Шартты рефлекстердің жасалуы туралы қазақша реферат
1. Шартты рефлекстерді жасау үшін қажетті ең негізгі жағдай – индифренттік (өздігінше осы реакцияны тудыра алмайтын, кез келген бөтен) тітіркендіру мен шартсыз, сол реакцияны міндетті түрде тудыратын тітіркендірудің әсер ететін уақытының бір-біріне дәл келуі (ұштасуы).
2. Бөтен тітіркендіргіш шартсыз тітіркендіргіштердің әсеті басталар алдында әсер етуі керек. Екі тітіркендіргіш әсері бір уақытта берілсе шартты рефлекстің жасалуы едәуір қиындайды. Ал алдымен шартсыз, одан кейін индифренттік тітіркендіргіш әсет етсе, шартты рефлекс алынғанмен, ол өте тұрақсыз болады. (Алдымен шартсыз, кейін бөтен тітіркендірумен әсер еткенде шартты рефлекстің жасалуының қиын болатын себебі, теріс индукция заңымен және шартсыз тітіркендірудің күшінен бөтен тітіркендіргіш күшінің кемдігімен түсіндіріледі).
Жасалған шартты рефлексті ұзақ уақыт сақтау үшін, оны мезгіл-мезгіл шартсыз тітіркендіргішпен бекітіп отыру қажет.
3. ми қыртысы клеткаларының жеткілікті жоғары қозғыштығы болуы керек. Ол үшін ми қыртысы түрліше басқа әсерлерден бос болу керек. Сонда ғана белгілі тітіркендіруге нерв клеткалары жоғары қозумен жауап бере алады.
4. Шартты рефлекс жасалу қолданылатын тітіркендіргіштің қасиеті мен күшіне де байланысты. Бөтен тітіркендіргіштің күші қыртыста қозу ошағын тудыруға жететін болуы керек. Бірақ шамадан тыс, артық та болмауы керек. Осындай жағдайда шартты рефлекс жасалмайды. Себебі, 1-ден ткріс индукция заңы бойынща шамадан жоғары қозу шартсыз тітіркендіруге қозу тууына кедергі жасауы мүмкін. 2-ден, өте күшті тітіркендіру әсерінен нерв клеткаларында тежелу тууы мүмкін (Павловша шектен тыс тежелу). Шартты рефлекстің жасалуы шартсыз тітіркендіргіштің күшіне де тікелей байланысты. Неғұрлым ол әлсіз болса, соғұрлым шартты рефлексті жасау қиындайды. Итті тәжірибе алдында тойғызса, шартты рефлекс жасауға қажет шартсыз тітіркендіргіш-тамақтың әсері итте жоғалады. Шартты рефлекс жасалмайды және керісінше.
Шартты рефлекстердің жасалу жылдамдығы жануардың жеке басына тән ерекшеліктеріне өте күшті байланысты болады. Бір жануардың өзінде де шартты рефлекс түрліше жылдамдықта алынады. Белгілі бір жағдайда жасалған 1-шартты рефлекс, сол жағдайда жасалатын 2- және 3-шартты рефлекстерден кеш алынады. Неғұрлым тітіркендіргіш жиі әсер етсе, соғұрлым шартты рефлекс тез алынады. Мұны түрлі дағдылардың (есеп шығару, жаттау, т.б.) қалыптасуында алатын орны зор.
Шартты рефлекстің жасалу жылдамдығы басқа да көптеген жағдайларға байланысты: қозу мен тежелу процестерінің бір-біріне қатынасы, бөтен және шартсыз тітіркендіргіштердің күштерінің қатынасы, қоршаған орта, ондағы өзгерістер, т.б.
Шартты рефлекстер тек шартсыз рефлекстердің ғана емес, сонымен қатар шартты рефлекстер негізінде де жасала алады. Мысалы, метрономның дыбысына тұрақты шартты сілекей ағу рефлексі жасалған дейік. Егер бірнеше рет итке 10 секундтай қара дақты көрсетіп, оның артынша (15 секундтан соң) метраномның дыбысын естіртсе (тамақ бермей-ақ), біраз уақыттан кейін, метрономның дыбысы ғана емес, қара дақты көрсетудің өзіне сілекей бөліне бастайды. Мұны Павлов 2-қатардағы шартты рефлекстер деп атады. Дәл осылай етіп 3-қатардағы шартты рефлексткрді де алуға болады. Бірақ оның жасалуы қиын.
Организмге әсер ететін кез келген тітіркендіргіш (көру, есту, дәм сезу, тактильдық, температуралық, ауыртқыш, т.б.) шарттыға айнала алады.
Шартты рефлекстер осы тітіркендіргіштің әсер етуіне, әсерәнің тоқтауына, әлсіреуіне, күшеюіне т.б. жасала алады.
Егер рефлекстер осы тітіркендіргіштің жеке әсер ететін ұзақтығын көбейте беріп, оны 2-3 минутқа жеткізсе, онда сілекейдің 1- тамшысының пайда болуы кешігеді. 3 минуттан соң барып шартсыз тітіркендірумен бекітсе, шартты тітіркендірудің алғашқы 1-2 минутында сілекей тіпті бөлінбейді. 2-минуттан бастап қана сілекейдің 1-тамшысы ағады. Мұны Павлов кешіккен рефлекс деп атады. Шартты рефлекс болып өткен тітіркендірудің ізіне де жасала алады. Мысала, бір минут бойы иттің терісін механикалық тітіркендіріп, содан соң 1 минуттай үзілістен кейін тамақтандырса, шартты сілекей ағу тері тітіркенген кезінде байқалмайды да, тек одан 1 минуттай өткен соң ғана басталады.
Мұндай рефлекстерді Павлов із (сүрлеу) рефлекстері деп атады.
Шартты рефлекстерді пропиорецепторлардан да алуға болады.(Н.И. Красногоркий). Аяқтың пассивті иілуін шартсыз сілекей ағу рефлексімен ұштастырса, сол иілудің өзі сілекейдің бөлуіне шартты сигнал бола алады.
К.М. Быков және оның қызметкерлері ішкі органдардың рецепторларын тітіркендіру арқылы да шартты рефлекстер алуға болатындығын экспериментальдық жолмен дәлелдеді. Мысалы, қарнына я қуығына фистула қойылған иттің осы мүшелерін желмен толтыруды (резеңке баллон арқлы) тамақ беруменг ұштастырса, біраздан соң жалғыз желмен толтырудың өзінше шартты сілекей ағу байқалады.
Шартты рефлексті уақытқа да жасауға болады. Павловтың зертханасында итке әрбір 30 минуттан кейін тамақ беріліп отырған. Осындай бірнеше тәжірибеден соң итке тамақ берілмесе де әрбір жарты сағаттан соң сілекей бөлінуі байқалып отырған.
Егер 30 минут өтісімен метрономның дыбысын естіртсе, одан соң тамақ берсе және осыны бірнеше рет қайталаса, біраздан соң метраномның дыбысын 10 минут өткен соң естіртсе, сілекейдің 1-2 тамшысы ғана ағады, 30 минут өткенде естіртсе – 10 тамшы болған. Тіпті 30 минуттық уақытқа жасалған шартты рефлекстің тұрақтылығы соншалық, егер метрономның дыбысы 28-29 минутта естіртілсе сілекей бөлінуі болмай, ал 30 минутта үнемі сілекей бөлініп отырған.
Табиғи ортада организмнің бір емес, бірнеше рецептарлары тітіркенеді. Осыған байланысты Павловтың зертханасында комплекстік тітіркендіргіштердің бір уақытта және бірінен соң бірі әсер етуіне шартты рефлекстер жасалуын зерттеу үшін әдейі тәжірибелер жүргізілді. Бұл рефлекстердің алынуы тітіркендіргіштердің күшіне байланысты анықталады. Егер 2 тітіркендіргіштің күші бірдей болса, шартты рефлекс ол екеуімен бірге әсер еткенде де және әр қайсысымен жеке әсер еткенде де алынады. Ал егер бірі екіншісінен басым болса, онда екеуі бір уақытқа әсер еткенде рефлекс алынбайды, алынса да нашар болады. Егер екі тітіркендіргіштің екеуінің жеке әсерлерін тамақпен бекітпей, ал бірге әсерін үнемі бекітіп отырса, онда біраздан соң жеке етілген әсерлерге сілекей ақпайды да, ал екеуі бір кезде әсер етсе сілекей бөлінеді.