Шаңғышы

Шаңғышы-жарысушының көптүрлі қимыл-қозғалысын жақсы түсіну үшін тұтас қимылдарды белгілі бір бөлімдерге бөліп қарастырған жөн. Шаңғы жүрісінің шаңғышылармен жиі қолданылатын негізгі тәсілдерінің бірі — жеке сырғанау адымдардан тұратын ауыспалы екі адымды жүріс. Қимыл фазалары деп шартты түрде аталған сырғанау адымының бөлімдері өзара жеке дене мүшелері қимылының сипаты жағынан емес, өзара байланысқан топтар жағынан бөлінеді.