Шаруашылық жургізуші субъектілер қаржыларының мәні курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Шаруашылық жүргізуші субъектілер (ШЖС) қаржысының теориялық негіздері
1.1. ШЖС қаржысының мәні, сыныптамасы мен ерекшеліктері
1.2. Коммерциялық ШЖС қаржысын ұйымдастыру
1.3. Коммерциялық емес ШЖС қаржысының мазмұны және ұйымдастырылуы
2. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы – ҚР серпінді дамып келе жатқан компаниясының бірі ретінде
2.1. «Қазақтелеком» АҚ даму тарихы, құрылымы мен міндеттері
2.2. Акционерлік қоғамның инвестициялық жобалары
2.3. Қоғамның қор нарығындағы алар орны
3. ҚР «Қазақтелеком» АҚ даму перспективалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Шаруашылық жургізуші субъектілер қаржылары — қаржы жүйесінің біртұтастығын құрайтын бөлік. Олар қаржы жүйесінің негізгі және туынды бөлігін құрайды, себебі олар елдегі ақша қатынастарының маңызды саласын, нақты айтқанда, оның өнрістік емес салалар шығындарын, халық кажеттіліктерін қамтамасыз ететін көздер — ұлттық байлық, ұлттық табыс және жасалған қоғамдық өнімді алғаш бөлуді қамтиды.

«Шаруашылық жүргізуші субъектілер» ұғымы жинақталушы деп түсіндіріледі. Өйткені олар активтерді басқара алатын, экономикалық істерді жасай білетін және баска да бірліктермен операция жүргізе алатын экономикалық агенттерді әр денгейінде әр түрлі және көп тізімді жоғарғы басқару жүйесі мен төменгі экономикалық бірліктерге денгейлердің іс-әрекетін қамтиды. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің каржысының қолма-қолдылығы, мемлекет қаржысын тұтас алғандағы сияқты, экономикалық заңдардың жүзеге асуы мен тауар-ақша қатынасының болуына негізделген. Тауар-ақша қатынастары меншік түрлеріне байланысты қоғамдық еңбекті бөлумен алдын ала анықталады. Дербес тауар өндірушілер арасындағы еңбек бөлінісінің деңгейі әр түрлі дербес кәсіп орындардың болуын, олардың құрылымдық бөлулерінен бастап бөлек жұмысшы орнына дейін анықтайды. Дербес өндірушілер тауар қоятын көрсететін баға арқылы сатуы сатып алу жолымен өз еңбегінің нәтижесін, өнімдерді шығарады және айырбастайды. Тұрасымен алғанда, бұл қатынастар тауар- ақша қатынастары болып табылады.

Осы тақырыптың маңыздылығы – қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы шаруашылық жүргізуші субъектілері қаржыларының республика қаржы жүйесінде алар орны ерекше. Айтарлықтай, ШЖС қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық жіне материалдық емес игіліктер жасалады.

Курстық жұмыстың мақсаты:

—  Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысы мәнін, негізін, мақсаттарын айқындау;

—  ҚР «Қазақтелеком» АҚ қызметі, міндеттері мен халыққа қызмет көрсету саласындағы іс-шараларын көрсету ;

—  ҚР «Қазақтелеком» АҚ даму перспективалары.

Курстық жұмыстың міндеті:

—  ШЖС субъектілер қаржысы жайында толық көлемде мәлімет беру;

—  ҚР «Қазақтелеком» АҚ қызметін талдап, қызмет атқару негіздерін анықтау;

—  Қоғамның қор биржасындағы рөлін айқындай отырып, даму перспективаларын белгілеу.

Курстық жұмыстың зерттеу пәні – нарық жүйесіндегі ШЖС қаржысынің мәні мен қызметтері.

Курстық жұмыстың объектісі – Қазақстан Республикасындағы ШЖС қаржысы.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісінің негізгі жақтарын және оның экономикалык заңдар талабына сай болуын көрсетеді.   Олар   алдағы   уақытта   ұлттық   шаруашылықтын дамуына қажетті жинақтар мен ақшалай кірістерді пайдалану мен бөлуде қолданылады. Экономиканың дамуын шаруашылық жүргізуші субъектілердің салатын қаржыларынсыз елестету мүмкін емес, себебі ол экономиканы құруда күшті қаржы болып табылады. Өз кезегінде олар өндірістік қатынастардың    бөлігін   құрап,   баска   өндірістік   катынастармен   біріге отырып  төменгі   баскару   звеноларының   шаруашылык,   іс-әрекетінің  тіршілігіне  әсер  етеді.   Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің каржылары өздеріне мына қаржыларды қамтиды-  өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық, кұрылыс, көлік, жабдыктау, сауда, дайындау, халықты қажетті тұрмыс-заттармен камтамасыз ету, байланыс, коммуналдық қызметтер,  көптеген қаржылық,  несиелік,  сақтандыру,  ғылым, білім беру, медициналық, акпараттык, маркетингтік және де баска да коғамға пайдалы кызметтерді жүзеге асыратын кәсіпорын, фирма, қоғам, концерн, ассоциация; салалық министрліктер мен басқа да шаруашылық органдардың, шаруашылықаралык, салааралық, кооперативтік ұйымдар, мекемелер қаржылары арқылы іске асырылады.

Ұлттық шаруашылыктың әрбір саласының қаржылары сол саланың техникалық-экономикалық ерекшелігіне байланысты өзіндік өзгешелікке ие. Алайда экономикалық заңдардың біртұтастылығына, шаруашылық жүргізу қағидаларының ортақтығына сәйкес, барлық сала каржыларының, мазмұны мен негізгі кағидалары бірдей болып келеді. Мұның бәрі олардың барлығын «қаржы» категориясы сияқты функцияларды жүзеге асыратын шаруашылық  жургізуші субъектілердің қаржылары тәрізді субкатегорияға біріктірудің қажеттігін анықтайды.

Курстық жұмысты жазу барысында оқулықтар, газет-журналдармен қатар интернет желісі де пайдаланылды. Курстық жұмыста Қазақстан Республикасының ШЖС-нің қаржы қатынастары жөнінде мәліметтер келтірілген.

 Курстық жұмыс / 46 бет