Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы қазақша реферат
АҚ “Банк Центр Кредит” Европалық Даму және Қайта құру Банкісінің шағын бизнесті несиелеу программаларына, «CROSSROADS» Азиаттық Несиелік Компанияның программаларына қатысады. Сондықтан да, АҚ “Банк Центр Кредитте” шағын және орта бизнесті несиелеу бөлімі құрылды. Несиелеу Европалық Даму және Қайта құру Банкісі жасаған регламент бойынша жүзеге асырылады.
Шағын бизнесті несиелеу программасының негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлерін және шағын кәсіпорындарын қаржыландырудың тұрақты көзін құру.
Бұл программа Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Жезқазған, Петропавл, Шымкент, Орал, Павлодар, Қызылорда, Астана, Тараз, Костанай, Семей, Талдықорған, Рудный, Қарағанды, Сатпаев, Кульсары, Жаңаөзен, Теміртау, Риддер, Зырьяновск, Степногорск қалаларында жүргізілуде.
Программа бойынша несиенің 6 түрі беріледі:
Несие түрі | Сомма(АҚШ долларымен) | Сомма(теңге) | Мақсаты | Мерзімі | Кепіл |
Экспресс кредит | 100-5000 | 750 000 дейін | Айналым құралдарын толықтыру, инвестициялық мақсаттар | 12 айға дейін | Жылжитын мүлік |
Микро кредит | 10 000 дейін | 1 500 000 дейін | Айналым құралдарын толықтыру, инвестициялық мақсаттар | 48 айға дейін |
Жылжитын жылжимайтын мүлік. |
Малый кредит | 200.000 дейін | 1.500.000 -30.000.000 | Айналым құралдарын толықтыру, инвестициялық мақсаттар | 84 айға дейін | |
Медиум кредит | 200.001-1.000.000 | 30.000.001 -150.000.000 | Айналым құралдарын толықтыру, инвестициялық мақсаттар | 25 жылға дейін | |
Коммерциялық авто несиелеу | 200.000 дейін | 30.000.000 дейін | Авто сатып алу | 60 айға дейін |
Сатып алынған және жылжитын мүлік |
Коммерциялық ипотека | 1.000.000 дейін | 150.000.000 дейін | Коммерциялық мүлікті, жер учаскілерін сатып алу | 25 жылға дейін |
«CROSSROADS» Азиаттық Несиелік Компанияны программасының жүзеге асыру мерзімі-1995 жылдың қаңтарынан бастап, міндеттемесін орындағанға дейін. Программаларының мақсаты Қазақстан Республикасында заңды тұлғаларының шағын және орта бизнес субъектілерін дамыту. Несиелер 50 000-500 000 АҚШ доллары сомасында, 3 жыл мерзімге, жылдық 18% -ке айналым құралдарын толықтыру үшін, құрал-жабдықтарды сатып алуға және т.б. мақсаттарға беріледі.