Шығыс Қазақстанның туристік жағдайларын қарастыру және бағалау курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:

1. Табиғи рекреациялық ресурстары
1.1 Ерекше қорғалатын табиғи аймақтары
1.2 Табиғи ескерткіштері

2. Әлеуметтік – экономикалық рекреациялық ресурстар
2.1 Тарихи – мәдени ескерткіштер
2.2 Әлеуметтік — мәдини орталықтар

3. Туристік шаруашылық нысандары
3.1 Облыста қызмет көрсететін туристік нысандардың тізімі (кесте)
3.2 Болашақта туризмнің даму жағдайлары
3.3 “Шығыстың шырайлы жерлері” атты туристік маршрут жолы

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

        Шығыс Қазақстан облысы 1932 жылы құрылған. Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 3 мамырдағы Жарлығымен оған Семей облысының аймағы қосылды.

Облыс аймағы 283,3 мың ш.км созылып, жоғарғы Ертіс алабында орналасқан, онтүстікте Қытай және Алматы облысымен, солтүстік шығыста Ресеймен, батыста Қарағанды және Павлодар облыстарымен шекараласады.
Шығыс Қазақстан облысы Қазақстан Республикасының облыстары арасында аумағы бойынша үшінші орынды еншілейді.
Облыста 19 аумақтық-әкімшілік бірліктер бар, оның ішінде 15 аудандар және 4 қала; Өскемен, Семей, Риддер, Курчатов (аумағы бойынша Павлодар облысына бағынады) қалалары.

Облыс орталығы Өскемен қаласы 1720 жылы құрылып, Кенді Алтай таулында орналасқан.
Облыс алуан түрлі табиғи жағдайымен айрықшаланады. Осында таулы бедердің күрделігімен және бір қатар жалпы климаттық тәртіп құбылыстарымен, сондай-ақ көптеген таулы жоталардың ауа ағысының таралуына әсерімен байланысты климаттың, өсімдіктің және топырақтың вертикальдік аймақтығы көрінеді.

ШҚО-ның табиғаты таңқалдырар алуан-түрлі. Осында дала, шөлді және таулы тайга ландшафттар: батыста – Ертіс маңы және Сарыарқаның жазықтары, шығыста — Алтай деп аталатын таулы өлке. Шығыс Қазақстан жануарлар және өсімдіктер әлемінің түрліліктерімен бай. Облыста республикамыздың орман байлығының 90 % -ы жинақталған. Аймақтың табиғатын сақтап қалуға қорғалатын аумақтар мен қорықтық орындар торабы құрылған. Бұл Марқакөл, Батыс Алтай, Алакөл қорықтары, 8 жануартану мен өсімдіктану қорықшалары, 6 табиғат ескерткіштері, Қатон-Қарағай ұлттық табиғи саябағы.

Аймақтың жер қойнаулары пайдалы қазбаларға бай. Осында қорғасын, мырыш, күміс, алтын, мыс, титан, тантал, магний, кадмий, теллур және т.б. металлдарды өндіру және өңдеу Өскемен, Риддер, Зырян, Шемонайха, Глубокий, Белоусовка және т.б. өнеркәсіп орталықтарымен тау-кен өндіру және қайта өңдеу түсті металлургиясының дамуына мүмкіндігін берді. Сондай-ақ, облыста ірі машинажасау зауыттар, жеңіл, орман, қайта өңдеу, ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі иен құрылыс индустриясының  кәсіпорындары жинақталған.

Шығыс Қазақстан облысы – үлкен демографиялық, ресурстық, техникалық әлеуеті және бірегей табиғат байлығы бар аймақ, еліміздің тәуелсіздігін бекітуге және оның экономикасының дамуына үлкен үлес қосады.

 Курстық жұмыс / 47 бет