Солтүстiк Анды туралы қазақша реферат
Венесуэла, Колумбия және Эквадор Андылары орографиялық құрылымы және орогендiк үрдістердiң уақыты бойынша әр түрлi. Оларда экватор маңы ендiктерiндегi ылғалды климат пен бiртiндеп солтүстiкке және оңтүстiк батысқа қарай құрғақ субэкваторға ауысы біріктіреді. Бүкіл тау жүйесімен салыстырғанлда Солтүстік Анды тауларында, субтропиктiк Андының оңтүстiгiнен басқа аймақтарында, яғни Тынық мұхиты мен шығыстағы жазықтарда ландшафттық ала – құлалық байқалады. Ұзыннан ұзаққа созылған тау жүйесінің басым бөлігінде биiктiк белдеулердiң бiрыңғай спектрi сақталады. Солтүстiк Анды тауының етектерiн аккумулятивтi ойпаттар алып жатыр.
Өзiнiң ерекшелiгiмен Кариб Андысы өзгешеленедi. Бұл батыстан шығысқа қарай созылып жатқан Анды тауының бір бөлігі — биiктiк белдеу спектрі бiрыңғай. Ең солтүстіктегі, биіктігі ең төмен (2765 м-ге дейiн), ең жас, құрылымы бойынша анағұрлым қарапайым, едәуiр құрғақ және ылғалды орман жамылғысы кездеспейтін өңір.
Бор кезеңінде Кариб жоталарының орнында геосинклинальды ойпат болған. Жағалаулық және Iшкi Сьерра антиклиналы плиоценде пайда қатпарлықпен байланысты (жиi қайталанып отыратын жер сiлкiністері тау түзілуінің аяқталмағанын көрсетедi). Қатпарлықтар жер бедерінде бір – бірінен көлденең депрессиялармен бөлінген: оларда көлдер, кеуiп бара жатқан Валенсия көлi және созыңқы өзен аңғарлары орналасады.
Кариб Анды тауы субэкваторлық белдеудің тропик маңында орналасқандықтан құрғақ, анық байқалатын қысқы құрғақшылық кей жылдары 6-7 айға созылады. Осы мезгілде орташа айлық температура –26-270С болғанда, түсетiн жауын-шашын мөлшерi 50-80 мм ғана. Бiрақ, жазғы жауын-шашын жағалау мен iшкi беткейлерде 250-300 мм-ден аспайды; жылына 300-350 мм ғана жауын түседi. Ылғал мол түскенде тау жыныстары қарқынды шайылады. Жаңбырлы мезгілде тасқынды ағындар беткейлерден үгiлу өнiмдерiн шайып, оларды тау етегiне жинайды. Өзен аңғарлары терең тілімденген. Беткейдiң терең эрозиялывқ тiлiмденуiне соңғы көтерулер де ықпалын тигiзген.
Таудың төменгi белдеуiнде қызыл-қоңыр топырақ жамылғысында жаздық жасыл, сирек ормандар немесе тiкенектi бұталар-чапарро (Curatella amerikana), диви-диви (Caesalpinia coriaria) және т.б. өседі. Өсiмдiк жамылғысында ксерофитті түрлердің басым кездесуі төменгi беткейлерде кеуектi құмдақтар мен әктастардың басым болуы да әсер етедi. Тек 1000 м – ден жоғары температура төмендейтiн және ылғал көп түсетін жерлерде орман ағаштары қалыңдай бастайды, ал 1500 м-ден бастап мәңгi жасыл ормандар түрi кездеседі. Кристаллды жыныстармен қапталған жота қырқалары, тегiстелген беткейлер бұталы шалғындар сақталады. Биiк жоталардың етегiнде орналасқан Кариб маңы ойпаты қарқынды аллювий жыныстарымен толыққан. Бұл Маракайбо және Солтүстiк Колумбия (Магдалена-Каука) ойпаттары. Олардың бiрiншiсiнде Сьеера-де-Периха және Кордильер-де-Мерида (биiктiгi 5000 м) аралығындағы ойыста лагуналық көл Маракайбо орналасқан, кезiнде ол бүкiл тектоникалық ойысты алып жатқан. Аллювийлі ойыстың кеңеюіне байланысты оның ауданы күрт кiшiрейiп бара жатыр, жуықтап алғанда 20 мың текше км-ге тең, ойыстың тек 1/3 бөлiгiн ғана алып жатыр.
Кариб теңiзiнен келетiн пассатты ауа массалары Маракайбо (мұнда құрлық бойынша ең жоғарғы орташа жылдық температура – 280С,) депрессиясында тұрақтап, қоршаған қырат беткейлерін ылғалдандырады, беткейден аққан су ойпатқа жиналады. Өзендер тау жыныстарын шайып, аллювий қабатын қалыңдатады, сөйтіп ойпаттан аллювий қабатының қалыңдығын арттырады. Жыныстардың астыңғы қабатындағы үштiк кезеңнің құмдақтары мен тақта тастарында мұнайлы горизонт жатыр. Мұнай суы таяз Маракайбо көлiнiң түбiнен де өндiрiледi (тек оңтүстiкте оның тереңдiгi 240 м-ге жетедi). Iрi мұнай кен орындары Карибтік Анды тау алды ойысы мен Льяноста да шоғырланған. Шет мемлекеттер арасында Венесуэла мұнайды экспорттаудан – 1-шi, өндiруден – 2-шi орын алады.
Маракайбо ойпатының оңтүстiгi ылғалды ормандармен көмкерілген. Ойпатты солтүстiгінен қоршап жатқан жоталардың биіктігі төмендейдi, жауын-шашын мөлшерi азаяды (Маракайбо қаласында – 460 мм жылына), сондықтан ылғалды ормандар саванналармен кезектесетiн жаздық жасыл ормандарға ауысады. Гуахира және Парагвана түбектерiнде жаңбырлы кезең екi айға ғана созылады, жауын-шашын жылына 150-200 мм кактусты және диви-диви (Caesalpinia coriaria) бұташалары бар шөлейттер кездеседi.
С о л т ү с т i к К о л у м б и я о й п а т ы Маракайбо ойпатына ұқсас, Магдалена-Каука өзен жүйелерiнiң үйiндiлерiмен толған, ортаңғы бөлiгі батпақты (iшкi атыраулық ландшафттар), плакорлы жазықтары саванна өсімдігімен көскерілген, мұнай кен орындары бар. Мұхит жағынан қолайлы келетін Кариб ойпатында бананның iрi плантациялары, қант қызылшасы, темекi, дәндi дақылдардан күрiш егіледі.
Солтүстiк – Батыс Анды тауының ерекше белгiлерi, олардың терең тектоникалық-эрозиялық тiлiмденуi, және осыған байланысты iшкi жел жақ беткейлер, iшкi жоталар мен ойыстардың ландшафттары арасындағы айырмашылықтың едәуір болуы.
Кордильердiң құрылымы және морфологиясы әр түрлi. Шығыс жоталарда ежелгi ядролар кездеседі. Бор кезеңiнде бұл зонада геосинклиналь пайда болған. Шығыс Кордильердiң басым бөлiгiнің шөгiндi қабаттары миоцендегi екiншi тау түзiлу қозғалыстарымен қатпарланған; жер бедерінде олар ені кең, таулы үстiрт болып келедi. Кристаллды жыныстардың жер бетіне шығып жатқан бөліктерінде үшкір шыңды қырқалар кездеседі.
Орталық Кордильер – бірнеше палеозойлық кесектерден тұрады, солтүстiкте Антиокии тегiстелген интрузивтi массив, оңтүстiгiнде көптеген белсенді, әрі қарлы жанартаулық — конустардан тұрады ( Руис, Толима, Уила, Пурасе т. б.).
Сьерра-Невада-де-Санта-Марта биіктігі (5774 м) жететін гляциальд пiшiндi ежелгi массив.
Батыс Кордильерде (биiктiгi 4250 м-ге дейiн) бор кезеңiнің эффузиялық жыныстар, ал Жағалаулықта (немесе Серрания-де-Баудо, 1810 м биiктiкке дейiн) теңіздік жыныстар басым, плиоцен соңында қатпарланған; олардың екеуi де ежелгi Сьерра-де-Периха (3750 м) сияқты күшті эрозиялық тiлiмденумен ерекшеленедi. Жоталарды бөлiп тұрған Магдалена және Атратоның тегiс және кең ойыстары, Кауки опырылымы негiзiнен ежелгi аллювий мен шығанақтардың үштiк шөгiндiлерiнен түзiлген. Магдалена ойысындағы үштiк кезеңнің жыныстарында мұнай өнімдері кездеседі.
Кордильердiң Тынық мұхиты мен Льяносқа қарайтын жел жақ беткейлерiне жылына 10000-3000 мм — ден жоғары жауын-шашын түседi. Батысында жыл бойы жауын-шашын өте мол түседi, бұл жер шарындағы ең “ылғалды” жер. Сондықтан өте қалың, таулы гилея батыс Колумбияны Батыс Кордильер қырқаларына дейiн жабады. Шығыс жел жақ беткейлерде де осындай орман түрлерi 3000-3200 м-ге дейiн көтерiледi. 4-50с.е. солтүстiкке қарай шығыста құрғақ қысқы құрғақ мезгіл анық білінеді, мәңгi жасыл ормандар қалыптаспайды, олардың орнында төменгi белдеу, алдымен жаздық жасыл сирек ормандар мен бұталар түрiнде көрсетiлсе, артынан аралас жапырақты — мәңгi жасыл ормандар, тек 1000 м-ден бастап, тьерра темпладаның ылғалды тау гилеясы басталады. Тек солтүстiк Анды тьерра кальентесiнде токилья пальмасына ұқсас (Carludovica palmata) Колумбия мен Эквадордың экспорттарында негiзгi рөл атқаратын қалрақ тоқу үшін талшық алынатын және тез өсетiн, жеңiл бальс талы (Ochroma grandiflora), одан “Кон-Тики” плоты құрастырылған; тьерра темпладада мәңгi жасыл колумбиялық емен (Quercus granatensis) және андылық балауызды пальма (Ceroxylon andicola) өседi, оңтүстiк Анды типтерiне тән қылқан жапырақты подокарпустер (Podocarpus oleifolius) кездеседi.
Ттьерра фриа және тьерра элада белдеулерiнде температураның күрт төмендеуi ылғалдылықты молайтады. Мәңгi жасыл қисық ормандар белдеуiнен жоғары парамос шалғыны созылып жатыр, олар жасыл кiлеммен Орталық жанартаулық беткейлердi, сонымен қатар, Шығыс Кордильердiң тегiс беткейлерi мен мұздықтармен өңделген Мерида және Санта-Марта қырқасын жауып жатыр.
2500-2800 м биiктiкте орналасқан Шығыс Кордильердiң орталық бөлiгiндегi тау үстiрттерi ландшафттың ерекше түрiне ие болады. Территорияның жазықтығы, қоңыржай, жылы климаты (орташа айлық температурасы 14-150С), құнарлы, қара шірінді мөлшері жоғары таулы-шалғынды топырақтары халықтың шоғырлануына тиімді, тіпті осында Колумбия астанасы — Боготаның (2660 м биiктiкте) орналасуы тектен тек емес. Дәндi дақылдардан жүгерi (2700 м-ге дейiн), бидай және ноқат (3000 м-ге дейiн), арпа және картоп (3200 м-ге дейiн) өсiрiледi. Өңірдің шалғындары iрi қара жайылымы үшін пайдаланылады. Қалдықты көлдер шоғырланған батпақтар арқылы өзендер баяу ағып өтедi. Бiрақ таулы үстiрт бассейндерiнен шыға берiсте олар биiк сарқырамалар құрайды (мысалы, Текендамада, елдегi ең iрi СЭС салынған), және де Шығыс Кордильердегi беткейлердi терең шатқалдар жүйесімен тiлiмдейді.
Iшкi жоталардың беткейлерi, әсiресе Кауки опырылымына бағытталған беткейі құрғақ, тек 2100-2500 м биiктiктен қатты жапырақты немесе жаздық жасыл ормандар басталады. Ойыстың табанында жауын-шашын мөлшерi 1000-1500 м биiктiкке дейiн азаяды, табиғи өсiмдiгi мимозалы саванналар. Одан да құрғақ Магдалена аңғарының оңтүстiк бөлiгi (жауын-шашын 700-800 мм). Табанында жиналған құмды малта тасты үйiндiлерде бұталы саванналар өседі; жасанды суару арқылы қант қызылшасын, какао, темекi, мақта өсіру үшін, ал кордильер беткейлерi –кофе плантацияларына пайдаланылады. Өзендер режимi тұрақсыз. Су тасқыны — жаңбырдан, қардың еруiнен пайда болады. Аймақтың ең ірі өзені Магдаленада ортаңғы ағысындағы табалдырықтардың әсерiнен навигация мүмкіншілігі жоқпен тең.