Сот билігінің функциялары туралы қазақша реферат
1. Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай- ақ заңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылған алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі.
Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады.
Соттың ерекше өкілеттілігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тиым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттілігін немесе сот билігі функцияларына иеленуге құқығы жоқ.
Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымдық немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
2. Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүддерлерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.
Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе олардың шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс- қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.
Ешкімді де оның ісін заңның барлық талаптары мен әділеттілік сақтай отырып құзыретті, тәуелсіз және алалмайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.
Сот билігі азаматтық, қылмыстық және заңда белгіленген өзге де сот ісін жүргізу нысандары арқылы жүзеге асырылады.
3. Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіәретін заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.
Сот төрелігін іске асыруда сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.
Сот шешімдері мен судьялардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке заңды тұлғалар орындауға міндетті. Сот шешімдері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.