Шағын кәсіпкерлікті қолдап қуаттау шаралары курстық жұмыс

Жоспар

Кіріспе
І- Бөлім. Кәсіпкерліктің даму эволюциясы
1.1.Кәсіпкерліктің қызметінің мәні және негізгі ерекшеліктері
1.2.Кәсіпкерлік түрлері, олардың өзара настары және бизнеске қатынасудағы өзгешеліктер
1.3.Шағын кәсіпкерлік – ұлттық экономиканы дамытудың маңызды шарты
1.4.Кәсіпкерліктің экономикалық мәні

ІІ-Бөлім. Шағын бизнесті басқарудың жүйелік тәсілі
2.1.Макродеңгейдегі кәсіпкерлік
2.2.Шағын бизнес қызметінің тиімділігін бағалау критерийлері
2.3.Шағын бизнестің ұйымдық – құқықтық базасы
2.4.ҚР –ғы шағын бизнес жағдайын талдау

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер 
Қосымша

Кіріспе

Қазақтан экономикасы әкімшіл-әміршілдіктен нарықтық экономикаға өтудің қиын кезеңінде. Негізінен ТМД елдерінің үкіметтері  нарықтық қайта құруларда іске асыру үшін қажетті, мұнадай бағыттарды ұстануда- меклекеттік меншікті жекешелеңдіру, қаржылық, несиелік саясат, құнды қағаздар нарығын құру, жалпы нарықтық инфроқұрылымды қалыптастыру. Кезек күттірмейтін шаралар қатарында кәсіпкерлік қызметті қолдау, шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері тұр.

Экономикалық дамудың экономикалық моделі қазіргі заманғы экономикалық даму теорияларының арасында ең соңғы орында емес, оның мәні-экономика жағдайын жақсартуда, жаңа шағын және орта кәсіпорындардың үлкен потенциалы бар екендігінде. Осы теорияға сәйкес мемлекет кәсіпкерлік белсенділікті ынталандырудың жеткілікті дәрежеде тиімді және оңтайлы әдістерін табуы тиіс. Өтпелі экономика кезеңінде экономикалық дамудың кәсіпкерлік моделі жалпы экономиканы сауықтырудың маңызды факторы және дағдарыстан шығу жолындағы алғашқы қадам болып табылуы мүмкін.

Кәсіпкерлікті дамыту саласында метадологиялық дәрежеде шетелдік, атап айтқанда, американдық ғалымдармен көптеген зерттеулер жасалған. Бұл осы елдің жағын кәсіпкерлікті дамытуды 200 – жылдық тарихы бар екендігін көрсетеді. Бүгінгі таңда АҚШ – та 20 миллионнан астам кәсіпорын бар және олардың 6% -і шағын және орта бизнеспен шұғылданатын кәсіпорындар. Дәл осы шығын кәсіпкерлікті басқару проблемасын дамытуға Д. Лонгенеко, У. Петти, К. Моор сияқты американдық ғалымдар үлкен үлестерін қосты.

Кәсіпкерлік дамытудың теориялық және методологиялық мәселелері отандық, сондай-ақ, шетелдік ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапты. Дегенмен бұл салада жасалған жұмыстардың бар екендігіне қарамастан, ол жұмыстарда негізінен, кәсіпкерлік қызметін дамытудың жалпы экономикалық көзқарастыры ғана қарастырылғандығын айтуымыз керек. ХІХ – ғасырдың басында Жан Батист Сэй кәсіпкелікті жер, еңбек және капиталмен  бірге негізгі өндіріс факторларының бірі ретінде қарастырған. Көптеген жылдар бойы экономист ғалымдар еңбек, жер және қаржы ресурстарын басқару проблемаларымен шұғылдануда. Бірақ, кәсіпкерлікті басқару мәселесі негізгі өндіріс факторы ретінде әлі күнге дейін бірінші орынға қойылған жоқ. Бұл зеттеуде менеджмент (басқару) тұрғысынан кәсіпкерлікті дамытудың концепциялық әдісі талданады.

Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның еңбектерінде баяндалды. Кейінгі  250 жыл ішінде кәсіпкерлік теория әр түрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік – бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.

Алғашқы “кәсіпкерлік” термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәуекел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды. Мысалы, 1725 жылы Контиллион кәсіпкерлікт, өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырылды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер  мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушыларды ажыратып отырды. Ол кәспкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жұмыс істеу қанағаттандырылмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллилонның пікірінше, кәсіпкерлердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеулері.

Сонымен қатар 1776 жылы Адам Смит өзінің «Халық байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу» атты еңбегін жазғанда, ол негізгі өндіріс факторларын бөліп көрсетті: жер, еңбек, капитал, бірақ кәсіпкердің ролі туралы ештеме айтылмады. Тек 1810 жылы Жан Батист Сэй алғашқы рет кәсіпкерліктің ролі мен мәнін негізгі өндіріс факторларының бір дәрежесіне дейін көтерді, ол индустриялық төңкеріспен қатар кәсіби менеджменттік төңкерістің де сап ете қалатынын айтты.

Сэйдің айтуы бойынша «Өндіріс шеберлері» келесі қасиеттер мен дарындарға ие болуы қажет:

—    төлем қабілетті, тәртіпті, сақ, адал және тұрақты болуы;

—    қарыз түрінде капитал тарта білу және несиені уақытында қайтара білу;

—    өз бойына әділеттілік, бизнесті жете білушілік пен

—    табандылық сияқты моралдық қасиеттерді қалыптастыру;

 Курстық жұмыс / 38 бет