Симплекс әдісі курстық жұмыс

ЖОСПАР

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1.Симплекс әдісі
2.2.Симплекс әдісімен есеп шығару
2.3.Жасанды базисі бар симплекс әдісі
2.4.Экономикалық-математикалық модельдердің жалпы мәселелері
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

К. Маркстің «Ғылым математиканы пайдалануға мүмкіндігі болса кемелдікке жетеді» — деген тезисінің әділдігі күннен-күнге дәлелдене түсуде. Математикалың әдістер мен компьютерлік технологиялар нарықтың даму жағдайында жоспарлау мен жедел басқару мақсаттары үшін экономикалық зерттеулердің күнделікті әрекетіне ойдағыдай кірігуі — бүгінгі күн тіршілігінің шынайы көрінісі.

Қазақстанда жүргізлеетін макроэкономикалық саясатты, белең алған  макро-микроэкономикалық үдерістердің теориялық мәнін түсіну және сонымен бірге математикалық, ақпараттың модельдеу тұтастай білім беру бағытында да (жоғары оқу орындарында), сонымен бірге экономистердің айтарлықтай бөлігін арнайы даярлауды сөзсіз қажет етеді.

Президент Н.Ә. Назарбаев Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі өз лекциясында: «Талдаудың математикалық әдісттрін инженерлер, экономистер, заңгерлер, құрылысшылар, мемлекет қайраткерлерінің барлығы да игеруге тиіс» деп ерекше атап өтті.

Қазіргі таңда математикалық әдістер қайсыбір дәрежеде пайдаланылмайтын адамзат тіршілігінің саласын табу қиын. Экономикалық қызмет те осыны дәлелдейді. Алайда осы күнге дейін экономикалық үдерістерді модельдеу саласында айтарлықтай табысқа жету байқалмайды.

Біздің ойымызша, осы жағдайды төмендегі себептермен түсіндіруге болады:

  1. Экономикалық үдерістер әжептәуір шамада ретсіз,  басқарусыз өрбиді. Олар саяси, мемлекеттік және жекелеген салалардың шаруашылық басшыларының тарапынан ел экономикасын тұтастай жігерлі басқару әрекетіне бағынбайды. Осы   себептен   экономикалық  жүйелер  нашар  зерттеліп, формалы түрде сипатталған.
  2. Экономика саласы мамандарының, әдетте, математикалық
    жалпы, атап айтқанда, математикалақ модельдеу мәселелері бойынша   даярлығы   нашар.    Олардың   басым   көпшілігі қадағаланатын экономикалық үдерістерді нысандандырылған түрде сипаттай (нысан құра) алмайды. Осының салдарынан қарастыратын экономикалық жүйе сол немесе басқа математикалық моделъдің   сәйкестігін     анықтауға  мүмкіндік бермейді.

Математикалық модельдеу саласындағы мамандардың қолында экономикалық үдерістің нысандандырылған сипаты болмағандықтан олар оған сәйкес математикалық модель құра алмайды.

 Курстық жұмыс / 30 бет