Солтүстік Америка табиғатының қалыптасу кезеңдері

Солтүстік Америка табиғатының қалыптасу кезеңдері туралы қазақша реферат

Құрлық табиғатының қалыптасуы мен дамуы  Еуразия материгімен тығыз байланысты. Мезозой дәуірі басында солтүстік жарты шардағы кембриге дейінгі пайда болған қатпарлықтар оңтүстіктегі құрлықтармен бірігіп біртұтас праконтиненттік Пангеяны қалыптастырды.

Триас және Юра дәуірлерінде Пангея Лавразиямен Гондванага бөлінді. Тетис геосинкинальды арқылы Солтүстік Атлантика орнында Лавразия кайнозойга дейін сақталады. Құрлық негізін архей мен протерозой дәуірлерінде қалыптасқан Солтүстік Америка платформасы алып жатыр. Қүрлықтын, 4/3 бөлігі платформа, ал қалғаны геосинклинальды аймақтар болып табылады. Платформаның солтүстігінде Арктикалық, шығысында Атлантикалық және батысында Кордильер геосинклинальды бслдеулсрі апып жатты.

Платформаның солтүстік-шығыс бөлігі көтеріліп Канада қалқаны пайда болды. Платформаның өзге бөліктері геологиялық даму тарихы барысында төмен түсіп, оған шөгінді жыныстар жинала берді. Канада қалқаны оңтүстік бөлігінің төмен түсуі және оған шөгінді жыныстардың жинақталуы бүкіл палеозой дәуіріі бойында жүрді.

Төменгі палеозой дәуірінде платформаның солтүстік-шығысьнда жүрген тектоникалык қозгалыстар нәтижесінде Солтүстік Америка және Еуропа платфррмаларын өзара жалғастырған орасан зор құрлық пайда болды. Бұл құрылымдар Гренландияның солтүстігі мен шығысында және Аппалач тауының солтүстігінде сақталып қалды. Герциндік қатпарлану кезінде Аппалачтың шыгысы мсн оңтүстігінде, Мексика шығанағы маңында құрлық пайда болды. Мұның соңгысы синеклиза болып табылады.

Сөйтіп, палеозойдың аяғы мен мезозойдың басында Солтүстік Америка қазіргі құрлықтан мейілінше озгеше болган. Ол кембригс дейінгі және палеозой доуірлерінде пайда болған катпарлықтардың өзара бірігуінен түзілген қүрлық бөлігі, Еуразия мсн оңтүстік құрлықтың біраз бөлігін қосьш, ежелгі Пангей құрлығы қүрамында болган.

Мезозойдың басьнда Пангея Тетис геосинклиналы нәтижсінде екі бөлікке  болінді: Лавразия және  Гондвана қүрлықтары. Сондай-ақ Тетис геосииклинальды Пангей қүрлыгын екіге болумен қатар, Солтүстік және Оңтүстік Американың бөлінуіне де негіз болды. Бірақ бұл кезде екі қүрлық арасында екеуін жалғастырып тұрған шағын құрлық болды.

Бор дәуірінде Атлант мұхитының пайда болуы Оңтүстік Америка мен Африканы бөлсе, ал бордың ортасында Лавразияның бөлінуі нәтижесінде Солтүстік Америка мен Еуразияның қалыптасуына негіз болды. Бірақ, Солтүстік Америка мен Еуразия бір-бірінен толық ажырамады, олардың солтүстік бөлігі әлі біртұтас болды.

Құрлық қазіргі табиғатының қалыптасуына мезозой дәуірінде болған өзгерістер үлкен әсер етті. Бүл кезде Солтүстік Америка батысында Кордильер орогенді белдеуі қалыптасып, ол мезозой жәнс кайнозойда одан әрі дамыды. Мезазойда Еуразияның солтүстік шығысы қосылды.

Солтүстік Америқаның платформалық бөлігі кайнозой  дәуірінің басында құрлық түрінде солтүстіктен солтүстік полюске дейін созылып , солтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында Еуразиямен жалғасып жатты.

Бордың орта кезінен бастап, құрлыққа оңтүстіктен су қаптап, платформаны Кордильерден бөліп тұрған ойысты толтырған. Кайнозойдың басында су басқан жағалауда климат ыстық әрі ылғалды болып, ол жерлерде қазір 40° параллельден солтүстікке қарай кездеспейтін Секвойя, Магнолия, мәңгі жасыл емен және тагы басқа  жылу сүйгіш мәңгілік жасыл ормандар болды.

Солтүстік Американы оңтүстік қүрлықпен жалғастырған құрлық аркылы тропиктік өсімдіктер мен жануарлар солтүстікқе тарады. Бордың аяғы мен палеогенде платформа мен Кордильер арасындағы су алабы біртс-бірте солтүстіктен оңтүстікке қарай шегініп, ақырында жойылып кетті. Осы кезде құрлықтың солтүстік және ішкі аймақтарында климат суып, құрғай бастады да, онда дала мен шөлдің ксерофитті өсімдіктері пайда болды.    Кордильердегі орогендік кезең олигеценде басталып, осы уақытқа дейін созылып келеді.

Ол тау жүйесінің әртүрлі бөлігінде түрліше жүрді. Күшті қозғалыстар әсіресе, Калифорнияда, Ванкувер аралы аймағында, Аляскада байқалды.

Тектоникалық әрекетпен қатар жанартау атқылауы да бірге жүрді. Ол Сеңгір тауларын, Үлкен бассейнді, Мексика таулы қыратын , Колумбия үстіртін және Каскад тауларын қамтыды. Қазір едәуір бәсеңдеді.

Бұған дейін тегістелген Аппалач тауында олигеценде жоғары көтерілу бастальп, оның тау бедерлері жаңарды. Атлант мұхиты жағалауынын төмен түсуі өзен «сағаларының су астында қалуына және қазіргі эстуарилік-лагуналық жағалаулардьң пайда болуына ықпал жасады.

Құрлықтың солтүстігінде жер бетінің төмендеуінен архипелагтар пайда болды.

Климат жағдайы палеогеннің аяғы мен неогенде қазіргі сипатына жақын болып, ылғалдылық шығыс пен батыстан құрлықтың ішкері аймақтарына қарай бірте-бірте азая берді. Таулы жерлерде эрозиялық әрекеттер әсерінен тегістелу жүрді. Климаттың суытуына байланысты плиоцен дәуірінде құрлықта тундралық және тайгалық флора мен фауна қалыптасты.

Гренландиядан басталған мұз басу құрлықта плейстоценнің басьнан бастап кең тарады. Мұздықтар екі орталықтан (Лабродор мен Кордильер) тарала отырып, мұз басу кезінде құрлықтың 40° с.е. дейінгі 60% қамтыды. Құрлықтың Еуразиямен салыстырғанда көп бөлігін мүз басуы оның ішкі аймақтарының көп мелшерде ылғалды болуымен байланысты. Климаттың сол кезде-ақ континентті болуына байланысты Алясканың солтүстігін мұз басқан жоқ.

Құрлықта бірнеше рет мұз басу мен шегінуі болып, мұз басу орасан зор аумақтағы топырақ — өсімдіктер жамылғысын құртып кетті. Соңғы мұз басудан (Висконсин) кейін мұздық аймақтар орнында орасап зор көлдері пайда болған. Мұз басу жер бедеріне де үлкен әсер етті