТН және банктік реквизиттері;
4) Сіздің құқығыңыздың, бостандықтарыңыздың немесе заңды мүдделеріңіздің бұзылуы немесе бұзылу қаупінің мәні және сіздің талап арызыңыз;
5) Талабыңыз бен дәлелдемелеріңізді растауда негізге алып отырған жағдайлар;
6) Егер талап бағалануға жататын болса, талап ету құны.
Талап арызға қандай құжаттар қоса берілуі қажет?
1) жауапкер және үшінші тұлғалардың саны бойыншаталап арыздың көшірмелері;
2) мемлекеттік салымды төлегеніңізді растайтын құжат;
3) өкілдің өкілеттігін растайтын сенімхат немесе басқа құжат;
4) Талабыңызды растау жағдайында негізге алатын құжаттар, егер жауапкер және үшінші тұлғаларда болмаса, осы құжаттардың көшірмелері;
5) егер жоққа шығарған жағдайда нормативтік құқықтық актінің мәтіні;
6) Сіздің сот шығындарын төлеуді кейінге қалдыру, ұзарту, төлеуден босату немесе олардың көлемін азайту, талапты қамтамасыз ету, дәлелдемелерді талап ету және тағы да басқа жағдайлар (егер олар талап арызда жазылмаған болса) туралы өтініміңіз.
Талап арыздардың үлгілерімен сіз ҚР Жоғарғы сотының www.supcourt.kz/ («Сот жүйесі» бөлімі, әрі қарай – «Сайтты ашушыларға арналған мәліметтер», әрі қарай – «Қабылданған сот актілеріне шағымдар беру тәртібі») ресми сайтында таныса аласыз.
Сотқа талап арыз түсіру кезінде мемлекеттік алым төлеуіңіз керек. Мүліктік сипаттағы талап арыздан мемлекеттік алым мынадай көлемде алынады:
ü жеке тұлғалар үшін – талап сомасынан 1 %;
ü заңды тұлғалар үшін – талап сомасынан 3 %;
ü мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының жеке тұлғалардың құқықтарын шектеумен байланысты заңсыз әрекеттеріне түскен арыздан — 30 %;
ü мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды тұлғаларының заңды тұлғалардың құқықтарын шектеумен байланысты заңсыз әрекеттеріне түскен арыздан — 50 %;
ü салықтық тексеру актілері бойынша хабарламаларды даулау туралы талап арыздардан: жеке кәсіпорындар мен шаруашылық (фермерлік) қожалықтар үшін – хабарламада көрсетілген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден (өсімді қоса алғанда) 0,1 %;
ü заңды тұлғалар үшін – хабарламада көрсетілген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден (өсімді қоса алғанда) 0,1 %;
ü некені бұзу туралы талап арыздардан – 30 %;
ü тұрғын жайларды жалдау шартын өзгерту немесе бұзу, мұрагерлікті қабылдау мерзімін ұзарту, мүлікті қамаудан босату туралы талап арыздардан және басқа да мүліктік емес сипаттағы немесе бағалауға жатпайтын талап арыздан – 50 %;
ü ерекше өндіріс істері бойынша өтініштерден (арыздардан) – 50 %;
ü аралық соттардың шешімдерін, арбитражды шешімдердің күшін жою туралы өтінімнен: жеке тұлғалар үшін – талап арыз сомасынан 1 %;
ü заңды тұлғалар үшін – талап арыз сомасынан 3 %;
ü сот шешімдеріне апелляциялық шағымнан – мүліктік емес сипаттағы талап арызды беру кезінде өндірілетін мемлекеттік алым көлемінен, ал мүлікті сипаттағы даулар бойынша – даулап жатқан өтініш иесінен аударылған мемлекеттік алым сомасы көлемінен 50 %;
ü сот бұйрығын шығару туралы өтініштен – мемлекеттік алым мөлшерінен 50 %;
ü заңды тұлғаны банкрот ден тану туралы өтініштен – 500 %.
Пайдалы сілтемелер:
1) www.supcourt.kz/ — Жоғарғы Сот сайты;
2) www.astanasot.kz/ — Астана қалалық Сотының сайты;
3) www.asp-astana.kz/ — Астана қаласының кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Ассоциацияның сайты.
Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «сотқа талап-арызды рәсімдеу», «талап-арызды қалай рәсімдеу қажет» және т.б. кілт сөздерді теру керек.