Сот жүйесін реформалау және сот органдары қызметі курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ

1 Сот жүйесін реформалау және сот органдары қызметі
2 Құқық қорғау жүйесін реформалау біздің азаматтарымыздың құқығын әділ және шынайы қорғауды қамтамасыз ету
3 Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы
3.1 Құқықтық және сот реформасы саласындағы тұрақты даму

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Қолданылып жүрген заңдарда «құқық қорғау органдары» деген ұғым жоқ. Практикада қалыптасқан және нормативтік құжаттар мен нормативтік емес сипаттағы әртүрлі құжаттарда қолданылатын бұл ұғым әдетте қылмыстарға және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес жүргізетін мемлекеттік органдар үшін жалпылама болып табылады.

Құқық қорғау қызметін құқық қатынастары субъектілерінің санасы мен мінез-құлқына заң жүзінде ықпал ету шараларының көмегімен құқықтық нормаларды сақтау және дұрыс қолдану жағдайларын қамтамасыз ету жөнінде заңға және белгіленген рәсімге сәйкес жүзеге асырылатын қоғамдық-пайдалы қызмет деп сипаттауға болады.
Құқық қорғау қызметіне тән белгілер:
құқық қорғау міндетінің болуы;
құқық қатынастарының субъектілеріне ықпал етудің арнаулы заңдық шараларын қолдану;
заңмен қатаң түрде регламенттеу;
белгіленген рәсім-іс жүргізу тәртібі болып табылады.

Белгілерін негізге ала отырып, құқық қорғау қызметін басқа қызмет түрлерінен ажыратуға болады. Мысалы, республикалық «Барлау» қызметінің негізгі міндеті — еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сыртқы барлауды ұйымдастыру мен жүргізу, сондықтан оның құқық қорғау қызметінің бірқатар белгілері (заң негізінде қызметті қатаң регламенттеу, билік сипатындағы өкілеттік беру) болғанымен де, ол құқық қорғау органы емес.

Құқық қорғау қызметінің мақсаты — құқықпен міндетті қорғау олардың қолданылу пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және олардың сақталмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану. Міндеттер айқындалған соң оның негізгі бағыттары (нысандары):
конституциялық бақылау;
сот төрелігі;
прокурорлық қадағалау;
әділет органдарының қызметі;
қылмыстық қудалау;
адвокатура органдарының қызметі болып бөлінеді.

Конституциялық бақылау елдің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық заңдардан, заңдарға тәуелді және өзге де нормативтік құқықтық актілерден үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Оны Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жүзеге асырады.

Сот төрелігі құқық қорғау қызметі жүйесіндегі іргелі негіз болып табылады. Ол құқық туралы даулардың көпшілігін шешуді, көптеген заңдық мәселелерді анықтауды қамтамасыз етеді, көбінесе заң жүзіндегі жауапкершілік шараларын қолдауға байланысты мәселелерде соңғы саты болады. Мысалы, алдын ала тергеу органдарының қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуы тек сот органдарында ғана қисынды аяқталады. Лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардың әрекеттеріне сотқа шағым беріліп, дау айтылуы мүмкін.
Прокурорлық қадағалау да құқық қорғау қызметінің маңызды нысаны, өйткені ол Республика аумағында заңдардың, Қазақстан Республикасы Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік-құқықтық актілердің дәл әрі бірыңғай қолданылуына, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен алдын ала тергеудің, әкімшілік және атқарушы іс жүргізудің заңдылығына жоғары дәрежеде қадағалауды жүзеге асыру болып табылады.

Әділет органдарының қызметін, сөз жоқ, құқық қорғау қызметіне жатқызу керек, өйткені бұл органдар құқықтық нормалардың қалыпты.

 Курстық жұмыс / 32 бет