Тақырыбы: «Ұлағат болсын ұлыма,
Ғибрат болсын қызыма».
Мақсаты:
Білімділік. Ата-бабамыздан ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық. Өлең, мақал-мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту, өз ұлтына деген сүйіспен.шілігін арттыру.
Тәрбиелік. Отбасы арасындағы байланыс, әкенің ұлға, шешнің қызға байланысы, бірін-*бірі сыйлай білеуге, қамқорлыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: киіз үйдің керегесі, жабдықтары, қанатты сөздер, мақал-мәтелде, ұлттық аспаптар, М.Мақатаевтың суреті, тұлпардың салынған суреті.
Сабақ түрі: Сайыс сабақ.
Кіріспе бөлім.
Әлеуметтік педагог.
Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,
Білім іздеп инемен құдық қазғандар.
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, ән де бүгін шырқалар.
Бастаушы:
Армысыздар, ақ жаулықты аналар,
Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Балғын шақты біз бақытты балалар!
Әлеуметтік педагог.
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар. Бүгін міне, алдарыңызда оқушылар мен ата-аналар даярлаған «Шаңырақ сыны» сайысын көруге шақырамыз. Бүгінгі сайысқа түсетін тобасы құрамының имүшелері:
1- топ «Парасат» жанұясы
2- топ «Ақбосаға» жанұясы.
Сайыс сабағымызды бастамас бұрын әділқвазылар алқасын сайлап алайық..
1.Мектеп директоры: Садықова А.Г.
2.Тәрбие ісінің меңгерушісі: Иманбаева Ж.Б.
3.Ата-аналар комитетінің төрайымы: Құрмашева Қ.П.
4.Аға оқытушы: Жиенбекова А.А.
Ал енді сайысымызды әрі қарай жалғастырайық.
Егеменді ел болып қалыптастық,
Өркениетке аяқты анық бастық.
Келешекте енді мін болмайды,
Салт-дәстүр, әдет-ғұрып танытпастық.
Бастаушы.
Кері кету есігін біз ашпайық,
Шаңыраққа ұранды біз тастайық.
Ең бірінші кезегіміз – беташар,
Ал, кәнекей «Шаңырақ» сынын бастайық.
«Беташар» әні орындалады.
1. Таныстыру.
Яғни екі топ өздерінің жанұя құрамымен таныстырады.
- Парасат
- Ақбосаға.
2 шарт. «Балаларын еркелету». Төрт түлік малға, құстарға байланысты.
(Сыныпта «Балдәурен» ансамблін, құрдық. Әр сайыстың арасында көрініс бағдарлама көрсетіп отырдық)
«Балдәурен» ансамблінің орындауындағы «Қызыл жалау» әні.
3 шарт. Панорамалық сәттер (тәрбиеге байланысты тосын сұрақ). «Ару ана» әні.
4 шарт. Бастаушы.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең мендей сүй!
Халық әндерін кім көп біледі?(Екі жанұя халық әндерін орындап кезек-кезек сайысқа түседі). Халық әндерін «Парасат» тобы бастайды, «Ақбосаға» тобы сол әнді аяқтайды
«Еламан» әні.
5 шарт. Әлеуметтік педагог.
Асқар таудың шыңдарына өрлер кім,
Аттанайық қиясына белдердің.
Ал,енді, кезек келді әкелерге,
Сайысын көрейік біз ерлердің.
— Ал, қанекей, «әкелер» сайысы (тұлпардың сынын сипаттау).
- Ер-тұрман — ат көркі
- Таудың көркі – тасы мен бұлағы, аттың көркі – құйрық-жалы, құлағы.
Музыкалық бағдарлама.
6 шарт.
«Әке көрген оқ жонар,
Шеше көрген тон пішер».
«Ананың – қызына, әкенің – ұлына тәрбиесі»
7 шарт
Шаңырақтарға жеңістерді әпердім,
Сонда да көп шарттарды әкелдім.
Кезек келді енді сайыс кезегі,
Сөз өнері – мақал менен мәтелдің.
Мақал-мәтел сайысы (ата-аналар – тәрбие туралы, балалары – оқу-білім туралы).
Музыкалық бағдарлама: «Біз өмірдің гүліміз» әні.
8 шарт «Өнер сайысы».
Бастаушы.
Жарайсыңдар, барлығың да өренім,
Асып бір төселсінші кемелің.
Риза болып, біздер қане көрелік,
Тамашалап «Шаңырақтың» өнерін.
Музыкалық бағдарлама: «Лағым менің».
9 шарт.
Ән-жырға, өлеңдерге төселермін,
Ақ жаулықты апаларға есе бердім.
Оу, халайық, көрейік біз ендеше,
Өнеге берер сайысын шщешелердің.
«Шебердің саусағы алтын» (сырмақ ою).
Музыкалық бағдарлама: М.Мақатаев «Шеше, сен бақыттысың» өлеңі.
10 шарт.
Дастарқан-ау, дастарқан,
Берекелі дастарқан,
Мерекелі дастарқан.
Әр жанұя өзінің мерекелік «Дастарқан мәзірімен» таныстыру. Әділқазылар сайыстың қорытындысын шығарғанша, «балдәурен» ансамблі музыкалық бағдарлама ұсынды.
Төле би ауданы
Қайнар орта мектебі.