Жоспар
Кіріспе
I. Теориялық бөлім
1.1 Скважинаны қалыптасқан режимде зерттеу
1.2 Скважинаны штангілі сорапты қондырғымен өндіру кезіндегі гидродинамикалық зерттеу әдісі
1.3 Скважинаны батырмалы ортадан тепкіш электро сораптармен пайдалану кезіндегі гидродинамикалық зерттеу
II. Технологиялық бөлім.
2.1 Балансир басындағы күштерді өлшеу есебі
III. Графикалық бөлім.
3.1 Гидродинамикалық динамограф құрлысының схемасы
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Скважинаны гидродинамикалық зерттеудің теориялық негізі, оларды пайдалану тәсілінен тәуелсіз екені белгілі. Зерттеудің технологиясы осыған байланысты болады. Түптегі қысымды тереңдік манометрлер көмегімен немесе сұйық деңгейі бойынша эхолоттың көмегі арқылы анықтауға болады.
Манометрді сақиналы кеңістікке түсіру, кейде олардың СКҚ-дың шеген құбырлармен жанасқан жерінде тұрып қалуымен аяқталады. Сондықтан штангілі сораптармен жабдықталған скважиналарды эхолот аспабының көмегімен жиі зерттейді. Бұл аспаптың көмегімен скважинадағы деңгейді өлшеп тұрады (статикалық және динамикалық). Скважинадағы деңгейдің жағдайы мен ондағы сұйықтың белгілі тығыздығы бойынша қабаттағы және түптегі қысымдарды анықтайды.
Қабаттардың қасиеттері мен скважинаның өнімділігін зерттеу үшін гидродинамикалық зерттеулердің әр түрлі әдістерін қолданады, оларды екі топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа скважина өнімін қалыптасқан рижимдеалып зерттеу әдісі жатады, екіншіге-скважина өнімін қалыптаспаған рижимде алып зерттеу әдісі.
Зерттеулерді жүзеге асырудың техникасы мен технологиясы мұнай мен газды өндірудің тәсіліне байланысты, олар кітаптің сәйкес тарауларында айтылады. Скважина жұмысын бақылаудың нәтижелері бойынша қабаттар қасиетін зерттеудің жалпы теориялық негізін осы тарауда қарастырып өтеміз.