Шешендік өнер халықтық-демократиялық қоғамдарда өсіп-өркендейді. Ақыл-ойға еркіндік шешендік өнердің дамуының алғашқы шарты болып есептеледі. Мысалы, ежелгі грек тарихында шешендік өнердің дамуына б.ж.х.д. 594 жылы Афины басқарушысы әрі ақыны Солонның құлдық құрылыс пен сот істерін демократиялауға бағытталған заңының себеп болғандығын шешендіктану ғылымының зерттеушілері растайды. Бұл заң бойынша Афинының әрбір азаматы өз мүддесін өзі қорғауға тиіс болды. Сотта өзін-өзі қорғау үшін қызыл тілге жүйрік болуға тиіс. Осыған байланысты сот алдыңда айтылатьш сөзді алдын-ала даярлайтын сөз шеберлері (логографтар) көптеп пайда болған екен. Демосфен шешен алғашында осындай логограф болған.
Солон заңына ұқсас заң «Жеті жарғы» қазақ елінде де болды. «Жеті жарғының атақты жеті биімен ақылдасып отырып қабылдаған хан Тәуке еді. «Жеті жарғы» бойынша да әркім өз жоғын өзі жоқтауға, өзінің әлі келмесе, жанкүйер бауырластары, одан қалса руластары қорғауға тиіс болған. Мұның өзі шешендік өнерді үйренуге, сөз бостандығының жандануына жол ашты. Ежелгі шешендіктің Отаны саналған Румда да римдіктер қан майданда Отанын қарумен қалай қорғаса халық мәжілістері мен сенатта суырылып сөйлеу әрқайсысының басты парызы болған. Ресейде шешендік өнердің кенжелеп дамығандығын айтып, оның себебін түсіндірген Д.И.Фонвизиннің: «Шешендердің аз болу себебі шындығында шешендік дарын көрінетіндей жағдайдың жоқтығынан. Шешендік абырой-атаққа айқара есік ашатын және консульдікпен сайланатын бізде халық жиналыстары жоқ» деген сөзін келтірген Б.Адамбаев: «Шешендік өнер қай жерде сөзге бостандық, еркіндік болса, жүйелі сөзге жұртшылық, қоғам құлақ асса, міне, сол жерде, сол елде ғана дамиды. Керісінше, ақыл-ойға, сөзге-тілге қысым жасалып, шек қойылған жерде ақыл-ойдың адамдары, ең алдымен ақындар мен шешендер қорғалап сөйлей алмайды, сөз өнері тоқырайдың («Халық даналығы», А. «Рауан», 1996, 148-6)-, деген болатын. Жалпы шешендік өнердің шығуы белгілі бір қоғамдық жағдайлармен және халықтың бас қосу жиналыстарымен байланысты болғандығын қазақ шешендік өнерінің тарихы да растайды. Әсіресе халық жиналатын астың мәні үлкен болған. Ә.Бөкейханұлының сөзімен айтсақ, қазақтың үлкендеріне ас бергенінің бір пайдалы жері асқа жиналған халықтар іс тексеріп, дау бітіреді екен, бұрынғы жиналыстарда бітпей қалған дауларды шешеді екен. Халық жиналатын жерлердің бірі- ақындар айтысы. Ақындар айтысы да, ас пен той сияқты, шынайы шешендер сөз сайысына түсетін және шындалатын орындар болған. Ердің, елдің тағдыры сөз болатын, соғыс, бітім секілді маңызды мәселелер қозғалатын бұрынғы хан кеңестері, қазіргі парламент сарайлары, сот залдары — саңлақ шешендер мен саяси қайраткерлерді қалыптастыратын орындар. Дүние жүзіне есімдері әйгілі шешендердің көбінесе мемлекет қайраткерлерінен, заң қызметкерлерінен, парламент мүшелерінен шығатыны да осыдан. Мысалы, ежелгі Афина шешені Демосфен, Рим шешені Цицерон парламент басшылары болса, орыс шешендері П.А.Александров, Ф.Н.Плевако, А.Ф.Кони заң қызметкерлері еді. Қазақ елі тарихындағы шешендердің кімдер болғандығын бірінші тарауда егжей-тегжейлі айтып өттік.
«Бірақ шешендік сөздер тек ас пен тойда, жәрмеңке-жиындарда айтылған дау-тартыс, ақындық айтыстармен ғана шектелмеген,-дейді Б.Адамбаев. — Жазда жайлауда жиі болатын ас-тойларда, мәжіліс жиылыстарда, жай қонақта көпті көрген қарттар үлгілі, өнегелі сөз айтып отыратын салт болған» («Халық даналығы», 83-6). Бізге жеткен нақыл, өсиет, әзіл-тақпақ сөздер осыны айғақтайды. Сол салт бойынша жастар арасында да тапқырлыққа күрылған сөз жарыстары өтіп отырған. Сөз жарысына түсу үшін халық тілінің байлығын молынан меңгеру қажеттігі туады. Олар халық тілінің байлығын халық ауыз әдебиетінен үйренді. Халық ауыз әдебиеті мүраларын көп жинаған түрколог ғалым В.В.Радлов қазақтілінің түпкі түркілік сипатын сақгап қалған тазалығын, табиғилығын, үндестік заңына бағынған өсемдігін айта келіп: «Оның үстіне қазақтың басқа бауырластарына қарағанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі де маған әсер етті», — деген сөзіне немесе «Қазақтар мүдірмей, кідірмей, ерекше екпінмен сөйлейді. Ойын дәл, айқын ұғындырады. Ауызекі сөйлесіп отырғанның өзінде сөйлеген сөздері ұйқаспен, ырғақпен келетіндігі соншалық, бейне бір өлең екен деп таң каласың» (В.В.Радлов. Образцы нар. Лит. Тюркских племен, казахские наречия. ч.ІІІ. СПб, 1870, стр.17), — дейтін пікіріне сүйенсек, М.П.Мелиоранскийдің: «Қазақ тілін зерттеушілердің бәрі де бір ауыздан қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тіл деп куаландырып отыр» (Сказание текста рукописи Едиге. Спб., 1905, с.86), — деген жүрекжарды сөзі мен Л.Гржебичектің: «Сіздердің тіл синонимге өте бай ғой. (Описание киргизско-кайсакского быта. Спб., 1870, с.18),-деген ақиқат сөзі, Н.Г.Потаниннің: «Қазақдаласы ән салып түр. Қазақтың алты жасар баласынан алпыс жасар қартына дейін жанынан өлең шығарады. Шешендік еткір тілмен сөйлей біледі», — деп жазғаны қазақ халқында шешендік өнердің жалпылық сипат алғандығын дәледдейді. Сонда шешендік өнердің дамуына себеп болған жайттардың бірі-қазақ тілінің тазалығы, байлығы мен өуезділігі, қалың көпшіліктің сөз өнеріне деген қызығушылығы, тапқыр, ойлы, ақылды сөзге үйірлігі.
Мұндай қызығушылық, сөз өнеріне үйірлік қазақ халқында балаға жастайынан ән, күй, жыр, ертегі-аңыз әңгімелер естіп өсуіне мүмкіндік жасауы еді. Мысалы, Абайдың балалық шағын еске түсірсек, әжесі Зере оны ертегі-аңыз әңгімелермен ұйықтатып, жыршыларды кеш бойы, ұзақ түндерде Абайдың жанында ұстап, жыр айтқызбаушы ма еді. Шешендік өнердің тамаша теоретигі Квинтилиан да шешенді тәрбиелеу ісінде балаға сөзді анық, сұлу айтатын ұстаз тандау қажеттігін айтқан еді.
Шешенге қойылатын талаптар
1. Шешен дегеніміз кім?
«Шешен» сөзі қазақ тілінің этимологиялық сөздігінде былайша түсіндірілген: «Шечан» сәсән сөзі қырғыз, қарақалпақ, өзбек, башқұрт тілдерінде де қазақ тіліндегідей мағынада қолданылады. Түркі тілдерінің бұл тобында шешен сөзінен туған шешенсу, шешенсіну сөздері кездеседі. Өзбек тілінде чечан сөзінің «неге болса да ұста, шебер», тува тілінде (чечен) «әдемі, көркем» деген қосымша мағыналары бар. Моңғол, бурят-моңғол, қалмақ тілдерінде кәкән, сэсэн, цэцэ сөзінің «данышпан, ақылғөй, дана, тапқыр» деген машналармен қатар «мерген», дәл тигізетін, дәл басатын деген де мағынасы бар. Чечен // сасан сөзінің бұл мағыналары алтай, якут, тува тілдерінде де кездеседі. Б.О.Оразбаева қырғыз тіліндегі чечерке сөзін талдай келіп, бұл форма моңғол тілдерінен ауысқан болу керек дейді. Шешен сөзі —шеш (чеч. сэс. цэс. цэц) түбірі менен қосымшасынан тұратын түрік, моңғол тілдеріне ортақ сөз болуы мүмкін» (Б.С.) («Қазақ тілінің кысқаша этимологаялық сөздігі». А. 1966, 222-6.).
Біз бұл пікірге қосыламыз. Б.О.Оразбаева айткдн сияқгы, шешен, моңғол тілінен ауысқан сөз болмауы керек. Осы сөздің түркі тілдерінің барлығында қолданылғанына қарап және түркі, моңғол тілдерінің түбі бірлігін ескерсек, түркі-моңғол тілдеріне ортақ сөз болып шығады.
Шешен сөзі қазақ тілінде өте ертеден қолданылып келеді. Бұл сөздің мағынасы алдында шешіліп сейлейтін түйінді мәселелерді шешіп сөйлейтін данышпан, ақылгөй, дана деген ұғымдармен өзектес. Шешен сөзі қазақ тілінде сөзшең, айтқыш, тапқыр, суырып салма, ділмар, қызыл тілге жүйрік дейтін сөздермен қатар қолданыла береді. Шешен сөзін халықаралық терминмен атасақ, «оратор» деген сөз. «Оратор» латынның «очаче» — «айту», «сөйлеу» деген сөзінен шыққан. Дальдің түсіндірмелі сөздігінде «оратор» вития (ділмар), краснослов (қызыл сөз), речистый человек (сөзшең адам), мастер говорить (сөйлеудің шебері). Осының бәрінде де шешен (оратор) әсерлі, әдемі, бейнелі, көркем, ойлы сөйлей алатын адам деген мағынаны білдіреді.
Ал қазіргі орыс тіл білімінде шешен деген сөз көпмағыналы: 1) шешендік өнермен айналысатын адам; 2) жиналыста т.б. көпшілік алдында сөйлейтін адам; 3) қызыл тілді меңгерген шешен сөйлеуге кабілетті адам. Осы себепті де бұл сөздің әр жақты түсініктемесі пайда болды. Тіпті орыс тіл білімінде «оратор» деген сөзге анықтама тіркеп айтуда бар: жақсы шешен, жаман шешен, талантты шешен, жалынды шешен т.б.
Осы мағыналардың қайсысын негізгі ұстаным етіп аламыз десек, айтарымыз: Шешен дегеніміз мол білімімен, айшықгы, өсем тілімен оқырмандарына әсер ететін, бір нәрсе туралы сендіріп, бір нәрсеге ұмтылдыратын, сөзге тапқыр, ойы терең, білімдар адам.
Кез келген адам шешен бола ала ма? Осы сұрақтың төңірегінде таласты пікірлер бар. Біреулер ол Алланың берген сыйы, таланты, жаратылысынан болады десе, екіншілері шешенге қажетті қасиеттерге дамытумен, тәрбиемен, көп окумен жетуге болады дейді. Бұл бүтінгі күннің таласы емес, шешендік өнер тарихында үнемі туып отырған сұрақ. Көне Римнің мындаған жылдар бұрынғы әйгілі шешені және теоретигі Марк Туллий Цицерон айтқан: «Ақын болып туады, шешен болып шығады («поэтами рождаются, ораторами делаются»). Ұлы шешен ақындыққа таланты болып туу керек екенін, ал шешендікке көп оқып, көп ізденіп, көп сөйлеп жаттығып, күш-қуат жұмсаудың қажеттігін айтты.
А.Ф.Конидің пікірінше, шешендік пен көпшілік алдында сөйлей алушылық — екі түрлі нәрсе. Шешендік, қызыл тілге жүйріктік адамның табиғатынан бар талант болса, ал көпшілікке сөйлей алушылық күнделікті сөйлеу тәжірибесінен, үздіксіз сөйлеп жаттығудан пайда болады. Шешендік өнердің тарихына үңілсек, көне грек шешені Демосфеннің өмірі кімге де болса үлгі. Оның алғашқы сөйлеуі сәтсіз болып жүрді. Демосфен сөйлей бастағанда алғашқыда жүрттың бәрі күлді, айқайлап, наразылық білдірді, шешенді аяғына дейін сөйлеуге жеткізбеді. Демосфен зор күш-қайрат жұмсаудың арқасында замандастарының арасында табысқа жетті. Ертедегі грек тарихшысы Плутарх «Избранные жизнеописания» деген еңбегінде Демосфеннің өз әлсіздігімен қалай күрескендігі жайында әңгімелейді: Демосфен міңгірлеп, тілін шайнап сөйлейтін кемшілігін жою үшін, аузына қиыршық тастарды толтырып салып алып, ақындардан үзінділер оқыған, айқын, түсінікті етіп айтуға тырысқан; жүгіріп бара жатып немесе тауға шығып бара жатып өлеңдерді немесе ұзақ фразаларды демалмастан айтуға үйренген. Өзіне кедергі жасайтын табиғи кемшіліктерін жою үшін, Демосфен жер астындағы бөлмеге қамалып, даусын жетілдіру үшін күндіз-түні жұмыс істеді. 2-3 айлап сыртқа шықпас үшін басындағы шаштың жартысын қырқып тастауға дейін барған, жұрт алдына шыққысы келсе де, бұл түрімен шыға алмаған. Мұнымен қоса кез-келген кездесуді, іскерлік әңгімені Демосфен қызыл сөзге жеткізетін жаттығу ретінде санаған. Жалғыз қалып, болған әңгімені, естіген әңгімені қайталап айтып шығатын болған. Ол өзге әйгілі шешендерден үйренген: оларды ынтамен тыңдап, солардың сөзіндегі логикаға мән берген, сөйлеуіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді түртіп жазып отырған. Өзгелер, не өзі сәтті қолданған сөздер мен сөйлемдерді есінде ұстаған да, кейін өз сөзінде қолданып отырған, бір ойды бірнеше вариантпен айтып жаттығу жасаған, жетілдірген, артығын алып тастаган, сөйтіп ең артық вариантын тандаған («Избранные жизнеописания», М., 1987, 500-503 беттер). Осы айтылғандардан Демосфеннің тумысынан шешен болмағанын, шешендікке еңбекқорлығының, табандылығының, қажырлығының арқасында жеткенін білуге болады.
Плутархтың айтуынша, қайталанбайтын өзгеше білімдар жан-жакты және әбден төселген майталман шешен Цицерон болған. Ол жасынан талантты болған: философиялық еңбектерді кеп оқыған, ақын болған. Бастауыш класты бітірісімен Цицерон шешендігімен римдікгерді таң калдырған академик Филонды тындаған. Өзінің тума таланты мен еңбекқорлығының аркасында замандастарының арасыңца зор беделге ие болған. Цицерон б.ғ. дейінгі II ғасырда Римде ашылған шешендік өнер мектебінде сабақ берді, ол мектепке жастар катты ұмтылды. Бірақ ол мектепке кез келгеннің қолы жетпеді, себебі ол үшін грек тілін өте жақсы білу керек болды және шешендердің сабағы арзанға түспеді. Гректердің шешендік мектебіне кейін үкімет басына бара алатын аристократтардың балалары ғана оқи алды, үкімет бұл шешеңдік мектепке қатты көңіл бөлді. Цицерон осы мектепте болашақ жеткіншектерге ғылымның барлық түрлерін зор құлшыныспен бойына сіңдірген. Балалардың әкелері оны өз көзімен көріп, құлағымен тындау үшін сабаққа қатысқан, көшеде оған жол берген, құрметті орынға отырғызған.
Мектептегі сабағы біткеннен кейін де Цицерон үлкен құлшыныспен оқуға кіріскен: әртүрлі ғылымды оқып үйренген, әрқилы мектептің философиялық ілімдерімен танысқан, грек тілін меңгерген. Әйгілі шешендерге қатысқан, күлкілі актер Роция мен қайғылы рольде ойнайтын Эзопадан үйренген.
Плутархтың әңгімесінде: бір күні Афинаның шешені Аполлоний, римдіктердің тілін білмегендіктен, Цицероннан грек тілінде сөйлеуді өтінеді. Цицерон Аполлоний сөзімдегі кемшіліктерді айтып жөндер деген оймен келіседі. Цицерон сөзін аяқтағанда, елдің бәрі оған таңқалып, мадақтайды. Тек Аполлоний ғана ешнәрсе айтпайды, үнсіз отырып, ойланып қалады. Ақырында Цицеронның жабырқау тартқанын көріп айтады: «Цицерон, сенің енеріңе қатты сүйсінемін, мадақтаймын, бірақ Греция үшін менің жаным ауырады, біздің артықшылығымыз және соңғы мақтанышымыз болып есептелетін — білімдарлық пен шешендік — сенің кінәңнан римдіктерге көшіп жатыр» («Избранные описания», М., 1987, 520-524 -беттер).
Ұлы шешендердің өмірінен байқағанымыздай, шешен аса білімдар, көп оқыған, әдебиет, тарих, өнер, әр түрлі ғылым және техника салаларынан жетік білетін адам болуы керек. Сонымен қатар шешеннің жеке басының ерекшеліктері де маңызды роль атқарады. «Шешендер туралы» деген еңбегінде Цицерон шешеннің үш түрі бар екендігін айтады:
1) айтылмақ ойын қатаң тәртіппен, байыпты талдаумен, «салқын қандылықпен» ұсынатын шешен;
2) аудиторияның сезіміне әсер етуді мақсат етіп, белгілі бір ассоциациялар тудыратын көркемдеуіш-бейнелеуіш элементгерді көбірек пайдаланатын қызуқанды шешен;
3) Ретіне қарай жоғарыдағы екі стильдің де элементтерін шебер қолданатын шешен.
Иә, шешен тыңдаушыларға әр түрлі жолмен әсер ете алады. Кейбір шешендер тындаушыларын дауыс күшімен, айқындылықпен, ойдың тереңдігімен, дәлелдеу шеберлігімен, ойлау логикасымен баурайды, кейбіреулер өзгеде жоқ эмоциональдылық, экспрессивтік касиеттермен, образды, көркем сөйлеуімен ерекшеленеді.
Шешендік өнерге қатысты қазіргі әдебиеттерде шешендерді былайша бөледі: шешендік өнерде пікірдің ойлылығын негізгі тәсіл ретінде алатын шешендер, өзінің эмоциональдығымен әсер ететін шешендер. Академик И.П.Павлов адамда жоғарғы нерв қызметінің екі түрі — көркемдік және ойшылдық бар екенін айтқан еді. Жоғарғы нерв қызметінің қай түріне жататындығына қарай адам әр түрлі сөйлейді, осыған байланысты эмоциональды сөйлеу немесе логикалы сөйлеу туындайды.
Әйтсе де әрбір сөйлеу әрі логикалы, әрі эмоциональды болуы қажет. Егер шешен қызықсыз, ойсыз әңгімені жоғарғы эмоциямен, көтеріңкі пафоспен сөйлесе, тыңдаушылардың ашуын туғызады. Әуелгі кезде тыңдаушыларының назарын өзіне аударуы мүмкін, кейін тыңдаушылары мазмұнында іліп аларлық ешнәрсе болмағандықтан теріс айналады.
Керісінше, мазмұнды, логикалы сөзді ешбір қызығушылықсыз, эмоциясыз, бірдей үнмен баяндаса, тындаушыларын шешен жалықтырады.
Сонда ең жақсы шешен — Цицерон айтқан үшінші шешен.