Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе 3
1 ЖШС «Сұлтан» компаниясының құрылымы 4
1.1 ЖШС «Сұлтан» компаниясының негізгі саясаты 4
1.2 ЖШС «Сұлтан» компаниясының  шаруашылық қызметі 6
2 Кәсіпорынның мүліктік жағдайын талдау 7
2.1 Баланс баптарының серпіні мен құрылымың жалпы бағалау 7
2.2 «Сұлтан» ЖШС – тің  қазіргі  жағдайы 9
2.3 Кәсіпорынның рентабельділік коэфицентін талдау 13
2.4 Іскерлі белсенділікті талдау 16
2.5 Қаржылық тұрақтылығының интегралдық балдық бағасы 20
3 Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнсті дамытудың объективті қажеттілігі 20
3.1 Шағын және орта бизнес түсінігі 25
3.2 Шағын және орта бизнестің артықшылықтары мен ерекшеліктері 28
3.3 ҚР экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі 30
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А

Кіріспе

 Бітіру  жұмысы тақырыбының  өзектілігі.  Соңғы  жылдары   шағын  және  орта  бизнес  Қазақстан  Республикасының  экономикасындағы  ролі  артып  келе  жатыр. 2009 жылы Қазақстандағы шағын  және  орта бизнес  секторымен  өндірілген  жиынтық  өнімдердің  ЖІӨ — ге қатынасы  17 %  — ды құрады, ал 2009 жылы осы  сектор   субъектілерінің  бұл  макроэкономикалық   индикаторындағы   үлесі  20 % — дан астам  шамаға  жетті. Осы статистикалық  мәліметтер  көрсетіп  отырғандай  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  секторының қазақстан  экономикасындағы  маңыздылығы  барған  сайын салмақты  болып  келеді.  2009 жылғы  осы  сектордың ЖІӨ — ге қатынасының  болжамды  көсеткіш  деңгейі 30 % (бұл  көрсеткіш  бағдар  ретінде ҚР – ның  президентімен  өткен  жылы халыққа  жолдауында  қарастырылып, бекітілген).

Бәрімізге мәлім  кәсіпкерлік  секторы  экономиканың  диверсификациялауға, тұрақты  қарқындармен  дамытуға  мүмкіндік  береді. Осы  тенденция біздің  елімізде  қалыптаса  қойған  жоқ.  Сондай – ақ жоғарыдағы  үлестік  көрсеткіштер дамыған  мемлекеттердің  экономикасымен салыстырғанда   мардымсыз  болып  табылады. Мұндай  жағдайдың  қалыптасуы  мемлекеттік  реттеу  мен қолдауға  және  шағын  бизнес  пен  орта  кәсіпкерліктің  ішкі  және  сыртқы  орталарына  қатысты  әралуан  аспектілі   қиындықтары  мен  проблемаларына  байланысты.

Сондықтан   осы  ғылыми  жұмыстың  өзектілігі  жоғарыда  аталған  әртүрлі  аспектідегі проблемаларды  және  оларды  шешу  жолдарын  зерттеумен  анықталады.

Сонымен  қатар  шағын  жәнеи орта  бизнес  секторының  бүкіл  әлемдік  сауда  ұйымына (БСҰ) кіруіне  байланысты проблемаларды  зерттеу  осы  бітіру  жұмысының  өзектілігін  анықтайды.

Халықаралық  сыртқы  ортаға  қатысты  бүкіл  потенциялды қиындық  қазіргі  кезде  өте  белсенді  талқылануының  себебі, шағын  және  орта  бизнестің  тек  қана ішкі  рынокқа  бағдарлануына   байланысты  бәсекелік  қабілеттің  төмендігінде.  Сондықтан егер  біздің  еліміз БСҰ – ына кірсе, онда  осы  сектордың  елімізде  экономикамызды  әртараптандыруға  мүмкіндігі  болмай  қалады. Осыған орай осы әлемдік  ұйымға  кірер  алдында  осы сектордың  бәсекелік  қабілеттерін  жоғарлатуға  бағытталған. Дамыту  жолдарын зерттеу жоғарыда  аталғандай,  осы  зерттеу  жұмысының  тақырыбының  өзектілігін  баянды  етеді.

Бітіру  жұмысының  мақсаты. Шағын  және   орта  кәсіпкерліктің  дамуында  кедергі  болып  тұрған  проблемаларды  қарастырып, оларды шешу  жолдары  арқылы  осы  секторды  дамыту  жолдан  зерттеу  болып  табылады.

Зерттеу  жұмысының  мәні.  Бұл ғылыми  жұмыстың  зерттеу  пәні  ҚР – дағы шағын  және  орта  бизнес  секторының  субъектілері мен  олардың  қызметтерінің  жағдайын (яғни кәсіпкерліктің  объектісін) зерттеу, сондай – ақ осы сектордың  дамуындағы  проблемалар. Сондай – ақ «Сұлтан» ЖШС –і.

Бітіру жұмысының  міндеттері:

—   шағын  және орта  бизнестің  экономикалық  жүйедегі  дамытудың  варианттарын  зерттеу  арқылы ролін  қарастыру;

—   шағын және  орта  бизнес  субъектілерінің  түрлі  аспектідегі  қиындықтары  мен  проблемаларын  терең  талдау  мен  сипаттамаларын  бітіріп  кету;

—   терең  талдау  негізіндегі  проблемаларды  шешу  жолдарын  зертеу  арқылы  ҚР –дағы  шағын  және  орта  бизнес субъектілерін  дамыту  жолдарын  әзірлеу.

Бітіру  жұмысының  маңыздылығы. Бұл  ғылыми  жұмыстың  теориялық  маңыздылығы  қазіргі  жағдайда  өте  жоғары.  Сондай – ақ бұл  бітіру  жұмысныда  тәжірибелік  маңыздылығы  да  бар. Оның  тәжірибелік  маңыздылығы  қазіргі  таңдағы шағын  және  орта  бизнестің  қамтуындағы  проблемалармен  қиындықтарды  шешу  жолдарының шынайы  өмірге,  жүзеге  асырулары  бойынша  рекомендацияларды  ұсынумен   анықталады.

Сонымен  бірге  2.2. сұрағындағы «Сұлтан» серіктестігінің қаржылық – экономикалық  жағдайын  талдауды  несиелік  ресурстарды  тартуға  қолданудың  мүмкіндігі де осы  бітіру  жұмысының  тәжірибелік  маңыздылығын анықтайды.

курстық жұмыс / 30 бет