Жоспар:
Кіріспе……3
І-тарау. Симплекс әдісінің алгоритмі…….5
ІІ-тарау. Тәжірибелік есептерін симплекс әдісімен шығару…….14
Қорытынды……..20
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Жалпы математикалық программалау пәні өмірдің қажеттілігінен пайда болған қолданбалы математиканың ең негізгі бөлімі. Математиканық программалаудың ішіндегі барлық халық шаруашылығына көп таралғаны, әртүрлі әдістері терең зерттелген бөлімі сызықты программалау әдістері болып есептеледі. Математикалық программалау пәнінің ең негізгі бөлімі сызықты программалау есептері дүние жүзінде бірінші рет 1930 жылдары жарық көрді. Сызықты программалау есептері басқа тәжірибелік есептерге қарағанда өте қарапайым, зерттеуге ыңғайлы.
Сызықты программалаудың дербес есебінің бірі – қатынас есебінің дербес түрі 1931 жылы Венгрияда басылып шықты, бұл мақаланың авторы математьик Эгервари болатын. Кеәінірек келе бұл мақаланың негізінде бірнеше еңбектер жазылды. Бұған мысал үшін 1951 және 1956 жылдары жарыққа шыққан Кун Х.В. және Теккер А.В., 1957 жылы жазылған Форд Х.Р. және Фалкерсон Д.Р. еңбектерін алуға болады. Бұл еңбектерде қатынас есептерін шешуге арналған әдістер көрсетілген, кейін келе әдебиеттерде бұл әдісті қатынас есептерін шешудегі Венгер әдісі дейтін болды.
Сызықты программалау атты термин алғаш рет 1940 жылдары АҚШ-та қолданылды. Сызықты программалау әдісінің арнайы есептерінің бірі 1941 жылы АҚШ-та басылып шықты, оның авторы Хичкок Ф.Л. болатын.
Бұрынғы Кеңестер Одағында сызықты программалау әдісінің негізін қалаушы академик Л.В. Канторович болды. Себебі оның көптеген сызықтық программалау әдістеріне арналған дербес есептері 1930 жылдардан бастап жарыққа шыға бастады. 1956 жылы Дж. Данциг, Х.Р. Форд және Д.Р. Фалкерсон Венгер әдісінің негізінде сызықты программалаудың есептерін шешуге арналған, Л.В. Канторович ұсынған потенциал әдісіне өте сәйкес әдіс ұсынды. Ал 1947 жылы Дж.Б. Данцинг сызықты программалау әдістерінің ішіндегі әмбебап симплекс әдісін жарыққа шығарды. Бірақ бұл әдістің Л.В. Канторовичтың 1939 жылы ұсынған, біртіндеп жақсарту әдісінен айырмашылығы өте аз болатын. Өкінішке орай бұл әдісті
Л.В. Канторович бұрын ұсынса да көптеген әдебиеттерде, оқулықтарда симплекс әдісін Дж. Данциг әдісі деп атайды.
Курстық жұмыс / 20 бет